2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-бабын іске асыру мақсатында және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Экспорттты дамытуға бағытталған шаралар туралы" №2 шешімінің 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып:
1. "Еуразиялық апта" көрме форумы 2018 жылы – Армения Республикасында, 2019 жылы – Қырғыз Республикасында, 2020 жылы – Беларусь Республикасында өткізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |