Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 2 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 8 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру механизмдеріне сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын іске асыру туралы № 2 шешімінің 3-тармағының үшінші абзацындағы "2020-2021 жылдары" деген сөздер "2021-2022 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 
 

Беларусь Республикасынан
 
 

Қазақстан Республикасынан

 

 
Қырғыз
Республикасынан

 
 

 
Ресей
Федерациясынан

 
 



О внесении изменения в пункт 3 Решения Евразийского межправительственного совета от 30 апреля 2019 г. № 2

Решение Евразийского Межправительственного Совета от 20 августа 2021 года № 8.

      В целях реализации Основных направлений реализации цифровой повестки Евразийского экономического союза до 2025 года, утвержденных Решением Высшего Евразийского экономического совета от 11 октября 2017 г. № 12, в соответствии с механизмами реализации проектов в рамках цифровой повестки Евразийского экономического союза, утвержденными Решением Евразийского межправительственного совета от 1 февраля 2019 г. № 1, Евразийский межправительственный совет решил:

      В абзаце третьем пункта 3 Решения Евразийского межправительственного совета от 30 апреля 2019 г. № 2 "О реализации проекта "Евразийская сеть промышленной кооперации, субконтрактации и трансфера технологий" слова "в 2020 - 2021 годах" заменить словами "в 2021 - 2022 годах".


Члены Евразийского межправительственного совета:
От Республики Армения От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской Республики От Российской Федерации