Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 4 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастамаларды пысықтау тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастамаларды пысықтауға сұрауды қалыптастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналар:
қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастамаларды пысықтауға сұрауды қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында орналастырылатын бастама туралы ақпаратты ұсынудың электрондық форматы және құрылымын толтыру арқылы жүзеге асырылады;
бастамаларды басқару офисі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасына Тәртіптің 28-тармағына сәйкес Тәртіпке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар бастамаларын басқару процесін бақылау және мониторингі нәтижелері негізінде осы Шешім күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде ұсынылады деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 ақпандағы № 29 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастама туралы ақпаратты ұсынудың
ФОРМАТЫ және ҚҰРЫЛЫМЫ
Бастаманың атауы ______________________________________________________________________________________________________ |
Ақпараттық блок | Бастамашының ақпараты |
1. Проблемалар және мүдделі тұлғалардың мұқтаждықтары | |
2. Ұсыныстың мақсаты және шешім | |
3. Қолданыстағы практика, жобалар және баламалар | |
4. Тәуекелдер | |
5. Мақсатқа қолжеткізу нәтижелері/критерийлері | |
6. Реттеу және қолдау | |
7. Каналдар және өрістету | |
8. Негізгі әріптестер | |
9. Негізгі кезеңдер | |
10.Негізгі ресурстар | |
11. Бюджет/шығын |
Ескерту. Форматты және құрылымды толтыру арқылы ұсынылатын ақпараттық үлгілік мазмұны мына кестеде берілген:
Ақпараттық блок | Бастамашыға арналған сұрақтар | Ақпараттың мазмұны | ||
1. Проблемалар және мүдделі тұлғалардың мұқтаждықтары |
Бастаманы іске асырудың мүдделі тараптары кімдер болып табылады? | Бастамаларды пысықтау процесінде және оны іске асыру нәтижесінде мүдделері қозғалуы мүмкін, тарту және қызмет көрсету көзделетін тұтынушылар топтары және мүдделі тараптар көрсетіледі, сондай-ақ мүдделі тараптардың және тұтынушылар тобының проблемалары мен мұқтаждықтары сипатталады | ||
2. Ұсыныстың мақсаты және шешім |
Сіздің ұсынысыңыз неден тұрады? | Ұсыныстың мақсаты мен мәні анықталады. Ұсыныстың мүдделі тараптар мен тұтынушылардың проблемалары мен мұқтаждықтарына сәйкес келетін мақсаттары анықталады. Ұсыныстар инновациялық болуы не нарықтағы қолданыстағы ұсыныстардың түрлендірілуін ұсынуы мүмкін. Талдау нәтижелері оларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастаманы бағалау критерийлеріне сәйкес ұсынылады. | ||
3. Қолданыстағы практика, жобалар және баламалар | Бүгінгі таңда қандай анықталған проблемалар шешілуде? | Бастама саласындағы халықаралық тәжірибенің талдау нәтижелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тәжірибесі, бұрын іске асырылған жобалардың, сондай-ақ баламалардың басымдықтары мен кемшіліктерін талдау нәтижелері сипатталады. Шешімді Еуразиялық экономикалық одақта жарамдылығын бағалау беріледі. Баламалар ретінде бастамашы көрсеткен проблемаларға ұқсас проблемаларды шешетін қолданыстағы жүйелер қаралады. | ||
4. Тәуекелдер |
Бастаманы іске асыру нәижесінде қандай жағымсыз салдарлар болуы мүмкін? | Жағымсыз салдарлар көрсетіле отырып негізгі тәуекелдер сипатталады. Тәуекелдер нәтижелерге қол жеткізе алмауға және кері әсерлердің туындауына алып келуі мүмкін факторлардың ықтимал жағымсыз қорытындысы, ықпалының нәтижесі болып табылады. | ||
5. Мақсатқа қолжеткізу нәтижелері/критерийлері |
Бастаманы іске асырудан қандай нәтижелерді алу күтіледі? | Бастаманы іске асыру нәтижесінде күтілетін істің ағымдағы жағдайына қатысты жақсару, өзгерістер сипатталады. | ||
6. Реттеу және қолдау |
Шешім қабылдайтын мүдделі тараптардан қандай келісулер мен қолдау қажет? | Бастаманы іске асыру үшін қажетті құқықтық өрістегі өзгерістер сипатталады, бастаманың қызмет саласына ықпал ететін қолданыстағы құқықтық өріске талдау жүргізіледі, қажетті құқықтық өрісті құруға бағытталған және тиісті шешімдер қабылдауға уәкілетті мүдделі тараптардың қатысуымен іске асырылады іс-шаралар кешені анықталады | ||
7. Каналдар және өрістету |
Мүдделі тараптар мен тұтынушылар топтары үшін қандай өзара іс-қимыл каналдары қажетті болар еді? |
Ұсынылатын шешімді және нәтижелерді мүдделі тараптарға, тұтынушылар топтарына жеткізу тәсілдері сипатталады | ||
Сіз Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланасыз ба? | ||||
8. Негізгі әріптестер |
Сіздің әріптестеріңіз кімдер? | Олардың арқасында бастама іске асырылатын әріптестер мен жеткізушілер (соның ішінде жеке және мемлекеттік компаниялар (бизнес-бірлестіктерді, консорциумдарды, одақтарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекеттік билік органдары және т.б.) көрсетіледі. Әріптестер және жеткізушілер деп ресурстардың, соның ішінде технологиялардың иелері, қызмет көрсету провайдерлері түсіндіріледі. | ||
9. Негізгі кезеңдер |
Бастаманы қалай іске асыру көзделеді? | Бастаманы іске асыру және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті негізгі кезеңдер және іс-қимылдар сипатталады | ||
10. Негізгі ресурстар | Проблемаларды шешу және ұсыныстың мақсаттарына қол жеткізу үшін қандай негізгі ресурстар қажет? | Бастаманы іске асыру үшін қажетті неғұрлым маңызды активтер сипатталады. Негізгі ресурстар материалдық, зияткерлік ресурстарды, порсонал мен қаржыны қамтиды | ||
11. Бюджет/шығын |
Бастаманы іске асыру қандай бағалау бюджетін болжайды? | Бастаманы іске асыру мерзімдері ескеріле отырып бағалау бюджеті немесе өзгермелі немесе тұрақты бағалау шығындары анықталады. Жоба бюджетінің кезеңі 3 – 5 жылдан артық болмауы тиіс. |