Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамында әсер ететін заттар ретінде микроорганизмдердің зат алмасу өнімдерінің ұрықсыз су субстраттары, сондай-ақ ішектің қалыпты микрофлорасының тепе-теңдігін қалпына келтіруге және реттеуге, организмнің қорғаныс қасиеттерін күшейтуге арналған қосалқы заттар бар, ішке қабылдауға арналған ерітінді түріндегі сұйық нысандағы препарат сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |