Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 174 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес әзірленді:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестерді сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы №63 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу туралы" 2018 жылғы 6 наурыздағы № 35 шешімі.
2. Осы Қағидалар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізілім, жалпы процесс) іске асыруды ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды технологиялық жобалауды және жоспарлауды орындау үшін негіз болып табылады.
3. Жалпы процесті іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) IV бөлімінің 21-тармағында көзделген.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде айқындалған мәндерде қолданылады.
ІІ. Мақсаттары мен міндеттері
5. Осы жалпы процесті іске асырудың мақсаты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы № 35 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес Бірыңғай тізілімді қалыптастыру, жүргізу және оның мәліметтерін пайдалану негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың тиімді қорғалуын қамтамасыз етуі болып табылады.
6. Жалпы процесті іске асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) өтініш беруші мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) арасында мынадай:
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізу үшін мәліметтер ұсыну;
Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін, соның ішінде қорғау мерзімін ұзарту мақсатында мәліметтер ұсыну;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімнен шығару үшін мәліметтер ұсыну процестеріндегі ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
2) зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізу үшін, сондай-ақ Бірыңғай тізілімге енгізілген өзгерістер (толықтырулар) (зияткерлік меншік объектілерін енгізу, зияткерлік меншік объектілерін шығару, зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру)) туралы орталық кеден органдарын хабардар ету мақсатында өтініш беруші ұсынған мәліметтерді қарау процесінде Комиссия мен орталық кеден органдарының арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) Бірыңғай тізілімдегі мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталында жариялауды, сондай-ақ Бірыңғай тізілімнен алынып жарияланатын мәліметтерді сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға (бұдан әрі – мүдделі тұлғалар), оның ішінде олардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен сұрау салулар бойынша ұсынуды қамтамасыз ету;
4) мыналардың:
өтініш беруші мен Комиссияның;
Комиссия мен орталық кеден органдарының арасында электрондық құжаттар алмасудың іске асырылуын қамтамасыз ету;
5) жалпы процесс пен тізбенің IV бөлімінің 22-тармағында іске асырылуы көзделген "Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану" жалпы процесінің арасындағы интеграцияны тіркелген тауар белгілері, Одақтың қызмет көрсету белгілері (бұдан әрі – өзара байланысты жалпы процесс, Одақ тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі) туралы өзекті ақпарат және осы тіркеуді растайтын құжаттар туралы ақпарат беру бөлігінде қамтамасыз ету.
7. Жалпы процесті іске асыру кезінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген міндеттерді шешу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуға тиіс.
8. Жалпы процесті іске асырудың бірінші кезеңінде осы Қағидалардың 6-тармағының 1 – 3-тармақшаларында айқындалған міндеттерді шешу қамтамасыз етілуге тиіс.
9. Келесі кезеңдерде шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының арасында, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен Комиссияның арасында трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау және оларды интеграцияланған жүйе шеңберінде іске асыру, сондай-ақ өзара байланысты жалпы процесті қолданысқа енгізу кезінде электрондық құжаттармен алмасу тәртібін реттейтін Одақ құқығындағы нормалардың айқындалуына қарай осы Қағидалардың 6-тармағының 4 – 5-тармақшаларында айқындалған міндеттерді шешу қамтамасыз етілуге тиіс.
ІІІ. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар
10. Жалпы процестің шеңберінде Бірыңғай тізілімді қалыптастыру, жүргізу және оның мәліметтерін пайдалану кезінде мыналар:
өтініш беруші (құқық иеленуші (зияткерлік меншік объектісіне айырықша құқықты иеленетін тұлға) немесе құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушілердің) мүдделерін білдіретін және өтініш немесе өзге де өтінім беретін мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тұрақты тұратын (тіркелген) жері бар тұлға);
Комиссия (құзыретіне зияткерлік меншік саласындағы мәселелер жататын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі);
орталық кеден органдары;
мүдделі тұлғалар ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар (бұдан әрі – жалпы процеске қатысушылар) болып табылады.
11. Жалпы процесті іске асыру барысында өтініш беруші мынадай функцияларды жүзеге асырады;
1) Комиссияға мынадай электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін ұсыну:
Регламентте айқындалған зияткерлік меншік объектілерінің түрлеріне қатысты өтініш және оған қоса берілетін тіркеу нысандары (бұдан әрі – өтініш);
қамтамасыз ету;
бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтару туралы өтініш;
Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы, оның ішінде қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімнен шығару туралы өтініш;
Комиссия сұрататын жетіспейтін құжаттар мен мәліметтер;
2) Комиссиядан мынадай электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін алу:
жетіспейтін құжаттар мен мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы Комиссияның хабарламасы;
өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту туралы хабарлама;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы хабарлама;
Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы, оның ішінде қорғау мерзімін ұзарту туралы хабарлама;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімнен шығару үшін негіздеме болып табылатын мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімнен шығару туралы хабарлама;
3) Регламенттің 45-тармағында айқындалған Бірыңғай тізілімнің жекелеген мәліметтеріне өзгерістер (толықтырулар) енгізу.
12. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өтініш берушіден осы Қағидалардың 11-тармағының 1-тармақшасында айқындалған электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін алу және оларды қарау;
2) өтініш берушіге осы Қағидалардың 11-тармағының 2-тармақшасында айқындалған электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін жіберу;
3) орталық кеден органдарына мынадай электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін жіберу;
өтініш;
бұрын ұсынылған өтінішті кері қайтару туралы мәліметтер;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы хабарлама;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімнен шығару туралы хабарлама;
Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы хабарлама;
4) орталық кеден органдарынан мынадай электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін алу:
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы технологиялық хабарлама;
5) Бірыңғай тізілімді қалыптастыру, жүргізу;
6) Бірыңғай тізілімнен алынған № 1 қосымшаға сәйкес айқындалған жекелеген мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталына жариялау;
7) Бірыңғай тізілімнен алынып жарияланатын мәліметтерге барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде олардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен сұрау салулар бойынша қол жетімділік ұсынуды қамтамасыз ету;
8) орталық кеден органдарына Бірыңғай тізілімнен толық өзекті мәліметтерді ұсыну;
9) орталық кеден органдарына технологиялық сұрау салулар бойынша Бірыңғай тізілімнен мынадай мәліметтерді:
Бірыңғай тізілімді жаңарту күні және уақыты;
Бірыңғай тізілімге енгізілген өзгерістер (толықтырулар) туралы мәліметтер ұсыну.
Орталық кеден органдарына технологиялық сұрау салулар бойынша Бірыңғай тізілімнен мәліметтер ұсыну қалыптастыруды және жүргізуді Комиссия қамтамасыз ететін Бірыңғай тізілімнің мәліметтерін орталық кеден органдары ұсынған Бірыңғай тізілім мәліметтерімен үндестіруді қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылады.
13. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде орталық кеден органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссиядан осы Қағидалардың 12-тармағының 3-тармақшасында айқындалған электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін алу;
2) Комиссияға осы Қағидалардың 12-тармағының 4-тармақшасында айқындалған электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін ұсыну;
3) Бірыңғай тізілімдегі өзгерістер (толықтырулар) туралы мәліметтер алу мақсатында технологиялық сұрау салулар қалыптастыру және оларды Комиссияға тұрақты түрде (кемінде тәулігіне 1 рет) жіберу;
4) технологиялық сұрау салуларға жауап ретінде Комиссия жіберетін Бірыңғай тізілімнің мәліметтерін алу және өңдеу.
14. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде мүдделі тұлғалар Бірыңғай тізілімнен алынып жарияланатын мәліметтерге, оның ішінде өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы қол жетімдік алады.
15. Жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл схемасы № 2 қосымшада келтірілген.
IV. Ақпараттық ресурстар және сервистер
16. Одақтың ақпараттық порталында жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету және Бірыңғай тізілімнің мәліметтеріне жедел қол жеткізуді ұйымдастыру үшін Комиссияда Бірыңғай тізілімге енгізілген барлық зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурс жасалады.
Бірыңғай тізілімге енгізілген мәліметтердің құрамы, сондай-ақ оларды Одақтың ақпараттық порталында жариялау мүмкіндіктері туралы ақпарат осы Қағидаларға № 1 қосымшада келтірілген.
Одақтың ақпараттық порталында Бірыңғай тізілімнен алынған өзекті мәліметтерді жариялау қамтамасыз етіледі.
17. Жалпы процесті іске асыру кезінде өзара байланысты жалпы процесті іске асыру шеңберінде қалыптастырылуы қамтамасыз етілетін Одақтың тауар белгілерінің Бірыңғай тізілімінен мәліметтерді пайдалану болжанады.
18. Жалпы процесті іске асыру мақсаттары үшін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде электрондық сервистердің мынадай түрлерін:
1) Одақтың ақпараттық порталына орналастырылған, оның ішінде:
өтініш берушінің осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін ұсынуын және алуын;
өтініш берушінің Комиссия белгілеген форматқа, құрылымға және осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды толтыру қағидаларына сәйкес Комиссияға ұсынылатын құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін қалыптастыруын;
өтініш берушінің осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін қалыптастыру кезінде Одақтың тауар белгілерінің Бірыңғай тізілімінен және Бірыңғай тізілімнен алынған мәліметтерді пайдалануын;
Регламенттің 45-тармағында айқындалған Бірыңғай тізілімнің жекелеген мәліметтеріне өзгерістер (толықтырулар) енгізуді қамтамасыз ететін өтініш берушінің жеке кабинетінің сервистерін;
2) Одақтың ақпараттық порталының ішкі бөлігіне орналастырылған, оның ішінде:
лауазымды тұлғаның (Комиссия қызметкерінің) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін алуын және жіберуін;
өтініш берушіден алынатын осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттардың, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерінің Комиссия белгілеген форматтарға, құрылымдарға және оларды толтыру қағидаларына сәйкестігіне бақылауды;
лауазымды тұлғаның (Комиссия қызметкерінің) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін қалыптастыруын;
осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін бақылау мақсатында Одақтың тауар белгілерінің Бірыңғай тізілімінен және Бірыңғай тізілімнен алынған мәліметтерді пайдалануды;
осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін орталық кеден органдарына жіберуді және олардан алуды;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімге енгізуді;
зияткерлік меншік объектілерін Бірыңғай тізілімнен шығаруды;
Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізуді;
жалпы процеске қатысушылардың электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін ұсыну мерзімдерінің, Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізудің Регламентте белгіленген мерзімдерінің сақталуына мониторингті және бақылауды қамтамасыз ететін Комиссия лауазымды тұлғасының (қызметкерінің) жеке кабинетінің сервистерін;
3) интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінде Бірыңғай тізілімді қалыптастыруды, сондай-ақ Бірыңғай тізілімнен алынатын мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталында жариялауды қамтамасыз ететін сервистерді;
4) орталық кеден органдарына Бірыңғай тізілімнен толық өзекті мәліметтер ұсынуды қамтамасыз ететін сервистерді;
5) орталық кеден органдары мен Комиссияның арасындағы өзара іс-қимылды, соның ішінде орталық кеден органдарының технологиялық сұрау салуларын алу, өңдеу және технологиялық сұрау салуларға Бірыңғай тізілімді жаңарту күні және уақыты туралы, Бірыңғай тізілімге енгізілген өзгерістер (толықтырулар) туралы жауап ұсынуды қамтамасыз ететін сервистерді;
6) Бірыңғай тізілімге енгізілген зияткерлік меншік объектілерін іздеуді, сондай-ақ олар туралы мәліметтерді белгіленген форматтарда шығаруды қоса алғанда, Бірыңғай тізілімдегі жарияланатын мәліметтерді мүдделі тұлғалардың (мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің) сұрау салулары бойынша ұсынуды қамтамасыз ететін Одақтың ақпараттық порталының сервистерін іске асыру, пысықтау, теңшеу және (немесе) қолдану қамтамасыз етіледі.
19. Жалпы процесті іске асыру мақсаттары үшін интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері шеңберінде электрондық сервистердің мынадай түрлерін:
1) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген электрондық құжаттармен, электрондық түрдегі құжаттардың мәліметтерімен алмасу мақсатында орталық кеден органдары мен Комиссияның арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін сервистерді;
2) орталық кеден органдарының Бірыңғай тізілімнің толық өзекті мәліметтерін алуын қамтамасыз ететін сервистерді;
3) орталық кеден органдары мен Комиссияның арасындағы технологиялық сұрау салуларды қалыптастыру, жіберу, технологиялық сұрау салуларға Бірыңғай тізілімді жаңарту күні және уақыты туралы, Бірыңғай тізілімге енгізілген өзгерістер (толықтырулар) туралы жауаптарды алу және өңдеу кезіндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін сервистерді іске асыру және қолдану қамтамасыз етіледі.
V. Ақпараттық өзара іс-қимылдың ерекшеліктері
20. Жалпы процеске қатысушылардың арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл интеграцияланған жүйенің құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
21. Орталық кеден органдары мен Комиссияның арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл Комиссия Алқасы бекітетін осындай өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Өтініш беруші мен Комиссияның арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл өтініш берушінің Одақтың ақпараттық порталында орналастырылған жеке кабинетінің сервистерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
23. Мүдделі тұлғалар Бірыңғай тізілімнен мәліметтерді Комиссияның ақпараттық порталының сервистерін пайдалану арқылы алады.
24. Жалпы процеске қатысушылардың арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.
VІ. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары
25. Электрондық құжаттарды қалыптастыруға және өңдеуге қойылатын талаптар Одақ органдарының актілеріне, соның ішінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен Комиссияның интеграцияланған жүйеде трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттармен алмасу тәртібін айқындайтын актілеріне сәйкес айқындалады.
26. Регламенттің 53-тармағына және осы Қағидаларға № 2 қосымшаға сәйкес жарияланатын Бірыңғай тізілімдегі мәліметтер жалпы пайдаланымдағы ақпарат болып табылады және олар ашық көздерде жариялануы мүмкін.
27. Жалпы процесті іске асыру кезінде электрондық құжаттарды, құжаттардың электрондық түрдегі мәліметтерін беру кезіндегі қауіпсіздік:
Одақ құқығына сәйкес интеграцияланған жүйенің интеграциялық платформасы шеңберінде интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесінің құралдарымен;
мүше мемлекеттің ақпараттық кеңістігі ішінде мүше мемлекеттің аумағында қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға және техникалық талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
VІІ. Жалпы процесті іске асыру жөніндегі іс-шаралар
28. Жалпы процесті іске асыру мақсатында Комиссия мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарымен келісім бойынша:
жалпы процесті интеграцияланған жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды;
өтініштің форматына, құрылымына және оны толтыру қағидаларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
Осыларға қосымша, жалпы процесті іске асыру мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының арасында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен Комиссияның арасында интеграцияланған жүйе шеңберінде трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау кезінде электрондық құжаттармен алмасу тәртібін реттейтін Одақ құқығындағы нормалардың айқындалуына қарай, Комиссия орталық кеден органдарымен келісім бойынша электрондық құжат түрінде өтініш беруге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеп, бекітеді.
29. Технологиялық құжаттарға, өтініштің форматына, құрылымына және оны толтыру қағидаларына қойылатын талаптарға, электрондық құжат түрінде өтініш беруге қойылатын техникалық талаптарға, сондай-ақ Регламенттің ережелеріне сәйкес Комиссия интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінде жалпы процесті іске асыруды, соның ішінде өтініш берушінің Одақтың ақпараттық порталына орналастырылған жеке кабинетінің сервистерін іске асыруды, пысықтауды, теңшеуді қамтамасыз етеді.
30. Орталық кеден органдары интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері операторларымен бірлесіп технологиялық құжаттардың ережелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық ақпараттық жүйелерді әзірлеуді (жаңғыртуды), сондай-ақ егер мұндай қосу бұған дейін қамтамасыз етілмесе, ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттеріне қосуды қамтамасыз етеді.
31. Орталық кеден органдары Комиссияның үйлестіруі жағдайында жалпы процесті қолданысқа енгізу рәсімін орындауды қамтамасыз етеді.
32. Осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді, жалпы процесті іске асыру (орындау) нәтижелеріне мониторинг жүргізуді және талдауды Комиссия жүзеге асырады.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміндегі мәліметтердің ҚҰРАМЫ
1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміндегі (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, ЗМО, бірыңғай тізілім) және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесіне қатысушылардың арасында ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде берілетін мәліметтердің құрамын айқындайды.
2. Бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтердің құрамы 1 – 9-кестелерде келтірілген.
Ықтимал қайталаулардың, берілетін мәліметтердің көптігін, оларды толтыру міндеттілігін және санын көрсету үшін 1 – 9-кестелерде мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – мәліметтер міндетті түрле толтырылады, қайталауға жол берілмейді;
1..* – мәліметтер міндетті түрле толтырылады, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..1 – мәліметтер опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* – мәліметтер опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін.
1-кесте
Бірыңғай тізілімдегі мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі | Жариялану белгісі |
1 | Өтініштің тіркеу деректемелері туралы мәліметтер | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініштің нөмірі және тіркелген күні | 1 | – |
2 | Құқық иеленушілер саны | ЗМО-ға құқық иеленушілердің саны туралы мәліметтерді қамтиды | 1 | – |
3 | Құқық иеленуші туралы мәліметтер | 2-кестеге сәйкес ЗМО құқық иеленушілері болып табылатын тұлғалар туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | + |
4 | Құқық иеленушінің өкілі туралы мәліметтер | 2-кестеге сәйкес ЗМО құқық иеленушісінің өкілі болып табылатын тұлға туралы мәліметтерді қамтиды | 0..1 | + |
4.1 | Сенімхат туралы мәліметтер | Өкілдің сенімхаттары туралы ақпарат 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..* | – |
5 | ЗМО туралы мәліметтер | ЗМО туралы мәліметтер | 1 | + |
5.1 | Тіркеу нөмірі | атрибуттар жиынтығымен айқындалады | 1 | + |
5.1.1 | Тізілім бойынша жазбаның тіркеу нөмірі | ЗМО-ға оның түріне қарамастан берілетін жазбаның реттік нөмірі (символдық жол 5 цифрдан, жоғары елеулі емес разрядтары "0" қамтиды) | 1 | + |
5.1.2 | ЗМО түрі |
ЗМО түрінің коды туралы мәліметтерді қамтиды: | 1 | + |
5.1.3 | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу туралы шешім | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу туралы шешімнің нөмірін қамтиды (символдық жол төрт цифрдан, жоғары елеулі емес разрядтары "0" қамтиды) | 1 | + |
5.1.4 | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу күні | енгізу күнін МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | 1 | + |
5.2 | ЗМО атауы | ЗМО сөздік белгіленуі | 1 | + |
5.3 | Негізгі сөз | ЗМО-ға жататын транслитерацияны қоса алғанда негізгі сөз (сөйлем) туралы ақпарат | 0..* | – |
5.4 | ЗМО бейнесі | ЗМО бейнесі (JPG (JPEG) немесе TIF (TIFF) форматы, рұқсат етілуі 300 dp кем емес, көлемі 5 Мб аспайды) | 0..* | + |
5.5 | ЗМО сипаттамасы | ЗМО cипаттамасы | 1 | + |
5.6 | ЗМО-ға құқықты растайтын құжат | тауар белгісіне құқықты, сондай-ақ автор құқығын немесе аралас құқықтарды растау үшін ұсынылған құжаттар туралы ақпарат 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1..* | – |
5.7 | ЗМО-ға құқықтың қолданылу мерзімі | мүше мемлекеттердің әрқайсысында ЗМО-ға құқықтардың қолданылу мерзімі туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
5.7.1 | Елдің коды | мүше мемлекеттің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптамасына сәйкес көрсетіледі) | 1 | – |
5.7.2 | Құқықты қолдану мерзімінің аяқталған күні | күнді МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | 0..1 | – |
5.7.3 | Айқындалған немесе айқындалмаған қолданылу мерзімінің белгісі |
авторлық құқық ("АҚ") объектісінің түрі үшін мынадай белгі қамтылады: | 0..1 | – |
5.8 | Тіркеу нысанының нөмірі | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтінішке қоса берілетін ЗМО тіркеу нысанының нөмірі | 0..1 | – |
5.9 | ЗМО-ға құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылдау мерзімі | мүше мемлекеттердің кеден органдары қабылдау талап етілетін ЗМО-ға құқықты қорғау жөніндегі шаралардың мерзімі туралы мәліметтер | 1..* | + |
5.9.1 | Кезеңнің басталу күні | күнді МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | 1 | + |
5.9.2 | Кезеңнің аяқталу күні | күнді МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | 1 | + |
6 | Тауарлар туралы мәліметтер | ЗМО-ға құқық қолданылатын тауарлар туралы мәліметтер | 1..* | + |
6.1 | Тауардың сипаттамасы | тауардың сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атауын қоса алғанда, тауардың атауы | 1 | + |
6.2 | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауар(лар)дың кодтық белгіленуі ЕАЭО СЭҚ ТН-нің бірінші 6 таңбасынан кем емес деңгейдегі мәліметтерді қамтиды | 1..* | + |
6.3 | ТҚХС сыныптары туралы мәліметтер | 1957 жылғы 15 маусымдағы белгілерді тіркеуге арналған Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптауышы туралы (бұдан әрі – ТҚХС) Ницца келісімінде көзделген белгілерді тіркеу үшін Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптауышына сәйкес тауар белгілері үшін тауарлар сыныбының нөмірі туралы мәліметтерді қамтиды | 0..* | + |
6.3.1 | ТҚХС сыныбының нөмірі | тауар белгілері үшін ТҚХС сәйкес тауарлар сыныбының нөмірі туралы мәліметтерді қамтиды | 1 | + |
6.3.2 | ТҚХС сыныбының атауы | ТҚХС сәйкес тауарлар сыныбының атауы | 0..1 | + |
6.4 | Тауар айналысына жататын мәліметтер | түпнұсқа тауарлардың айналысына және ЗМО-ға құқықтарды бұзу белгілері бар тауарлардың айналысына жататын мәліметтерді қамтиды | 1..2 | – |
6.4.1 | Тауарлар айналысы заңдылығының белгісі |
тауар айналысына қатысты көрсетілетін мәліметтер санатын айқындайтын белгі: | 1 | – |
6.4.2 | Тауарлар айналысына тартылған (айналыспен байланысты) тұлға туралы мәліметтер | тауарлар айналысына тартылған (айналыспен байланысты) тұлғалар туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.2.1 | Тауарлар айналысына тартылған (айналыспен байланысты) тұлға | 2-кестеге сәйкес тауарлар айналысына тартылған (айналыспен байланысты) тұлға туралы мәліметтерді қамтиды | 1 | – |
6.4.2.2 | Тұлғаның айналыстағы рөлі (коды) | 7-кестеге сәйкес тұлғаның айналыстағы рөлінің коды туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.3 | Логистикалық операциялар туралы мәліметтер | қозғалыс (транзит) маршруттары, көлік түрлері, қайта тиеу, сақтау орындары, Одақтың кедендік шекарасын кесіп өту орындары, кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу орындары туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.3.1 | Қозғалыс маршруты туралы мәліметтер | 8-кестеге сәйкес қозғалыс (транзит) маршруттары туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.3.2 | Одақтың кедендік шекарасын кесіп өту орындары туралы мәліметтер | Одақтың кедендік шекарасын кесіп өту орындары туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.3.2.1 | Өткізу пунктінің коды | өткізу пунктінің кодтық белгіленуі (мүше мемплекеттердің Одақтың кедендік шекарасында орналасқан мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінің қалыптастыруды Комиссия қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтамалық тізбесіне сәйкес) | 0..1 | – |
6.4.3.2.2 | Өткізу пунктінің атауы | өткізу пунктінің атауы | 1 | – |
6.4.3.3 | Кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу орындары туралы мәліметтер | 9-кестеге сәйкес кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу орындары туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.4 | Тауарлардың және оларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы мәліметтер | тауарлардың өзгеше ерекшеліктері және сипаттамалары туралы, сондай-ақ оларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
6.4.5 | Қоса берілетін құжаттардың сипаттамасы | тауарлармен бірге жүретін құжаттар туралы мәліметтерді және олардың өзгеше ерекшеліктерін қамтиды | 0..1 | – |
6.5 | Алу мән-жайының сипаттамасы | құқық иеленуші ЗМО мәлімделетін тауарлардың трансшекралық өткізілуін өзінің айрықша құқықтарын бұзу ретінде қарастырмайтын және кеден органдарының ЗМО құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдауы талап етілмейтін мән-жайлардың сипаттамасы | 0..1 | – |
7 | Уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер | 2-кестеге сәйкес орталық кеден органдарына өтініш жасауға уәкілетті байланысу тұлғалары туралы мәліметтерді қамтиды | 0..* | – |
8 | Мәртебе туралы мәліметтер | ЗМО бірыңғай кедендік тізілімінде ЗМО мәртебесі туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* | – |
8.1 | Мәртебе | ЗМО Бірыңғай тізіліміндегі ЗМО-ның мәртебесі (ЗМО Бірыңғай тізілімге енгізілді, Бірыңғай тізілімдегі ЗМО туралы мәліметтер өзгертілді, ЗМО-ны қорғау мерзімі ұзартылды, ЗМО Бірыңғай тізілімнен шығарылды) | 1 | – |
8.2 | Мәртебенің белгіленген күні |
МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес белгілену күнін | 1 | – |
8.3 | Мәртебені өзгерту үшін негіздеме болып табылатын құжат | Комиссия департаменті шешімінің шығарылған күні және тіркеу нөмірі | 0..1 | – |
9 | Жалпы ресурс жазбасының технологиялық сипаттамалары | жалпы процестің жазбасы туралы технологиялық мәліметтердің жиынтығы (қолданылу кезеңі, жаңарту күні) | 1 | – |
2-кесте
Субъектілер туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Елдің коды | субъект тіркелген елдің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 1 |
2 | Субъектінің атауы | шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты | 1 |
3 | Субъектінің қысқаша атауы | шаруашылық жүргізуші субъектінің қысқартылған атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты | 1 |
4 | Салық төлеушінің сәйкестендіргіші | субъектінің салық төлеуші тіркелген елдің салық төлеушілер тізіліміндегі сәйкестендіргіші | 0..1 |
5 | Есепке қою себебінің коды | субъектінің Ресей Федерациясында салық есебіне қойылуының себебін сәйкестендіретін код | 0..1 |
6 | Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер | жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер 4-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 |
7 | Мекенжай | 5-кестеге сәйкес субъектінің мекенжайлары туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* |
8 | Байланысу деректемесі | 6-кестеге сәйкес субъектінің байланысу деректемелері туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* |
9 | Ұйым қызметкері | қызметкердің тегін, атын және әкесінің атын, лауазымын және байланысу деректемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, заңды тұлғалар үшін қызметкер туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* |
3-кесте
Құжат туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Елдің коды | елдің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
2 | Құжат түрінің коды | құжат түрінің кодтық белгіленуі (зияткерлік меншік саласында, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекіткен Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік объектілерін тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
3 | Құжат түрінің атауы | құжат түрінің атауы | 0..1 |
4 | Құжаттың атауы | құжаттың атауы | 0..1 |
5 | Құжаттың сериясы | құжатты тіркеу кезінде берілген құжат сериясының цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіленуі | 0..1 |
6 | Құжаттың нөмірі | құжатты тіркеу кезінде берілген құжаттың цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіленуі | 0..1 |
7 | Құжаттың берілген күні | құжаттың берілген, қол қойылған, бекітілген немесе тіркелген күні | 0..1 |
8 | Құжаттың қолдану мерзімінің аяқталу күні | құжаттың күшінде болатын мерзімі аяқталған күні | 0..1 |
9 | Құжаттың қолдану мерзімі | құжаттың күшінде болатын мерзімнің ұзақтығы | 0..1 |
10 | Мүше мемлекеттің уәкілетті органының сәйкестендіргіші | мүше мемлекеттің құжатты берген мемлекеттік билік органын не ол уәкілеттік берген ұйымды сәйкестендіретін жол | 0..1 |
11 | Мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы | мүше мемлекеттің құжатты берген мемлекеттік билік органының не ол уәкілеттік берген ұйымның толық атауы | 0..1 |
12 | Сипаттамасы | құжаттың сипаттамасы | 0..1 |
13 | Парақтардың саны | құжаттағы парақтардың жалпы саны | 0..1 |
4-кесте
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Елдің коды | елдің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 1 |
2 | Жеке басты куәландыратын құжат түрінің коды | жеке басты куәландыратын құжат түрінің кодтық белгіленуі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекіткен жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
3 | Құжат түрінің атауы | құжат түрінің атауы | 0..1 |
4 | Құжаттың сериясы | құжатты тіркеу кезінде берілген құжат сериясының цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіленуі | 0..1 |
5 | Құжаттың нөмірі | құжатты тіркеу кезінде берілген құжаттың цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіленуі | 1 |
6 | Құжаттың берілген күні | құжаттың берілген, қол қойылған, бекітілген немесе тіркелген күні | 0..1 |
7 | Мүше мемлекеттің уәкілетті органының сәйкестендіргіші | мүше мемлекеттің құжатты берген мемлекеттік билік органын не ол уәкілеттік берген ұйымды сәйкестендіретін жол | 0..1 |
8 | Мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы | мүше мемлекеттің құжатты берген мемлекеттік билік органының не ол уәкілеттік берген ұйымның толық атауы | 0..1 |
5-кесте
Мекенжай туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Мекенжай түрінің коды | мекенжай түрінің кодтық белгіленуі (тұратын жерінің мекенжайы, тіркелу үшін және т.б.) (мынадай тізбеге сәйкес көрсетіледі: "1" – тіркелу мекенжайы; "2" – іс жүзіндегі мекенжай; "3" – пошталық мекенжай) | 0..1 |
2 | Елдің коды | елдің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
3 | Аумақтың коды | әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің коды (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекіткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бөлініс объектілерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
4 | Өңір | бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы | 0..1 |
5 | Аудан | екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы | 0..1 |
6 | Қала | қаланың атауы | 0..1 |
7 | Елді мекен | елді мекеннің атауы | 0..1 |
8 | Көше | қала инфрақұрылымының көше-жол желісі элементінің атауы | 0..1 |
9 | Үйдің нөмірі | үйдің, корпустың, құрылыстың белгіленуі | 0..1 |
10 | Үй-жайдың нөмірі | офистің немесе пәтердің белгіленуі | 0..1 |
11 | Пошта индексі | пошта байланысы кәсіпорнының пошта индексі | 0..1 |
12 | Абоненттік жәшіктің нөмірі | пошта байланысы кәсіпорнындағы абоненттік жәшіктің нөмірі | 0..1 |
6-кесте
Байланысу деректемелері туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Байланыс түрінің коды |
байланыс құралы (арнасы) түрінің (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.) кодтық белгіленуі (мынадай тізбеге сәйкес көрсетіледі: "АО" – "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісі сайтының мекенжайы; "ЕМ" – электрондық пошта; "FX" – телефакс; "TE" – телефон; | 0..1 |
2 | Байланыс түрінің атауы | байланыс құралы (арнасы) түрінің (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.) атауы | 0..1 |
3 | Байланыс арнасының сәйкестендіргіші | байланыс арнасын сәйкестендіретін символдардың дәйектілігі (телефонның, факстің нөмірлерін, электрондық поштаның мекенжайын және т.б. көрсету) | 0..* |
7-кесте
ЗМО-ны қамтитын түпнұсқа тауарлардың айналысына тартылған тұлғалардың немесе ЗМО-ға құқықтардың бұзылуы белгілері бар тауарлар айналысымен байланысты тұлғалар рөлдерінің тізбесі
Нөмірі | Рөлдің коды | Рөлдің атауы | Тауар айналысына қатысты көрсетілетін мәліметтердің санатын айқындайтын белгінің коды (1-кестенің 6.4.1-тармағы) |
1 | 10 | жүк алушы | 1,0 |
2 | 20 | импорттаушы | 1,0 |
3 | 30 | лицензиат | 1 |
4 | 50 | тасымалдаушы | 1,0 |
5 | 60 | өндіруші | 1,0 |
6 | 90 | экспорттаушы | 1,0 |
8-кесте
Қозғалыс маршруттары туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Қозғалыс маршруты және көлік түрлері туралы мәліметтер | маршрут пункттері және көлік түрлері туралы мәліметтерді қамтиды | 1..* |
1.1 | Маршрут пунктінің реттік нөмірі | маршрут пунктінің реттік нөмірі | 1 |
1.2 | Елдің коды | елдің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 1 |
1.3 | Маршрут пунктінің кодтық белгіленуі | БҰҰ ЛОКОД сәйкес маршрут пунктінің кодтық белгіленуі | 0..1 |
1.4 | Маршрут пунктінің атауы | порттың, әуежайдың, темір жол станциясының, өткізу пунктінің, географиялық пункттің және т.б. атауы | 1 |
1.5 | Кету кезіндегі көлік түрінің коды | көлік түрлерінің және тауарлар тасымалының сыныптауышына сәйкес маршрут пунктінен кету кезіндегі көлік түрінің коды туралы мәліметтерді қамтиды (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешімімен бекітілген көлік түрлерінің және тауарлар тасымалының сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
1.6 | Белгі |
мынадай белгі мәндерін қамтиды: | 0..1 |
9-кесте
Кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылау жүргізу орындары туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Елдің коды | елдің кодтық белгіленуі (әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
2 | Кеден органының коды | мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды | 0..1 |
3 | Кеден органының атауы | кеден органының атауы | 0..1 |
4 | Кеден органы аймағының нөмірі | кеден органы аймағының нөмірі | 0..1 |
5 | Тауарлар орналасқан жердің атауы | 5-кестеге сәйкес тауарлар орналасқан жердің мекенжайы туралы мәліметтерді қамтиды | 0..1 |
10-кесте
Тауарлардың және оларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы мәліметтердің тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көптігі |
1 | Тауардың маркасы, моделі | тауардың тұрпаты, маркасы, моделі туралы мәліметтерді қамтиды | 0..1 |
2 | Тауардың ерекшеліктері мен қасиеттерінің сипаттамасы | тауардың тұрпатын, маркасын, моделін ескергендегі тауардың сипаттамасын, оның ішінде оның өзгеше ерекшеліктерін қамтиды | 0..1 |
3 | Сәйкестендіру құралы | тауарды сәйкестендіру құралының немесе бастапқы қаптамасының сипаттамасын қамтиды | 0..* |
4 | Бейнесі | тауардың сыртқы түрінің немесе оның бастапқы қаптамасының бейнесі (JPEG форматындағы бейнесі және схемасы (әрбір файл 1,5 Mб аспайтын көлемде, ұсынылған файлдардың жалпы көлемі 50 Мб аспайды)) | 0..* |
5 | Тауар туралы қосымша ақпарат | формате MP3, MP4, AVI форматындағы файл түрінде ұсынылған тауар туралы ақпарат (ұсынылған файлдардың жалпы көлемі 50 Мб аспайды) | 0..* |
6 | Тауарларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы мәліметтер | тауарларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтиды | 0..* |
6.1 | Қаптама түрінің коды | жүк, қаптама және қаптау материалдары түрлерінің сыныптамасына сәйкес жүк, қаптама және қаптау материалдары түрінің кодтық белгіленуі | 0..1 |
6.2 | Тауардың саны | көліктік қаптамадағы тауар бірліктерінің саны | 0..1 |
6.3 | Сәйкестендіру құралы | көліктік қаптаманы сәйкестендіру құралының сипаттамасын қамтиды | 0..1 |
6.4 | Бейнесі | көліктік қаптаманың сыртқы түрінің бейнесі (JPEG форматындағы бейнесі және схемасы (әрбір файл 1,5 Mб аспайтын көлемде, ұсынылған файлдардың жалпы көлемі 50 Мб аспайды)) | 0..* |
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына № 2 ҚОСЫМША |
Жалпы процеске қатысушылардың ақпараттық өзара іс-қимылының СХЕМАСЫ
Орталық кеден органы | Өтініш беруші | Еуразиялық экономикалық комиссия |
Мүдделі | ||||||
ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу мақсатында өтініш, электрондық түрдегі құжаттардан (электрондық құжаттардан) мәліметтер ұсыну | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу мақсатында өтініш, электрондық түрдегі құжаттардан (электрондық құжаттардан) мәліметтер алу және қарау | ||||||||
ЗМО-ны Бірыңғай тізілімге енгізу мақсатында ұсынылған өтінішті және тіркеу нысандарын алу және қарау, өтінішті қарау нәтижелерін жіберу | мәлімделген ЗМО-ға қатысты өтініш пен тіркеу нысандарын электрондық түрде жіберу | ||||||||
өтінішті қарау нәтижелері бойынша хабарламалар алу, қамтамасыз етуді ұсыну | өтінішті қарау нәтижелері бойынша хабарламалар жіберу | ||||||||
Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтініш жіберу | Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу және өтініш берушіге тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізілгені туралы хабарлама жіберу | ||||||||
ЗМО-ны Бірыңғай тізілімнен шығару туралы өтініш жіберу | ЗМО-ны Бірыңғай тізілімнен шығару және өтініш берушіге ЗМО-ның Бірыңғай тізілімнен шығарылғаны туралы хабарлама жіберу | ||||||||
Бірыңғай тізілімнен мәліметтер сұрату және алу | Бірыңғай тізілімнің жекелеген мәліметтеріне өзгерістер (толықтырулар) енгізу | Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу, Бірыңғай тізілімнен мәліметтер ұсыну | Бірыңғай тізілімнен жарияланатын мәліметтер сұрату және алу | ||||||
Кеден органдарының ақпараттық жүйесі | ЗМО бірыңғай кедендік тізілімі | Одақтың ақпараттық порталы (жеке кабинет) |
Интеграцияланған | ЗМО бірыңғай кедендік тізілімі | Одақтың ақпараттық порталы |