Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 119 өкімі.

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 257 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитет құрамына мына адамдар енгізілсін:


      Қырғыз Республикасынан


Абылгазиев
Таалайбек Кыдыралиевич

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасының орынбасары
 

Ильясова
Нұржамал Сатаровна

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік қызметі Құқық басқармасының басшысы
 

Исабаева
Зина Беккелдиевна

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Зияткерлік меншік және инновациялар мемлекеттік қызметі төрағасының орынбасары
 

Курманова
Айдай Эркиновна

Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің статс-хатшысы
 

Мадяров
Тимур Мысырович

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Жедел басқармасының басшысы
 

Сариев
Эрнис Осмонкулович

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі Кеден ісін ұйымдастыру басқармасының кедендік ресімдеу бөлімінің бас инспекторы
 

Сулайманов
Азамат Талапбекович

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бірінші орынбасары


      Ресей Федерациясынан


Лещенко
Сергей Николаевич

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Әлеуметтік даму және инновациялар департаменті директорының орынбасары
 

Пирумов
Григорий Ульянович

Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары – статс-хатшы;
 


      б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:


Ивлиев
Григорий Петрович

Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызмет басшысы
 

Лихачев
Алексей Евгеньевич

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары;
 


      в) Кирий Л.Л. консультативтік комитет құрамынан шығарылсын.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Евразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы Т.Валовая

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады