Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Тұйықталған шиыршық тәрізді траектория бойынша тауарларды үзіліссіз тасымалдауға арналған, таспаның қозғалысын бағыттап отыратын тіреуіш бағаналардан, үйкеліс күші есебінен таспаны қозғалысқа келтіретін сатылас орталық барабаннан, сымтемірден жасалған оралған торкөзі бар көлденең біліктермен байланысқан, иілген нысандағы қапталдық пішімдерден жасалған модульдік конструкциялар түріндегі конвейерлік таспадан, басқару панелінен тұратын шиыршықты конвейерлік жүйе сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8428 33 000 0 20 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |