Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комсиссия Алқасы шешті:
1. Пальма майынан гидролиздеу, дистилляциялау және гидрогениздеу арқылы алынған, түйіршікті ұнтақ түрінде ұсынылған және жануарлардың жеміне қосуға арналған хош иістендіруді қоса отырып, кремний диоксиді немесе бентонит сияқты жабысқақ затпен себілген пальма майының монокарбонды майлы қышқылдар (негізінен пальмитинді және стеоринді қышқылдар) қосындысы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3823 тауар позициясында сыныпталады.
2. Пальма майынан түйіршікті ұнтақ түрінде ұсынылған және жануарлардың жеміне қосуға арналған лецитинді қоса отырып, гидролиздеу, дистилляциялау және гидрогениздеу арқылы алынған пальма майының монокарбонды майлы қышқылдар қосындысы (негізінен пальмитиндік және олейнді қышқылдар) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2309 тауар позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |