Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастама туралы ақпаратты ұсынудың форматы және құрылымы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 ақпандағы № 29 шешімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 4 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастамаларды пысықтау тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастамаларды пысықтауға сұрауды қалыптастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастамаларды пысықтауға сұрауды қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында орналастырылатын бастама туралы ақпаратты ұсынудың электрондық форматы және құрылымын толтыру арқылы жүзеге асырылады;

      бастамаларды басқару офисі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасына Тәртіптің 28-тармағына сәйкес Тәртіпке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар бастамаларын басқару процесін бақылау және мониторингі нәтижелері негізінде осы Шешім күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде ұсынылады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 29 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастама туралы ақпаратты ұсынудың
ФОРМАТЫ және ҚҰРЫЛЫМЫ


Бастаманың атауы ______________________________________________________________________________________________________
Бастаманы ұсынған ұйым ________________________________________________________________________________________________
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет ___________________________________________________________________________
Жауапты тұлға__________________________________________________________________________________________________________
Жауапты тұлғаның байланыс деректері _____________________________________________________________________________________
 


Ақпараттық блок

Бастамашының ақпараты


1. Проблемалар және мүдделі тұлғалардың мұқтаждықтары


2. Ұсыныстың мақсаты және шешім


3. Қолданыстағы практика, жобалар және баламалар


4. Тәуекелдер


5. Мақсатқа қолжеткізу нәтижелері/критерийлері


6. Реттеу және қолдау


7. Каналдар және өрістету


8. Негізгі әріптестер


9. Негізгі кезеңдер


10.Негізгі ресурстар


11. Бюджет/шығын


      Ескерту. Форматты және құрылымды толтыру арқылы ұсынылатын ақпараттық үлгілік мазмұны мына кестеде берілген:

Ақпараттық блок

Бастамашыға арналған сұрақтар

Ақпараттың мазмұны




1. Проблемалар және мүдделі тұлғалардың мұқтаждықтары

Бастаманы іске асырудың мүдделі тараптары кімдер болып табылады?
Қандай тұтынушылар тобын атап көрсетуге болады?
Қазіргі уақытта мүдделі тараптар мен тұтынушылардың қандай проблемалары бар?

Бастамаларды пысықтау процесінде және оны іске асыру нәтижесінде мүдделері қозғалуы мүмкін, тарту және қызмет көрсету көзделетін тұтынушылар топтары және мүдделі тараптар көрсетіледі, сондай-ақ мүдделі тараптардың және тұтынушылар тобының проблемалары мен мұқтаждықтары сипатталады

2. Ұсыныстың мақсаты және шешім

Сіздің ұсынысыңыз неден тұрады?
Бастаманы іске асыру мүдделі тараптар мен тұтынушылардың қандай проблемаларын шешеді?
Тұтынушылар топтарының мұқтаждықтарын қандай өнімдер (көрсетілетін қызметтер) қанағаттандырады?
Бастаманы іске асыру интеграцияға қалай ықпал ететін болады?
Ұсыныстың қандай элементтерін оңай көшіріп алуға немесе сатып алуға болмайды?
Сіздің мүдделі тараптардың ұқсас проблемаларын шешу тәжірибеңіз бар ма?
Сіздің бастамаңыз Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастаманы бағалау критерийлеріне сәйкес келе ме?
Сіздің бастамаңыз Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарына сәйкес цифрлық экономиканың қандай бағытына жатады?

Ұсыныстың мақсаты мен мәні анықталады. Ұсыныстың мүдделі тараптар мен тұтынушылардың проблемалары мен мұқтаждықтарына сәйкес келетін мақсаттары анықталады. Ұсыныстар инновациялық болуы не нарықтағы қолданыстағы ұсыныстардың түрлендірілуін ұсынуы мүмкін. Талдау нәтижелері оларды пысықтауды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастаманы бағалау критерийлеріне сәйкес ұсынылады.

3. Қолданыстағы практика, жобалар және баламалар

Бүгінгі таңда қандай анықталған проблемалар шешілуде?

Бастама саласындағы халықаралық тәжірибенің талдау нәтижелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тәжірибесі, бұрын іске асырылған жобалардың, сондай-ақ баламалардың басымдықтары мен кемшіліктерін талдау нәтижелері сипатталады. Шешімді Еуразиялық экономикалық одақта жарамдылығын бағалау беріледі. Баламалар ретінде бастамашы көрсеткен проблемаларға ұқсас проблемаларды шешетін қолданыстағы жүйелер қаралады.

4. Тәуекелдер

Бастаманы іске асыру нәижесінде қандай жағымсыз салдарлар болуы мүмкін?
Бастаманы іске асырудан бас тарту нәтижесінде қандай жағымсыз салдарлар болуы мүмкін?
Мақсатқа қол жеткізуге қандай тәуекелдер елеулі ықпал етуі мүмкін?

Жағымсыз салдарлар көрсетіле отырып негізгі тәуекелдер сипатталады. Тәуекелдер нәтижелерге қол жеткізе алмауға және кері әсерлердің туындауына алып келуі мүмкін факторлардың ықтимал жағымсыз қорытындысы, ықпалының нәтижесі болып табылады.

5. Мақсатқа қолжеткізу нәтижелері/критерийлері

Бастаманы іске асырудан қандай нәтижелерді алу күтіледі?
Бастаманы іске асырудың табыстылығы қалай өлшенеді?

Бастаманы іске асыру нәтижесінде күтілетін істің ағымдағы жағдайына қатысты жақсару, өзгерістер сипатталады.

6. Реттеу және қолдау

Шешім қабылдайтын мүдделі тараптардан қандай келісулер мен қолдау қажет?
 
Мүдделі тараптармен қандай қарым-қатынас орнатылған?
Бастама Еуразиялық экономикалық одақта қолданыстағы құқықтық реттеуге сүйене ме?

Бастаманы іске асыру үшін қажетті құқықтық өрістегі өзгерістер сипатталады, бастаманың қызмет саласына ықпал ететін қолданыстағы құқықтық өріске талдау жүргізіледі, қажетті құқықтық өрісті құруға бағытталған және тиісті шешімдер қабылдауға уәкілетті мүдделі тараптардың қатысуымен іске асырылады іс-шаралар кешені анықталады

7. Каналдар және өрістету

Мүдделі тараптар мен тұтынушылар топтары үшін қандай өзара іс-қимыл каналдары қажетті болар еді?
Бастама қандай инфрақұрылымның базасында іске асырылатын болады?
Қазір мүдделі тараптармен, тұтынушылар топтарымен өзара іс-қимыл қалай жүзеге асырылуда?

Ұсынылатын шешімді және нәтижелерді мүдделі тараптарға, тұтынушылар топтарына жеткізу тәсілдері сипатталады
 


Сіз Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланасыз ба?
Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бастаманы басқа жобалармен интеграциялау қажеттілігі немесе мүмкіндігі бар ма?


8. Негізгі әріптестер

Сіздің әріптестеріңіз кімдер?
Сіздің жеткізушілеріңіз кімдер?
Сіз әріптестерден қандай ресурстар аласыз?
Сіздің әріптестеріңіз қандай қызметпен айналысады?
Тәуекелдерді азайту немесе негізгі ресурстарды алу үшін Сізге өзара іс-қимылдың қандай нысаны оңтайлы?

Олардың арқасында бастама іске асырылатын әріптестер мен жеткізушілер (соның ішінде жеке және мемлекеттік компаниялар (бизнес-бірлестіктерді, консорциумдарды, одақтарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекеттік билік органдары және т.б.) көрсетіледі. Әріптестер және жеткізушілер деп ресурстардың, соның ішінде технологиялардың иелері, қызмет көрсету провайдерлері түсіндіріледі.

9. Негізгі кезеңдер

Бастаманы қалай іске асыру көзделеді?
Бастама қандай тізбектілікте іске асырылатын болады?

Бастаманы іске асыру және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті негізгі кезеңдер және іс-қимылдар сипатталады

10. Негізгі ресурстар

Проблемаларды шешу және ұсыныстың мақсаттарына қол жеткізу үшін қандай негізгі ресурстар қажет?

Бастаманы іске асыру үшін қажетті неғұрлым маңызды активтер сипатталады. Негізгі ресурстар материалдық, зияткерлік ресурстарды, порсонал мен қаржыны қамтиды

11. Бюджет/шығын

Бастаманы іске асыру қандай бағалау бюджетін болжайды?
Қандай негізгі ресурстар неғұрлым құнды?
Қандай негізгі кезеңдер неғұрлым көп шығысты талап етеді?

Бастаманы іске асыру мерзімдері ескеріле отырып бағалау бюджеті немесе өзгермелі немесе тұрақты бағалау шығындары анықталады. Жоба бюджетінің кезеңі 3 – 5 жылдан артық болмауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады