Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Табиғи газ немесе пропан-бутанның жануы кезінде сәуле шығаратын құбырлардан жылу беру нәтижесінде әртүрлі үй-жайларды жылытуға арналған сәуле шығаратын құбырлардан, иіннен (немесе онсыз) және қара металдардан жасалған шағылыстырғыштан, жанарғы блогынан және желдеткіштен тұратын инфрақызыл газ жанарғысы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7322 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |