Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, зығыр талшығы, тері-терсек, мақта талшығы және жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының 2017–2018 жылдарға арналған теңгерімдері туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 4 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия әзірленген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен келісілген агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, зығыр талшығы, тері-терсек, мақта талшығы және жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының 2017–2018 жылдарға арналған теңгерімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауда көлемін арттыру мақсатында пайдалануы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияласын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады