Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының І бөлімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 147 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының I бөлімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (бұдан әрі – тиісінше мүше мемлекеттер, Одақ) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну қағидаларын айқындайды.
2. Осы Тәртіп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) Комиссияға ұсынуын қоса алғанда, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Комиссияның және мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимыл процесінде электрондық нысанда ақпарат алмасуды айқындайды:
а) мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және жеткізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді не оларды ресми жариялау көзі туралы ақпаратты;
б) Одақтың ақпараттық порталында орналастыру үшін мұнай саласының жай-күйі туралы ақпаратты.
3. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде ақпарат беру анықтық, толықтық және қол жетімділік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында таратылуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жатқызылған ақпарат алмасу және оны пайдалану мүше мемлекеттер заңнамасының оны қорғау жөніндегі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
5. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға Одақтың ақпараттық порталында жариялау үшін электрондық нысанда мынадай ақпаратты ұсынады:
а) мүше мемлекеттердің мұнай саласының негізгі өндірістік көрсеткіштері туралы. Ақпарат 2016 жылғы 22 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын қалыптастырудың әдіснамасы туралы келісімде көзделген тізбеге, нысанға және мерзімдерге сәйкес ұсынылады;
б) мұнай және мұнай өнімдері бағасының индикаторлары туралы мәліметтер көзі туралы (болған жағдайда).
6. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға Одақтың ақпараттық порталында жариялау үшін электрондық нысанда (не оларды ресми жариялау көзі туралы ақпарат), мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және жеткізу саласындағы актілерді ұсынады, оның ішінде:
а) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қатысты тариф белгілеу (баға белгілеу) әдістемелерін. Ақпарат жылына кемінде 1 рет, ал көрсетілген тариф белгілеу (баға белгілеу) әдістемелері өзгерген жағдайда – тиісті актілер күшіне енген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынылады;
б) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтері (бағалары) туралы ақпаратты. Ақпарат жылына кемінде 1 рет, ал көрсетілген тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда – тиісті актілер күшіне енген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынылады
в) мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарды. Ақпарат жылына кемінде 1 рет, ал көрсетілген халықаралық шарттар өзгерген жағдайда – тиісті актілер күшіне енген күннен бастап немесе оларды уақытша қолдану басталғаннан бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
7. Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан электрондық нысанда алынған қосымша қосымша мәліметтер негізінде Одақтың ақпараттық порталында мынадай ақпаратты жариялайды:
а) мүше мемлекеттердің ашық қол жеткізудегі бағдарламалық-стратегиялық құжаттарына сәйкес мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелерін дамыту жоспарлары туралы. Ақпарат жыл сайын 1 наурызға дейін ұсынылады;
б) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және олардың ресми сайттары туралы. Ақпарат жыл сайын 1 наурызға дейін ұсынылады.