Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Бір корпуста микрофонмен, қабылдап таратқыш Bluetooth модульмен және аккумулятор батареясымен біріктірілген бір немесе бірнеше дыбыс ұлғайтқыштан тұратын, басқару түймешелерімен, сыртқы аудио дереккөздеріне қосылуға арналған жалғағыштармен және аккумулятор батареясымен жабдықталған, қосылған құрылғылардан аудиосигналдарды тыңдауға және қатты дауысты байланыс режимінде телефонмен байланысу арқылы сөйлесуді ұйымдастыруға арналған портативті сымсыз акустикалық жүйе сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8518 30 950 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |