Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес пальма майының монокарбонды майлы қышқылдар қосындысының сыныптамасы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 1 желтоқсандағы № 160 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комсиссия Алқасы шешті:

      1. Пальма майынан гидролиздеу, дистилляциялау және гидрогениздеу арқылы алынған, түйіршікті ұнтақ түрінде ұсынылған және жануарлардың жеміне қосуға арналған хош иістендіруді қоса отырып, кремний диоксиді немесе бентонит сияқты жабысқақ затпен себілген пальма майының монокарбонды майлы қышқылдар (негізінен пальмитинді және стеоринді қышқылдар) қосындысы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3823 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Пальма майынан түйіршікті ұнтақ түрінде ұсынылған және жануарлардың жеміне қосуға арналған лецитинді қоса отырып, гидролиздеу, дистилляциялау және гидрогениздеу арқылы алынған пальма майының монокарбонды майлы қышқылдар қосындысы (негізінен пальмитиндік және олейнді қышқылдар) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2309 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады