Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Өздігінен жүретін жол-құрылыс машинасы болып табылатын, кескіші бар жоңғыш-араластырғыш барабанмен және тұтқыр құрауыш пен суды шашу үшін таратушы рампалармен жарақтандырылған, жол жамылғысын (мысалы, асфальтты, асфальтбетон жамылғыны, топырақ қабатын және т.б.) кесуге (жонуға), оны ұсақтауға, тұтқыр құрауышпен және сумен араластыруға, алынған қоспаны кейіннен жаңа жол табаны түрінде төсеуге және тегістеуге арналған ресайклер сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 10 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |