Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №20 қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат ұсыну туралы" өкімінің 2-тармағына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар ("жол картасы") жоспары бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден осы Өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шараларды дер кезінде іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ осындай іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны жыл сайын хабардар етіп отыру сұралсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский А.Мамин Т.Абдыгулов И.Шувалов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 37 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар ("жол картасы") ЖОСПАРЫ
Іс-шараның атауы | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушы | Күтілетін нәтиже |
І кезең. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заң шығарушылық жұмысын реттеудің жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу
1.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) уәкілетті органдары берген ақпаратты талдау: |
жыл сайын |
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) |
талдамалы баяндама, |
ІІ кезең. Келісілген тәсілдемелерді тұжырымдау және Одақ органдарының мүше мемлекеттердің табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнамасын үндестіруге бағытталған актілерін олар Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитетте қаралғаннан кейін қабылдау
6.Осы жоспардың 1-кезеңінде көзделген талдау нәтижелері негізінде қызметтер көрсетуді табиғи монополиялар саласына жатқызу, табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеудің белгіленген қағидаттары мен қағидаларын қолдану және мүше мемлекеттердің табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнамасын үндестіруді бағалау кезінде келісілген тәсілдемелер қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар дайындау |
2020 жылғы |
Комиссия |
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген ұсыныстар |
ІІІ кезең. Мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру
11.Мүше мемлекеттердің осы жоспардың ІІ кезеңінде көзделген Одақ органдары актілерін іске асыруы |
мүше мемлекеттер белгілеген мерзімдерге сәйкес |
мүше мемлекеттер |
мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері |