Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар ("жол картасы") жоспарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 5 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 37 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар ("жол картасы") жоспарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2 – 4-тармақтардағы "2018 – 2019" деген цифрлар "2019 – 2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын:

      7 – 10-тармақтардағы "2021" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады