Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Экспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы" №2 шешімінің 4-тармағын, сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы "2018-2020 жылдары "Еуразиялық апта" көрме форумын өткізу туралы" № 21 өкімін іске асыру мақсатында:
1. 2019 жылғы 25 - 27 қыркүйекте Қырғыз Республикасында (Бішкек қаласы) "Еуразиялық апта" көрме форумын (бұдан әрі – форум) өткізумен келісілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтерінен және Еуразиялық экономикалық комиссиядан (бұдан әрі – Комиссия) форумды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу жөніндегі мәселелерді пысықтау сұралсын.
3. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Өкім күшіне енген күннен бастап 15 күндік мерзімде форумның ұйымдастыру комитетінің құрамына қосу үшін, оған мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуы қажеттігін көздей отырып, кандидатураларды Комиссияға беру сұралсын.
4. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жасай отырып форумға мүше мемлекеттердің мемлекеттік құрылымдарының, бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін, үшінші елдердің өкілдерін қоса, басқа да қатысушыларды алдын ала шақыруды көздестірсін.
5. Комиссия Алқасы:
мүше мемлекеттердің және Комиссияның өкілдерін оған қоса отырып, форумның Комиссия Алқасының мүшесі басқаратын ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітсін;
форумның ұйымдастыру комитетінің қызметін қамтамасыз етсін.
6. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов