Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес портативті сымсыз акустикалық жүйені сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 150 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Бір корпуста микрофонмен, қабылдап таратқыш Bluetooth модульмен және аккумулятор батареясымен біріктірілген бір немесе бірнеше дыбыс ұлғайтқыштан тұратын, басқару түймешелерімен, сыртқы аудио дереккөздеріне қосылуға арналған жалғағыштармен және аккумулятор батареясымен жабдықталған, қосылған құрылғылардан аудиосигналдарды тыңдауға және қатты дауысты байланыс режимінде телефонмен байланысу арқылы сөйлесуді ұйымдастыруға арналған портативті сымсыз акустикалық жүйе сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8518 30 950 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады