Экспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 2 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер, Одақ) үкіметтері кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын сақтандыру тұрғысынан қолдауды дамыту мақсатында ұлттық экспорттық-кредиттік агенттіктермен бірлесіп, қажетті шараларды, оның ішінде:

      ұлттық экспорттық-кредиттік агенттіктердің қызметін үйлестіру бойынша;

      ұлттық экспорттық-кредиттік агенттіктер арасындағы экспорттық тәуекелдерді қоса сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша;

      мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерімен өзара іс-қимылда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің экспортын жүзеге асыратын ұйымдарды кредиттеуді жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде халықаралық рейтинг агенттіктерінің болу-болмауына және деңгейіне қарамастан және тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің экспортын жүзеге асыратын ұйымдарды кредиттеу кезінде тәуекелдерді нақты азайту негізінде мемлекеттік қолдау (мемлекеттік бюджетте ұлттық экспорттық-кредиттік агенттікке бюджеттік несиелерге қаражат және (немесе) ұлттық экспорттық-кредиттік агенттіктердің міндеттемелері бойынша мемлекет кепілдігі немесе қолдаудың басқа да нысандары көзделген) ұсынылатын ұлттық экспорттық-кредиттік агенттіктердің полистерін кредиттеу мақсаттары үшін қамтамасыз етуге өзара қабылдау бөлігінде қолайлы жағдай жасау мәселелерін қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің экспортын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселесін пысықтау бойынша шаралар қабылдасын.

      2. Мүше мемлекеттер үкіметтері экспортты кредиттеуді дамыту мақсатында мүше мемлекеттердің даму банктерімен бірлесіп, кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын кредиттік тұрғыдан қолдауды қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын, оның ішінде:

      а) мүше мемлекеттердің құзыретті мемлекеттік органдарын тарта отырып, мүше мемлекеттердің даму банктерінің консультативтік органын (кеңесін) құру;

      б) мүше мемлекеттерде кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын қолдауды қаржыландырудың қолда бар бағдарламалары шеңберінде есепке алу;

      в) мүше мемлекеттерде кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын бірлесіп қолдау мақсатында мүше мемлекеттердің даму банктері арасында кредиттеудің жүзеге асырылуын жандандыру;

      г) мүше мемлекеттерде кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын кредиттеуді қолдаудың тетіктерін дамыту.

      3. Мүше мемлекеттер үкіметтері экспортты лизингтік тұрғыдан қолдауды дамыту мақсатында мүше мемлекеттердің даму банктерімен бірлесіп, мыналарды қамтамасыз ететін ұсыныстар әзірлесін:

      а) лизингтік операцияларды қаржыландыру жөніндегі құралдардың қолда бар бағдарламалары шеңберінде есепке алу және олар бойынша валюталық тәуекелдерді азайту;

      б) мүше мемлекеттердің лизингтік компанияларының мүше мемлекеттердің даму банктерінің экспортты қолдау жөніндегі бағдарламаларына қатысуы.

      4. Көрме-жәрмеңке қызметін және экспозициялық қызметті дамыту, жарнамалық және имидждік іс-шараларды өткізу мақсатында:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі ֊ Комиссия) Кеңесінің мүше мемлекеттерден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден және басқа да мүдделі мемлекеттерден экспоненттерді тарта отырып, "Еуразиялық апта" жыл сайынғы форумын мүше мемлекеттерде кезегімен өткізу жөніндегі бастамасы, сондай-ақ аталған форумды 2016 жылы Ресей Федерациясында, 2017 жылы Қазақстан Республикасында ("ЭКСПО-2017" алаңында) өткізу туралы ұсынысы мақұлдансын;

      б) мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Комиссия мүше мемлекеттердің аумағында кооперациялық негізде өндірілген тауарлардың экспортын бірлесіп ілгерілету мақсатында жыл сайын 2016 жылдан бастап
1 желтоқсанға дейін мүше мемлекеттердің келесі күнтізбелік жылға арналған көрме-жәрмеңке іс-шараларының бірлескен бағдарламасын (мүше мемлекеттердің атқарушы билігінің уәкілетті органдарын көрсете отырып) және аталған іс-шаралардың жоспар-кестесін әзірлеуді қамтамасыз етсін.

      5. Мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Комиссия Одақтың кедендік аумағынан тауарларды экспорттау кезіндегі әкімшілік рәсімдерді оңайлату мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жобасына тиісті ережелердің енгізілуін қарастырсын.

      6. Мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Комиссия мүше мемлекеттердің, оның ішінде үшінші елдермен преференциялық сауда келісімдерін жасасу жоспарын ескере отырып, елдік және салалық экспорттық басымдықтарын қалыптастырсын.

      7. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан


Беларусь Республикасынан


Қазақстан Республикасынан


Ресей
Федерациясынан




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады