Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес инфрақызыл газ жанарғысын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 168 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Табиғи газ немесе пропан-бутанның жануы кезінде сәуле шығаратын құбырлардан жылу беру нәтижесінде әртүрлі үй-жайларды жылытуға арналған сәуле шығаратын құбырлардан, иіннен (немесе онсыз) және қара металдардан жасалған шағылыстырғыштан, жанарғы блогынан және желдеткіштен тұратын инфрақызыл газ жанарғысы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7322 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады