Шиыршықты конвейерлік жүйені Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 146 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Тұйықталған шиыршық тәрізді траектория бойынша тауарларды үзіліссіз тасымалдауға арналған, таспаның қозғалысын бағыттап отыратын тіреуіш бағаналардан, үйкеліс күші есебінен таспаны қозғалысқа келтіретін сатылас орталық барабаннан, сымтемірден жасалған оралған торкөзі бар көлденең біліктермен байланысқан, иілген нысандағы қапталдық пішімдерден жасалған модульдік конструкциялар түріндегі конвейерлік таспадан, басқару панелінен тұратын шиыршықты конвейерлік жүйе сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8428 33 000 0 20 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады