Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы № 35 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 89-бабы 2-тармағының 6-тармақшасын, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 385-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу регламенті бекітілсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы регламенті туралы" № 290 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 384-бабының 6-тармағында көзделген тәртіпті бекіту туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияға тауарлардың шығарылған жерінің атауын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізу тәртібі туралы ұсыныстар беру сұралсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды реттейтін технологиялық құжаттарды бекіту туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 35 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу
РЕГЛАМЕНТІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Регламент 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 89-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 385-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережелер (Шартқа № 1 қосымша) ескеріле отырып әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу тәртібін, соның ішінде осы тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізу, одан осындай объектілерді шығару, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, мүше мемлекеттердің кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімін ұзарту тәртібін және мүше мемлекеттердің кеден органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) зияткерлік меншік объектісін көрсетілген тізілімге енгізу кезіндегі өзара іс-қимылы тәртібін белгілейді.

      2. Осы Регламенттің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "бірыңғай тізілім" – мүше мемлекеттердің кеден органдары оларға қатысты Кодекстің 124-бабында көзделген шараларды қабылдайтын зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтердің жиынтығын ұсынатын мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі;

      "өтініш беруші" – өтініш беретін мүше мемлекеттің бірінің аумағында тұрақты тұру (тіркелген) орны бар құқық иеленуші (зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықты иеленетін тұлға) немесе құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүддесін ұсынатын тұлға;

      "өтініш" – зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімге енгізу туралы Комиссияға ұсынылған жүгіну;

      "қамтамасыз ету" – балық мүше мемлекеттерде заңды күші бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұрумен байланысты тұлғаларға мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты (шарттары) немесе белгісіз (шартты жасасу сәтінде) тұлғалар тобының мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемені орындауды қамтамасыз етуін растайтын өзге шарт (шарттар);

      "міндеттеме" – тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұрумен байланысты тауарлар декларантына, меншік иесіне, алушыға немесе өзге тұлғаларға келтірілуі мүмкін мүліктік зиянды өтеу туралы құқық иеленушінің міндеттемесі (жазбаша нысанда);

      "жұмыс күндері" – мемлекеттің заңнамасына сәйкес демалыс деп жарияланған күндерден басқа аптаның дүйсенбіден бастап жұмаға дейін Комиссия келетін күндері, сондай-ақ мемлекеттің заңнамасына сәйкес жұмыс күніне ауыстырылған Комиссия келетін демалыс күндері.

      Осы Регламентте пайдаланылатын өзге ұғымдар Шартта және Одақтың құқығын құрайтын өзге де халықаралық шарттар мен актілерде белгіленген мағыналарда қолданылады.

      3. Осы Регламентті қолдану мақсаттары үшін орталық кеден органдары деп:

      Армения Республикасы үшін – Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;

      Ресей Федерациясы үшін – Федералдық кеден қызметі түсіндіріледі.

      4. Бірыңғай тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:

      а) өтініш берушілердің өтініштерін және өзге де жүгінулерін қабылдау және қарау;

      б) зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізу;

      в) зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту;

      г) бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу;

      д) қорғау мерзімін ұзарту;

      е) зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару;

      ж) өтініш берушілерге өтініштерді және өтініш берушілердің өзге де жүгінулерін қарау нәтижелері туралы хабардарлау;

      з) Одақтың ресми сайтында жариялау және бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтерді өзектендіру;

      и) орталық кеден органдары мен Комиссияның өзара іс-қимылы.

      5. Бірыңғай тізілімді жүргізуді зияткерлік меншік саласындағы мәселелер құзыретіне жататын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты департамент) жүзеге асырады.

      6. Орталық кеден органдары мен Комиссияның, өтініш берушілер мен Комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылының тәртібін, сондай-ақ көрсетілген ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен электронды түрдегі мәліметтердің форматтары мен құрылымына қойылатын талаптарды Комиссия белгілейді.

II. Өтінішті рәсімдеуге, ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің құрамына қойылатын талаптар

      7. Осы Регламенттің 10-тармағында көрсетілген әрбір мүше мемлекетте құқықтық қорғауға жататын зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер бірыңғай тізілімге өтініш негізінде енгізіледі.

      8. Өтініш, егер Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыруға байланысты немесе кедендік бақылаудағы тауарлармен өзге де іс-қимылдарды жасау кезінде құқық иеленушіде оның Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген зияткерлік меншік объектісіне құқығын бұзушылық орын алды деп есептеуге жеткілікті негізі бар болған жағдайда беріледі.

      Бірнеше құқық иеленушінің мүддесін ұсынатын тұлға ретінде ұқсас (барлық элементтері сәйкес келетін) зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілерінің бірі басқа құқық иеленушілерімен уағдаластық бойынша әрекет ете алады.

      9. Егер өтінішті құқық иеленушінің мүддесін ұсынатын тұлға беретін болса, өтінішке құқық иеленушінің осын тұлғаға берген сенімхаты қоса тіркеледі.

      Мүше мемлекеттің аумағында берілген сенімхат осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес рәсімделеді және куәландырылады.

      Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында берілген сенімхат осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес рәсімделеді және тиісті халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес куәландырылады.

      Егер мүше мемлекеттердің аумақтарында ұқсас зияткерлік меншік объектісіне құқық әртүрлі құқық иеленушіге тиесілі болған жағдайда өтінішке әрбір құқық иеленушінің сенімхаты қоса тіркеледі.

      Сенімхатта зияткерлік меншік объектілері және құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) осы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін өкілге беретін өкілеттіктер көрсетіледі. Атап айтқанда, мұндай өкілеттіктер сенім білдірілген тұлғаға құқық иеленушінің атынан мынадай іс-қимылдарға қатысты берілуі мүмкін:

      өтініш білдіру;

      бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу, қорғау мерзімін ұзарту, зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімнен шығару туралы өтініштер беру;

      міндеттемеге қол қою;

      қамтамасыз етуді рәсімдеу;

      мүше мемлекеттердің заңнамсына сәйкес зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жүгіну, сондай-ақ тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш беру.

      Сенімхат болмаған жағдайда өтініш қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш Комиссияға келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.

      Сенімхат берілген тұлғаның өкілеттігі құжатпен расталуы тиіс.

      10. Өтініш зияткерлік меншік объектілерінің мынадай түрлеріне қатысты берілуі мүмкін:

      а) авторлық құқық объектілері;

      б) сабақтас құқықтар объектілері;

      в) тауар белгілері (қызмет көрсеті белгілері).

      11. Зияткерлік меншік объектілерінің осы Регламенттің 10-тармағында көрсетілгендерден ерекшеленетін түрлеріне қатысты өтініш қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш Комиссияға келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.

      12. Өтініш зияткерлік меншік объектілерінің бір түріне қатысты беріледі.

      Құқығы әртүрлі құқық иеленушіге тиесілі Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты өтініштер ұқсас зияткерлік меншік объектілеріне қатысты өтініш беру жағдайларын қоспағанда, жеке рәсімделеді және беріледі.

      Осы тармақта белгіленген талаптарды бұзумен берілген өтініш қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш Комиссияға келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей бас тарту себептері көрсетіле отырып өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.

      13. Өтініш осы Регламентке № 1 қосымшаға сәйкес нысанда құрылады. Өтінішке зияткерлік меншік объектілерін тіркеу нысандары (әрбір өтініш берілетін объекті бойынша) қоса тіркеледі.

      14. Осы Регламентте көзделген тіркеу нысандары мен құжаттар қоса тіркелген өтініш электрондық құжаттар түрінде немесе қағаз тасымалдағыштағы құжаттар түрінде берілуі мүмкін.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжаттар түрінде берілген өтініш пен қоса тіркелген тіркеу нысандарына өтініш беруші қол қою тиіс.

      Егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылатын жағдайда, өтініш пен қоса тіркелетін тіркеу нысандарына оның басшысы немесе басшы уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      Өтінішті, тіркеу нысандарын және құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру өтініш пен тіркеу нысандарын электронды түрде ұсынумен бірге жүргізіледі.

      Өтініш пен тіркеу нысандарын электрондық түрде қалыптастыру өтініш берушінің Одақтың ресми сайтындағы жеке кабинеті сервистерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Электронды түрдегі өтініш пен тіркеу нысандарына тіркеу нөмірі беріледі. Жеке кабинетке қосылу тәртібі туралы ақпарат Одақтың ресми сайтында және орталық кеден органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі сайттарында орналастырылады.

      Электронды түрдегі тіркеу нысаны өтініштегі мәліметтер белгіленген форматқа, құрылымға және оларды толтыру қағидаларына сәйкестігін бақылаудан өткен жағдайда ғана беріледі. Өтініш беруші олар анықталған жағдайда қателер туралы автоматты түрде хабарландырылады.

      15. Өтінішті электрондық құжат түрінде беруге қойылатын техникалық талаптар Одақтың ресми сайтында және орталық кеден органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі сайттарында орналастырылады.

      Электрондық құжат оны автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті құжат құрылымының элементтерін сипаттау кезінде анықталатын технологиялық сипаттағы көрінбейтін мәліметтерді қамтуы мүмкін.

      Өтініш пен тіркеу нысандарын электрондық құжат түрінде немесе электронды түрде құрастыру кезінде Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілген анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      16. Тіркеу нысаны осы тармақта белгіленген тәртіпте толтырылатын осы Реглементке № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша графаларды қамтиды.

      1 – 3, 5, 8 – 11 және 13 – 15 графалар толтыру үшін міндетті болып табылады.

      1-графада зияткерлік меншік объектісіне құқықты растау үшін ұсынылған құжатта көрсетілген атауға (сипаттамаға, кескінге) сәйкес келуі тиіс зияткерлік меншік объектісінің атауы (сипаттамасы, кескіні) көрсетіледі.

      Зияткерлік меншік объектісінің кескінін қамтитын файл оны 8x8 см мөлшерді сақтай отырып басып шығаруға мүмкіндік беретін талаптарға жауап беруі және JPG (JPEG) немесе TIF (TIFF) форматта (қандайда бір сығымдау типін пайдалануға жол берілмейді), ажыратылымдығы кемінде 300 dpi болуы тиіс. Көрсетілген файлдың көлемі 5 Мб аспайтын боулы тиіс. Кескіннің астары мөлдір болмауы тиіс.

      2-графада мүше мемлекеттердегі зияткерлік меншік объектісінің құқық иеленушілерінің саны көрсетіледі.

      3-графада:

      "АҚ" – егер өтініш авторлық құқық объектісіне қатысты берілсе;

      "СҚ" – егер өтініш сабақтас құқықтар объектісіне қатысты берілсе;

      "ТБ" – егер өтініш тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) қатысты берілсе көрсетіледі.

      4-графада өтініш берілген зияткерлік меншік объектісіне жататын және тауарлар декралациясында, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарда (мысалы, "ICE" тауар белгісімен белгіленген тауарлардың құжаттамасында "ИСЕ", "АЙС" сөздері пайдаланылуы мүмкін және т.б.) тауарларды сипаттау кезінде пайдаланылуы мүмкін негізгі көріністер (транслитерацияны қоса алғанда) әріптік-сандық тәсілмен көрсетіледі. 4-графа өтініш тауар белгілеріне (қызмет көрсету белгілеріне) қатысты берілген жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

      5-графада зияткерлік меншік объектісінің құқық иеленушілері болып табылатын және зияткерлік меншік объектісіне құқықты растау үшін ұсынылған құжаттарда көрсетілген барлық тұлғалар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      заңды тұлғалар үшін – толық және қысқа (қысқартылған) (бар болған жағдайда) атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), хат-хабар алмасуға арналған мекенжайы, телефон нөмірі және электрондық почша мекенжайы;

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы.

      Мүше мемлекеттердің тұлғалары үшін мынадай мәліметтен (бар болған жағдайда) көрсетіледі:

      Армения Республикасының тұлғалары үшін – салық төлеушінің есепке алу нөмірі (СТЕАН);

      Беларусь Республикасының тұлғалары үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН);

      Қазақстан Республикасының тұлғалары үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      Қырғыз Республикасының тұлғалары үшін – сәйкестендіруші салық нөмірі (ССН);

      Ресей Федерациясының тұлғалары үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН).

      6-графада құқық иеленушілерге қатысты 5-графада көрсетілетін мәліметтерге ұқсас зияткерлік меншік объектісі құқық иеленушісінің мүддесін ұсынатын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      7-графада сенімхаттың әрекет ету аяқталатын күн көрсетіледі. Бірнеше құқық иеленушінің мүддесін ұсынған жағдайда сенімхаттардың әрекет етуінің неғұрлым ерте аяқталатын мерзімдері көрсетіледі. 7-графа 6-графа толтырылған жағдайда толтыру үшін міндетті болып табылады.

      8-графада:

      мүше мемлекеттердің аумақтарында тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) құқықты растау үшін ұсынылған құжаттардың атауы мен деректемелері, сондай-ақ осы құжаттарды берген органдардың атаулары;

      авторлық құқықты немесе сабақтас құқықтарды растау үшін ұсынылған құжаттардың атаулары мен деректемелері, сондай-ақ осы құжаттарды берген органдардың (ұйымдардың) атаулары;

      әрбір мүше мемлекеттегі әрекет ету мерзімі (егер авторлық құқық объектісі құқығының әрекет ету мерзімі анықталмаған жағдайда, "автор" сөзі көрсетіледі);

      зияткерлік меншік объектісінің құқығы таралатын тауарлардың атауы (тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері) үшін 1957 жылғы 12 маусымдағы Тауарлар мен қызметтер көрсетудің халықаралық сыныптауышы туралы Ницца келісімінде көзделген Белгілерді тіркеуге арналған халықаралық тауарлар мен қызметтер көрсетудің сыныптауышы кластарын көрсете отырып) көрсетіледі.

      9-графада өтініш берушіде бар мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      олардың рөлдері (импортер, тасымалдаушы, жүкті алушы, лицензиат, өндіруші, экспортер) көрсетіле отырып өтініш берілген зияткерлік меншік объектісі қамтитын түпнұсқа тауарлардың айналысына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайлары, СТЕАН немесе СТЕН немесе БСН немесе ЖСН немесе ССН (мүше мемлекеттердің резиденттері болып табылатын тұлғалар үшін));

      қозғалыс маршруттары (транзит), көлік түрлері, жүк тиеу, сақтау орындары, Одақтың кедендік шекарасынан өту орындары, кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүргізу орындары туралы мәліметтер;

      әкелінетін түпнұсқа тауарлардың (тауардың әрбір типі (маркасы) бойынша) айрықша ерекшеліктері мен сипаттамалары туралы мәліметтер:

      тауардың және жеке құрамдас элементтердің сипаты (сыртқы түрі, қорғаушы таңбасы, голограммалар, затбелгілер, штрихкодтар, түрі, артикулдардың, сертификаттау белгілерінің болуы), JPEG форматағы кескіндер мен схемалар (әрбір файлдың көлемі 1,5 Mb аспайды). Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісі қамтитын тауар туралы ақпарат MP3, MP4, AVI форматтағы файл түрінде ұсынылуы мүмкін;

      тауарларды тасымалдау ерекшеліктері (орамадағы саны, палеттерді, түптерді пайдалану), орама түрі (материал, түсі, пішіні), сәйкестендіру нөмірлері, қорғаушы таңбасы, штрихкодтар, JPEG форматтағы кескіндер мен схемалар (әрбір файлдың көлемі 1,5 Mb аспайды);

      түпнұсқа тауарлардың ілеспе құжаттары туралы мәліметтер (электрондық тасымалдағыштар, нұсқаулықтар, кепілдік талондары, ерекшеліктері, сертификаттары) және олардың айрықша ерекшеліктері (тілі, қарпі, түсі).

      10-графада өтініш берушіде бар мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      олардың рөлдері (импортер, тасымалдаушы, жүкті алушы, өндіруші, экспортер) көрсетіле отырып зияткерлік меншік объектісіне құқық бұзушылық белгілері бар тауарлардың айналысына байланысты тұлғалар туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайлары, СТЕАН немесе СТЕН немесе БСН немесе ЖСН немесе ССН (мүше мемлекеттердің резиденттері болып табылатын тұлғалар үшін));

      қозғалыс маршруттары (транзит), көлік түрлері, жүк тиеу, сақтау орындары, Одақтың кедендік шекарасынан өту орындары, кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүргізу орындары туралы мәліметтер;

      зияткерлік меншік объектісіне құқық бұзылушылық белгілері бар тауарлардың айрықша ерекшеліктері және сипаттамалары туралы мәліметтер (тауардың әрбір типі (маркасы) бойынша):

      тауардың және жеке құрамдас элементтердің сипаты (сыртқы түрі, қорғаушы таңбасының, голограммалардың, затбелгілердің, штрихкодтардың, түсінің еліктемесі, артикулдардың, сертификаттау белгілерінің болуы), JPEG форматтағы кескіндер мен схемалар (әрдің файлдың көлемі 1,5 Mb аспайды);

      тауарларды тасымалдау ерекшеліктері (орамадағы санығ палеттерді, түптерді пайдалану), ораманың түрі (материал, түсі, пішіні), сәйкестендіру нөмірлері, қорғаушы таңбасының, штрихкодтардың еліктемесі, JPEG форматтағы кескіндер мен схемалар (әрбір файлдың көлемі 1,5 Mb аспайды);

      зияткерлік меншік объектісіне құқық бұзушылықтар белгілері бар тауарлардың ілеспе құжаттары туралы мәліметтер (электрондық тасымалдағыштар, нұсқаулықтар, кепілдік талондары, ерекшеліктері, сертификаттары) және олардың айрықша ерекшеліктері (тілі, қарпі, түсі, қателер, ксерокөшірмелер, полиграфия сапасы).

      11-графада кеден органдары оған қатысты зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды қорғау бойынша шараларды қабылдауын талап ететін өтініш берілген зияткерлік меншік объектісін қамтитын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес кемінде бастапқы 6 белгі деңгейіндегі кодтары көрсетіледі. Барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау таралмайтын тауарлардың кодтарын көрсетуге жол берілмейді.

      12-графада өтініш беруші өтініш берілген зияткерлік меншік объектісін қамтитын тауарлардың орын ауыстыруын оның құқығын бұзушылық ретінде қарастырмайтын және мұндай тауарлардың орын ауыстыру кезінде мүше мемлекеттердің кеден органдарының зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы талап етілмейтін критерийлер көрсетіледі. Критерийлер кеден органдарының көрсетілген шараларды қабылдамайтын салаларын қамтуы тиіс (сандық және (немесе) құндық критерийлер, кедендік рәсімдерді тізіп көрсеті, кеден органдарының осындай шараларды қабылдауын талап етпейтін тауарларды орналастыру, тауардың жағдайын сипаттайтын мәліметтер (мысалы, "бұрын қолданылған"), шетелдік ақысыз көмек ретінде әкелінетін тауарлардың орын ауыстыруымен байланысты ерекшеліктер).

      13-графада мүше мемлекеттердің кеден органдарының зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы талап етілетін мерзім көрсетіледі.

      Қорғау мерзімі зияткерлік меншік объектісі бірыңғай тізілімге енгізілген күннен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімді құрайды және өтініште көрсетілген мерзімді және өтінішке қоса тіркелген құжаттардың әрекет ету мерзімдерін ескере отырып осы мерзім ерте аяқталатын мүше мемлекетте зияткерлік меншік объектісін құқықтық қорғау мерзімінен аспауы тиіс.

      14-графада мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша жүгінуге, сондай-ақ Кодекстің 124-бабы 9-тармағының 1-тармақшасында көзделген кеден органдарының тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жою туралы өтініш беруге уәкілетті тұлғалардың байланыстары туралы ақпарат көрсетіледі (заңды тұлғаның толық және қысқа (қысқартылған) атауы және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошта мекенжайлары, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі). Бірнеше байланыс тұлғалары бар болған жағдайда олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.

      15-графада өтініш берушінің қолы қойылады, қолтаңбаның толық жазылуы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) және қол қойылған күні көрсетіледі.

      17. Өтінішке осы Регламентке № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мүше мемлекеттерде зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды растау үшін ұсынылатын құжаттар (түпнұсқа немесе куәландырылған, соның ішінде өтініш беруші куәландырған көшірмелер), сондай-ақ өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса тіркеледі.

      Егер өтініш беруші тіркеу нысанының 14-графасында көрсетілген байланыс тұлғасы болып табылмайтын жағдайда өтінішке құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жүгінуге, сондай-ақ Кодекстің 124-бабы 9-тармағының 1-тармақшасында көзделген мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жою туралы өтініш беруге өкілеттік ұсынатынын растайтын сенімхат (сенімхаттар) қоса тіркеледі.

      18. Өтінішке осы Регламентке № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылған міндеттеме қоса тіркеледі.

      Егер мүше мемлекеттердің аумақтарында ұқсас зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда өтінішке әрбір құқық иеленушінің міндеттемелері қоса тіркеледі.

      Мүше мемлекеттердің кеден органдарында құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүддесін ұсынуға сенімхат (сенімхаттар) не мұндай өкілеттіктерді растайтын өзге құжаттар болған кезде міндеттемені құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүддесін ұсынатын тұлға рәсімдеуі мүмкін.

      Міндеттемелер болмаған кезде өтініш қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш Комиссияға келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.

      19. Өтініш пен қоса тіркелген құжаттар орыс тілінде жасалады. Егер өтінішке қоса тіркелетін құжаттар өзге тілдерде жасалған жағдайда, олардың орыс тіліне аудармалары қоса тіркеледі. Аударманың дұрыстығына өтініш беруші жауапкершілік алады. Құжаттардың (түпнұсқалардың және көшірмелердің) мәтіні оқуға ыңғайлы және мөрлер мен штамптардың (олар болған жағдайда) ажыратылатын бедерлері болуы тиіс.

      20. Өтініш беруші оған шешім қабылданғанға дейін өтінішті кері қайтарып алуға құқылы. Комиссияға тиісті жүгіну келіп түскен жағдайда өтініш одан әрі қарауға жатпайды.

      Өтінішті кері қайтару кезінде өтініш беруші өтінішке қоса тіркелген құжаттарды сұратуға құқылы. Мұндай жағдайда сұратылған құжаттар өтініш берушіден жүгіну келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберіледі. Өзге жағдайларда өтінішті кері қайтару туралы жүгінуге жауап ұсынылмайды.

III. Өтінішті қарау тәртібі

      21. Өтінішті қарауды оған жауапты департаменттің директоры уәкілеттік берген жауапты департаменттің қызметкерлері (бұдан әрі – уәкілетті қызметкерлер) осы Регламентпен белгіленген тәртіпте және анықталған мерзімде жүзеге асырады.

      22. Комиссияның және мүше мемлекеттердің кеден органдарының лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өтініш беруші ұсынған ақпаратқа қолжетімділік алған өзге тұлғалар осы Реглементпен және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда жариялау жатпайтын ақпаратты жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға тапсыруға құқығы жоқ.

      Комиссияға таралуы шектеулі, соның ішінде құпия ақпаратты қамтитын құжаттар келіп түскен жағдайда, мұндай құжаттармен жұмыс Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 71 шешімімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      23. Уәкілетті қызметкер Комиссияға өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығын, қағаз тасымалдағыштағы тіркеу нысандарының электронды түрдегі тіркеу нысандарына сәйкестігін (өтініш қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде тапсырылған жағдайда), сондай-ақ сенімхат пен міндеттемені рәсімдеуге қойылатын талаптардың сақталуын текесреді.

      Егер құжаттар мен мәліметтер толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, өтініш берушіге көрсетілген мерзімде көрсетілген хабарлама жіберілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жетіспейтін құжаттар мен мәліметтерді ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Сенімхат және міндеттеме болмаған жағдайда осы Регламенттің 9-тармағы он бірінші абзацының және 18-тармағы төртінші абзацының ережелері қолданылады.

      Өтінішті қарау мерзімі көрсетілген хабарлама жіберілген күннен бастап тоқта тұрады және жетіспейтін құжаттар мен мәліметтер ұсынылған күннен бастап жаңғыртылады.

      Жетіспейтін құжаттар мен мәліметтер ұсынылмаған жағдайда өтініш одан әрі қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер басқаша белгіленбегенге дейін анық деп есептеледі.

      24. Жауапты департамент өтініш беруші құжаттар мен мәліметтерді толық көлемде ұсынған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орталық кеден органдарына электронды түрдегі өтінішті және өтініш берілген зияткерлік меншік объектілеріне қатысты тіркеу нысандарын жібереді.

      Өтініш осы Регламенттің 20-тармағына сәйкес қайтарып алынған жағдайда жауапты департамент бұл туралы өтініш берушіден жүгіну келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде орталық кеден органдарына хабарлайды.

      25. Орталық кеден органдары жауапты департамент өтініш пен тіркеу нысандарын жіберген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу нысандарының 5, 8 – 10 графаларында көрсетілген мәліметтерді тексереді және зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту үшін негіздемелер бар болған жағдайда осы Регламентке № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тартуды электронды түрде жауапты департаментке жібереді.

      Орталық кеден органының зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуден бас тартуы үшін негіз өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі болып табылады.

      26. Егер жауапты департаментке бір немесе бірнеше орталық кеден органдарынан зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту келіп түскен жағдайда, зияткерлік меншік объектісі бірыңғай тізілімге енгізілмейді. Мұндай жағдайда жауапты департамент осы Регламенттің 25-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім аяқталатын күнге дейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті қызметкер дайындайтын және жауапты департаменттің директоры (директордың орынбасары) қол қоятын зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілген шешім нөмірі мен күнін, зияткерлік меншік объектілерінің атаулары туралы мәліметтерді және бас тарту себептерін қамтуы тиіс.

      27. Өтініш берушіге осы Регламенттің 26-тармағының бірінші абзацында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орталық кеден органдарының бас тартуларының көшірмелері қоса тіркеле отырып зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге қосудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

      28. Егер осы Регламенттің 25-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде жауапты департаментке ешбір орталық кеден органынан бас тарту келіп түспеген жағдайда, осы мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қамтамасыз етуді ұсыну қажеттілігіне нұсқауды қамтуы тиіс зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама өтініш берушіге жіберіледі.

      29. Өтініш беруші осы Регламенттің 28-тармағында көрсетілген хабарлама жіберілген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жауапты департаментке қамтамасыз етуді немесе ол куәландырған қамтамасыз етудің көшірмесін ұсынады.

      Бұл ретте қамтамасыз ету сомасы шарт (шарттар) жасалған не мұндай шарттарға өзгерістер енгізілген күнгі қолданыстағы валюта бағамы бойынша 10 мың еуродан кем емес эквивалентті соманы құрауы тиіс.

      Қамтамасыз ету оның әрекет ету мерзімі, бірыңғай тізілімге енгізілетін зияткерлік меншік объектілерінің атаулары туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды растау үшін ұсынылған құжаттардың деректемелері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      Қамтамасыз ету сомасын Кодекстің 385-бабы 11-тармағының екінші абзацында көзделген валюта бағамының өзгеруімен туындайтын сомадан төмен азайту зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімнен шығару үшін негіз болып табылмайды.

      30. Мүше мемлекеттердің кеден органдарында құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүддесін ұсынуға тиісінше рәсімделген сенімхат (сенімхаттар) не мұндай өкілеттіктерді растайтынр өзге құжат болған жағдайда осы Регламенттің 29-тармағының екінші абзацында көрсетілген шарттарды құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүддесін ұсынатын тұлға рәсімдеуі мүмкін.

      31. Комиссияға қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жауапты департамент уәкілетті қызметкер дайындайтын және жауапты департаменттің директоры (директорының орынбасары) қол қоятын зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.

      32. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізу туралы шешім нөмірі мен күнін, зияткерлік меншік объектілерінің атаулары және зияткерлік меншік объектілері бірыңғай тізілімге енгізілетін шекті мерзім туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      Зияткерлік меншік объектілері бірыңғай тізілімге енгізілетін шекті мерзімнен ерте аяқталатын мына мерзімдердің бірі болып табылады:

      зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай тізілімге енгізілген күнінен бастап 2 жыл;

      өтініште көрсетілген мерзім;

      зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың әрекет ету мерзімі;

      қамтамасыз етудің немесе өтінішке қоса тіркелген өзге құжаттың әрекет ету мерзімі.

      33. Өтініш беруші қамтамасыз етуді осы Регламенттің 29-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда, жауапты департамент зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы мұндай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілген шешімді уәкілетті қызметкер дайындайды және жауапты департаменттің директоры (директордың орынбасары) қол қояды.

IV. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізу

      34. Осы Регламенттің 31-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жауапты департамент зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізуді, Одақтың ресми сайтында осы Регламенттің 53-тармағында көзделген мәліметтерді жариялауды қамтамасыз етеді және өтініш берушіге хабарлама жібереді.

      Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімге енгізу үшін ақы төленбейді.

      35. Бірыңғай тізілімге осы Регламентке № 6 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мәліметтер енгізіледі.

      36. Бірыңғай тізілімді жүргізуді уәкілетті қызметкер мәліметтердің бірыңғай тізілімге заңсыз енгізілуі, олардың өзгертілуі және тізілімнен шығарылуы мүмкіндігін болдырмайтын бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып электронды түрде жүзеге асырады.

      37. Зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімге енгізу кезінде осы объектіге мынадай тәртіпте қалыптастырылатын тіркеу нөмірі беріледі:

      00000/ХХ-NNNN-ККААЖЖ,

      мұндағы:

      00000 –зияткерлік меншік объектісіне оның түрі берген жазбаның 5-мәнді реттік нөмірі;

      ХХ – зияткерлік меншік объектісінің түрі ("АҚ" – авторлық құқық объектісі, "СҚ" – сабақтас құқықтар объектісі, "ТБ" – тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі));

      NNNN – зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімге енгізу туралы шешімнің нөмірі;

      ККААЖЖ – зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімге енгізу күні (күні, айы, жылдың соңғы 2 цифры).

V. Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу, соның ішінде қорғау мерзімін ұзарту

      38. Өтініште немесе ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгертілген жағдайда, өтініш беруші осы Регламентте көзделген тәртіпте мәліметтер өзгертілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізілімге осы мәліметтерге қатысты бөлігінде өзгерістер (толықтырулар) енгізу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      39. Бірыңғай тізілімге мынадай негіздер болған кезде өзгерістер (толықтырулар), соның ішінде қорғау мерзімін ұзартумен байланысты, енгізіледі:

      өтініш берушіден жүгіну келіп түсу;

      техникалық сипаттағы түзетулер енгізу қажеттілігі.

      Өтініш берушінің бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы, соның ішінде қорғау мерзімін ұзарту туралы жүгінуі өтініштерді рәсімдеу үшін осы Регламенттің 14-тармағының бірінші – үшінші абзацтарында көзделген талаптар ескеріле отырып рәсімделеді.

      Бірыңғай тізілімге енгізілген зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Регламенттің 45-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      40. Өзгерістер (толықтырулар), соның ішінде қорғау мерзімін ұзартумен байланысты, бірыңғай тізілімге уәкілетті қызметкер дайындаған және жауапты департаменттің директоры (директорының орынбасары) қол қойған шешімнің негізінде енгізіледі.

      41. Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім осы Регламенттің 39-тармағында көрсетілген негіздер туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

      42. Қорғау мерзімін ұзарту шексіз рет, бірақ қорғау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 45 жұмыс күні ішінде өтініш берушіден жүгіну келіп түскен жағдайда әрбір кезде 2 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды ұзарту мерзімі өтініш беруші жүгінуде көрсеткен мерзіммен анықталады, бірақ Комиссияға ұсынылған қамтамасыз етудің әрекет ету мерзімінен, сондай-ақ осы мерзім ерте аяқталатын мүше мемлекеттегі зияткерлік меншік объектісін құқықтық қорғау мерзімінен аспауы тиіс.

      43. Құқық иеленуші ауысқан жағдайда бірыңғай тізілімге өзгерістер енгізуге жол берілмейді, зияткерлік меншік объектісі бірыңғай тізілімнен шығарылуға жатады.

      44. Бірыңғай тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті қызметкер бірыңғай тізілімге тиісті өзгерістерді (толықтыруларды) енгізеді және өтініш берушіге хабарлама жібереді.

      45. Бірыңғай тізілімге енгізілген зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері немесе оның өкілі Одақтың ресми сайтындағы жеке кабинет сервистерін пайдалана отырып осы объектілерге қатысты мынадай мәліметтерді өзгертуді (толықтыруды) жүзеге асырады:

      түпнұсқа тауарлардың айналысына қатысты мәліметтер;

      зияткерлік меншік объектілеріне құқық бұзушылықтар белгілері бар тауарлардың айналысына қатысты мәліметтер;

      кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша шараларды қолдануын алып тастау туралы мәліметтер;

      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері бойынша жүгінуге, сондай-ақ Кодекстің 124-бабы 9-тармағының 1-тармақшасында көзделген мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жою туралы өтінішті беруге уәкілетті байланыс тұлғаларының хат-хабар алмасуға арналған мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі.

VI. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару

      46. Зияткерлік меншік объектілері бірыңғай тізілімнен мынадай негіздер болған кезде шығарылады:

      өтініш берушіден жүгіну келіп түсу;

      өтініш берушінің анық емес мәліметтерді ұсынуы фактісінің анықталуы;

      кез елген мүше мемлекетте зияткерлік меншік объектісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтата тұру;

      мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан (ұйымдарынан) бірыңғай тізілімде құқық иеленуші ретінде көрсетілген тұлғаның мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік объектісіне құқықтарынан айырылғаны немесе кез келген мүше мемлекетте мұндай құқықтарының шектелуі туралы ақпараттың келіп түсуі;

      кез келген мүше мемлекетте құқық иеленушінің өзгергені туралы ақпараттық келіп түсуі;

      қамтамасыз етудің әрекет етуінің тоқтауы.

      Өтініш берушінің зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару туралы жүгінуі өтінішті рәсімдеу үшін осы Регламенттің 14-тармағының бірінші – үшінші абзацтарында көзделген талаптар ескеріле отырып рәсімделеді.

      47. Егер өтініш берушінің зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімнен шығару туралы жүгінуін құқық иеленушінің өкілі тапсырған жағдайда жүгінуге құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығарумен байланысты өкілеттіктер беруін растайтын құжат қоса тіркеледі.

      48. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару уәкілетті қызметкер дайындаған және жауапты департаменттің директоры (директорының орынбасары) қол қойған шешімнің негізінде жүзеге асырылады.

      49. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару туралы шешім осы Регламенттің 46-тармағында көрсетілген негіздер туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

      50. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің анық еместігі туралы ақпарат келіп түскен жағдайда құқық иеленушіге (оның өкіліне), мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және өзге тұлғаларға зияткерлік меншік объектісін бірыңғай тізілімнен шығару үшін негіз болып табылатын мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну туралы сұрау жіберілуі мүмкін.

      Мұндай жағдайда зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару туралы шешімді қабылдау мерзімі 30 жұмыс күнінен дейін ұзартылады.

      51. Зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай тізілімнен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жүмыс күні ішінде уәкілетті қызметкер бірыңғай тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді және өтініш беруші мен орталық кеден органына хабарлама жібереді.

VII. Бірыңғай тізілімге қолжетімділік және бірыңғай тізілімнің мәліметтерін Одақтың ресми сайтында жариялау

      52. Орталық кеден органдары бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтерге мүше мемлекеттердің кеден органдарының уәкілетті тұлғаларының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      53. Жауапты департамент Одақтың ресми сайтында бірыңғай тізілімнің мынадай мәліметтерін жариялауды қамтамасыз етеді:

      зияткерлік меншік объектісінің тіркеу нөмірі;

      зияткерлік меншік объектісінің атауы (сипаты, кескіні);

      зияткерлік меншік объектісіне құқықты растау үшін ұсынылған құжаттың атауы және деректемелері;

      тауарлардың Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтер көрсетудің халықаралық сыныптауышына сәйкес атаулары және сыныптары;

      ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодтары;

      құқық иеленуші туралы мәліметтер;

      байланыс ақпараты;

      қорғау мерзімінің аяқталуы күні.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік
объектілерінің бірыңғай
кедендік тізілімін
жүргізу регламентіне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектілерін енгізу туралы өтініштің
НЫСАНЫ

      Еуразиялық экономикалық комиссия

      Өтініш

      ________________________________________________________________

      (құқық иеленушінің (құқық иеленуші өкілінің) атауы)

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне тіркеу нысандары осы өтінішке қоса берілген мынадай зияткерлік меншік объектілерін енгізуді сұраймын:

      1.______________________________________
(зияткерлік меншік объектісінің атауы)

      …

      n.______________________________________
(зияткерлік меншік объектісінің атауы)

      Анық емес мәліметтерді ұсыну салдарлары туралы хабардармын.

      Зияткерлік меншік объектілерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зиятркерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізу мәселелері бойынша хат-хабарды: _________________ электрондық пошта мекенжайы бойынша жіберуді сұраймын.

      Осы өтініште және оған қоса тіркелген құжаттар мен тіркеу нысандарында көрсетілген мәліметтер өзгертілген жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жылғы № шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізімілін жүргізу регламентінде көзделген шараларды тез арада қабылдауға міндет аламын.

      Еуразиялық экономикалық комиссияға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарына ұсынылатын мәліметтердің автоматты түрде, сондай-ақ автоматтандыру құралдарын пайдаланбай өңдеуге келісім беремін.

      Қосымша:

      1. Тіркеу нысандары __ парақта.

      2. Сенімхат (сенімхаттар) (бар болған жағдайда) __ парақта.

      3. Міндеттеме __ парақта.

      4. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды растау үшін ұсынылатын құжаттар __ парақта.

      5. Өзге құжаттар ___________ __парақта.

                        (көрсету)

      _____________ _________________________ _________________

      (лауазымы)            (қолы, мөрі (бар болған жағдайда)) (Т. А. Ә.)

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік
объектілерінің бірыңғай
кедендік тізілімін
жүргізу регламентіне
№ 2 ҚОСЫМША

Зияткерлік меншік объектілерінің тіркеу нысандары графаларының
ТІЗБЕСІ

      1. Зияткерлік меншік объектісі

      2. Құқық иеленушілердің саны

      3. Зияткерлік меншік объектісінің түрі

      4. Негізгі көріністер

      5. Құқық иеленуші

      6. Құқық иеленушінің өкілі

      7. Сенімхат

      8. Құқықты растау

      9. Түпнұсқа тауарлардың айналысына қатысты мәліметтер

      10. Зияткерлік меншік объектісіне құқық бұзушылық белгілері бар тауарлардың айналысына қатысты мәліметтер

      11. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары

      12. Шығару

      13. Зияткерлік меншік объектісіне құқықты қорғау мерзімі

      14. Байланыс тұлғалары

      15. Қолы және күні

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік
объектілерінің бірыңғай
кедендік тізілімін
жүргізу регламентіне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықты растау үшін ұсынылатын құжаттардың
ТІЗБЕСІ

1. Авторлық құқық объектілері үшін:

      1. авторлық құқық объектілерін тіркеуді растайтын құжаттар;

      авторлық құқық объектілерін депонирлеу туралы құжаттар;

      авторлық құқық объектілеріне айрықша құқықтан айыру туралы шарттар;

      авторлық құқық объектісіне айрықша құқықтың басқа тұлғаларға шартсыз өтуін растайтын құжаттар;

      жұмыс беруші мен автор арасындағы қызметтік туындыға қатысты еңбек немесе өзге де шарт.

      2. Сабақтас құқықтар объектілері үшін:

      сабақтас құқықтар объектілерін тіркеуді растайтын құжаттар;

      сабақтас құқықтар объектілерін депонирлеу туралы құжаттар;

      сабақтас құқықтар объектілеріне айрықша құқықтан айыру туралы шарттар;

      сабақтас құқықтар объектісіне айрықша құқықтың басқа тұлғаларға шартсыз өтуін растайтын құжаттар.

      3. Тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері) үшін:

      тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеуді растайтын құжаттар;

      мемлекеттік тізілімнен үзінді;

      халықаралық шарттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) құқықтық қорғаудың болуы туралы құжаттар.

      Ескерту: 1. Өтінішке осы тізбеде көзделген, өтініш берушіде белгілі бір зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау ерекшеліктері бар құжаттар қоса тіркеледі.

      2. Өтініш беруші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынуы мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік
объектілерінің бірыңғай
кедендік тізілімін
жүргізу регламентіне
№ 4 ҚОСЫМША

Мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттеме
НЫСАНЫ

МІНДЕТТЕМЕ

      зияткерлік меншік объектісін (объектілерін) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізу туралы ___________ж. № ______ өтінішке

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 358-бабының 9-тармағына сәйкес _______________________________________________       (құқық иеленушінің атауы)

      егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген тәртіпте зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы анықталмаған жағдайда, өтініште көрсетілген зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұрумен байланысты декларантқа, меншік иесіне, тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеуге міндеттеледі.

___________

________________

___________________

(күні)

(қолы)

(Т. А. Ә.)

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік
объектілерінің бірыңғай
кедендік тізілімін
жүргізу регламентіне
№ 5 ҚОСЫМША

Орталық кеден органының зияткерлік меншік объектісін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізуден
БАС ТАРТУЫ

                                                      (нысан)

      Орталық кеден органының атауы ________________________________ __________________________________________________________________

      Өтініштің нөмірі ______________________________________________

      Өтініш беруші ________________________________________________

      Осы құжатпен тіркеу нысанында көрсетілген зияткерлік меншік объектісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тітзіліміне енгізіле алмайтынын хабарлаймыз.

      Тіркеу нысанының нөмірі: ______________________________________

      Бас тарту үшін негіздеме: ______________________________________

      ________________________________________________________________________________________________________________________________

      Орталық кеден органының уәкілетті тұлғасының тегі, аты-жөнінің бас әріптері және лауазымы ______________________________________________________

      Орталық кеден органының байланыс тұлғасының тегі, аты-жөнінің бас әріптері, лауазымы, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы ____________________________________________

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік
объектілерінің бірыңғай
кедендік тізілімін
жүргізу регламентіне
№ 6 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің
ТІЗБЕСІ

      1. Зияткерлік меншік объектісінің тіркеу нөмірі.

      2. Зияткерлік меншік объектісінің атауы (сипаты, кескіні).

      3. Зияткерлік меншік объектісіне құқықты растау үшін ұсынылған құжаттың атауы және деректемелері.

      4. Тауарлардың Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтер көрсетудің халықаралық сыныптауышына сәйкес атаулары және сыныптары.

      5. Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кодтары.

      6. Құқық иеленуші туралы мәліметтер.

      7. Байланыс ақпараты.

      8. Қорғау мерзімінің аяқталатын күні.

      9. Түпнұсқа тауарлардың айналысына қатысты мәліметтер.

      10. Зияткерлік меншік объектісіне құқық бұзушылық белгілері бар тауарлардың айналысына қатысты мәліметтер.

      11. Шығару.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады