1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 257 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитет құрамына мына адамдар енгізілсін:
Армения Республикасынан | |||
Азизян | - |
Армения Республикасы Экономика министрлігінің Зияткерлік меншік агенттігінің бастығы | |
Мелконян | - | Армения Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары | |
Хачикян | - | Армения Республикасы Экономика министрлігінің Зияткерлік меншік агенттігі бастығының орынбасары | |
Беларусь Республикасынан | |||
Балтрукович | - | Беларусь Республикасының Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары | |
Крутой | - | Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары | |
Қазақстан Республикасынан | |||
Баймұханова | - | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Кедендік бақылау департаментінің директоры | |
Жантасов | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі басқарма басшысы | |
Қазиева | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты Тауар белгілеріне халықаралық өтінімді сараптау басқармасының бастығы | |
Мәмбетәлин | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кедендік әкімшілік жүргізу департаментінің директоры | |
Радостовец | - | "Кен өндіру және кен-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры | |
Сауранбаев | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кедендік әкімшілік жүргізудепартаментінің сарапшысы | |
Сукуров | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Өкілдігінің директоры | |
Ресей Федерациясынан | |||
Евтухов | - | Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары - статс-хатшы | |
Кирий | - | Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы; |
б) Қазақстан Республикасынан Консультативтік комитет мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:
Естаев | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі департаментінің директоры; |
в) Брытков Ю.А., Демидов Л.В., Филонов А.В., Доскенов Т.К., Қазантаев С.М., Сиротина М.Н., Сұлтанов Р.С., Никитин Г.С. және Симонов Б.П. Консультативтік комитет құрамынан шығарылсын.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В. Христенко |