1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 37 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар ("жол картасы") жоспарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 – 4-тармақтардағы "2018 – 2019" деген цифрлар "2019 – 2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын:
7 – 10-тармақтардағы "2021" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов