Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес ресайклерді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 165 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Өздігінен жүретін жол-құрылыс машинасы болып табылатын, кескіші бар жоңғыш-араластырғыш барабанмен және тұтқыр құрауыш пен суды шашу үшін таратушы рампалармен жарақтандырылған, жол жамылғысын (мысалы, асфальтты, асфальтбетон жамылғыны, топырақ қабатын және т.б.) кесуге (жонуға), оны ұсақтауға, тұтқыр құрауышпен және сумен араластыруға, алынған қоспаны кейіннен жаңа жол табаны түрінде төсеуге және тегістеуге арналған ресайклер сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 10 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады