Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес микроорганизмдердің зат алмасу өнімдерінің ұрықсыз су субстраттары негізінде препаратты сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 173 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында әсер ететін заттар ретінде микроорганизмдердің зат алмасу өнімдерінің ұрықсыз су субстраттары, сондай-ақ ішектің қалыпты микрофлорасының тепе-теңдігін қалпына келтіруге және реттеуге, организмнің қорғаныс қасиеттерін күшейтуге арналған қосалқы заттар бар, ішке қабылдауға арналған ерітінді түріндегі сұйық нысандағы препарат сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады