1. "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру басталсын.
2. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі" жобасының паспорты бекітілсін.
3. Мыналар:
жобаны іске асыруға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің барлығы қатысады;
жобаны 2019 – 2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссия іске асыратын іс-шаралар бөлігінде қаржыландыру цифрлық күн тәртібін іске асыруға жұмсалатын шығыстар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және дамытуға көзделген Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия:
жобаны үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының құрамын және оның басшысын бекітсін;
жобаның техникалық тапсырмасын бекітсін.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір ай мерзімде:
жобаны іске асыруға жауапты уәкілетті органдарды (ұйымдарды) айқындасын және олар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
жобаны үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатураларды Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынсын;
Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі ұлттық компоненттерінің операторларын айқындасын және олар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жұмыс істеп тұрған және құрылатын ұлттық компоненттердің сервистерін дамытуды және оларды Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісіне қосуды қаржыландыруға грант алу үшін құжаттарды Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына ұсыну туралы мәселені зерделесін.
7. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Бөлім
|
Мазмұны
|
1. Жобаның атауы
|
Өнеркәсіптік кооперацияның, субконтрактацияның және технологиялар трансферінің Еуразиялық желісі (бұдан әрі – Еуразиялық желі)
|
2. Жобаның мақсаттары мен негізгі нәтижелері
|
жобаның мақсаттары:
өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе құру;
ірі өндірушілердің өндірістік тізбегіне шағын және орта кәсіпорындарды тарту;
мемлекеттік билік органдарының толассыз процестері мен цифрлық сервистеріне шаруашылық жүргізуші субъектілердің және мүше мемлекеттердің мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;
өндірістік тізбектерді модельдеу және өндірістік қуаттарды оңтайлы жүктеу;
технологиялар трансфері жолымен инновациялық процестерді ынталандыру;
мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің халықаралық цифрлық экожүйелерін пайдаланып, өнеркәсіп субъектілерінің өнімін ілгерілету мүмкіндігі болып табылады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде мүше мемлекеттер сервистерінің аумақ бойынша бөлінген жиынтығына (оның ішінде ұлттық компоненттердің кооперациясы, субконтрактациясы және технологиялар трансфері сервистерін енгізу есебінен) және шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті және өнеркәсіптік кооперация мен технологиялар трансферін қолдауды қамтамасыз ететін шоғырландырылған ақпараттың ауқымды көлеміне қол жетімділік қамтамасыз етілетін болады.
Еуразиялық желіні құру мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның кросс-салалық процестерді жүргізу және мүше мемлекеттердің аумақтарында шаруашылық жүргізуші субъектілердің цифрлық кооперациясын қолдау құралдарын пайдалану кезінде бірлескен міндеттерді шешу процесінде синергетикалық тиімділікке қол жеткізуді, бизнестің цифрлық күн тәртібіне енгізуді кеңейтуді және цифрлық алшақтықты жеңуді, сондай-ақ қолайлы іскерлік ортаны дамытуды болжайды.
Жобаның негізгі нәтижелері:
жобаны іске асыру жөніндегі жоғары деңгейлі жоспарды (бұдан әрі – жоғары деңгейлі жоспар) орындау;
Еуразиялық желінің базалық және интеграциялық компоненттерін құру болып табылады.
Базалық сценарий бойынша мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс.
Еуразиялық желінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тізіліміне енгізілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны (базалық сценарий):
I кезең (2019 ж. ІІ тоқсан – 2019 ж. IV тоқсан) – 17,3 мың шаруашылық жүргізуші субъект;
II кезең (2020 ж. I тоқсан – 2020 ж. IV тоқсан) – 64,3 мың шаруашылық жүргізуші субъект;
2024 жылы – 134,7 мың шаруашылық жүргізуші субъект.
Ақпараттық ресурстардағы өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар бірліктерінің саны (өнім, қызметтер, технологиялар, сұраныс туралы мәліметтер) (базалық сценарий):
I кезең (2019 ж. ІІ тоқсан – 2019 ж. IV тоқсан) – 35,0 мың бірлік;
II кезең (2020 ж. I тоқсан – 2020 ж. IV тоқсан) – 128,3 мың бірлік;
2024 жылы – 258,6 мың бірлік.
Мүше мемлекеттердің арасындағы, мүше мемлекеттер мен Еуразиялық желіге кіру перспективасы бар үшінші елдердің – Германия, Қытай, Сингапур арасындағы трансшекаралық сауда шеңберінде жасалған келісімшарттардың саны:
Сценарий
|
Келісімшарттардың саны (дана)
|
I кезең
|
II кезең
|
2024 жыл
|
Базалық
|
148
|
1 501
|
2 562
|
Оптимистік
|
297
|
3 003
|
5 124
|
Пессимистік
|
<5
|
15
|
25
| Мүше мемлекеттердің арасындағы, мүше мемлекеттер мен Еуразиялық желіге кіру перспективасы бар үшінші елдердің – Германия, Қытай, Сингапур арасындағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі мәмілелер көлемі (Еуразиялық желіге қосылу есебінен айналым өсімін ескергенде):
Сценарий
|
Мәмілелер көлемі (млн. рубль)
|
I кезең
|
II кезең
|
2024 жыл
|
Базалық
|
3 780,0
|
38 616,3
|
78 117,2
|
Оптимистік
|
7 560,0
|
77 232,5
|
156 234,3
|
Пессимистік
|
37,8
|
386,1
|
781,2
|
Еуразиялық желінің мынадай сервистері қосылуға тиіс.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің базалық сервистері:
Еуразиялық желініңшаруашылық жүргізуші субъектілерінің тізіліміндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер туралы мәліметтерді енгізу, верификациялау және іздестіру;
өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар туралы, сондай-ақ оларға сұраныс және ұсыныстар туралы мәліметтердің ақпараттық ресурстарына енгізу,верификациялау және іздестіру.
Базалық аналитикалық сервистер:
мүше мемлекеттерде көп өлшемді талдау мүмкіндігімен өнеркәсіптік кооперацияны, субконтрактацияны және технологиялар трансферін талдау және мониторингтеу сернвистері;
индустриялық-инновациялық объектілер мен олардың инфрақұрылымы туралы мәліметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету ("Өнеркәсіп атласы" геоақпараттық сервисі);
өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері туралы білімдер базасы (wiki).
Ұлттық сервистер:
технологиялық сұрау салулар мен технологиялық ұсыныстар қалыптастыру жөніндегі технологиялар трансферінің сервистері;
өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шараларының сервис-навигаторы;
өнеркәсіптік өнімді сертификаттау, омологациялау жөніндегі қызметтерді, соның ішінде өндірістік объектілерді және олардың қызметін стандарттау жөніндегі қызметтерді іздестіру және оларға тапсырыс беру сервисі.
Сервис-провайдерлердің сервистері:
субконтрактацияның таңдап алынған тізбегі бойынша келісімшарттар жасасу сервисі;
кооперациялық тізбектер құру сервисі;
келісімшарттың орындалуын бақылау сервисі;
көлік-логистикалық сүйемелдеу сервистері;
қаржы қызметтиері мен сақтандыру қызметтерінің маркетплейсі;
салалық және халықаралық бенчмаркинг;
заңдық маңызы бар құжат айналымы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында деректер алмасу (EDI);
қоржындық инвесторды сүйемелдеу, контрагентті іздестіру және индустриялық жобаларға инвестиция салу туралы шарттар жасасу сервисі;
кепілдік берілген тапсырысты қамтамасыз ету сервисі;
өндірістік алаңды, жабдықты және мүлікті жалдау сервисі.
Нақты сервисті ұсыну туралы шешімді ұлттық компоненттің операторы және/немесе ұлттық сервис-провайдер ұлттық деңгейде қабылдайды.
|
3. Жобаның шеңберлері
|
жоба шеңберінде құрылатын Еуразиялық желі мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өнеркәсіптік кооперацияны, субконтрактацияны және технологиялар трансферін жүзеге асыруы кезіндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған.
Осы мақсаттармен:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің тізілімін, сондай-ақ өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметтер, технологиялар туралы, сондай-ақ оларға сұраныс және ұсыныстар туралы мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды қамтитын Еуразиялық желінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру;
цифрландыру және қажет болған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактация шеңберіндегі өзара іс-қимылы процестерін реинжинирингтеу;
цифрландыру және қажет болған жағдайда технолгиялар трансфері процестерін реинжинирингтеу;
өнеркәсіптік кооперацияға, субконтрактацияға және технологиялар трансферіне сәйкес келетін (атап айтқанда, қаржылық) процестерді цифрландыру;
шаруашылық жүргізуші субъектілердіңөнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансферішеңберіндегі өзара іс-қимылы туралы ақпаратты мониторингтеу және талдау құралдарын жасау көзделген.
Еуразиялық желі, соның ішінде өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері процестерін цифрландыруды қамтамасыз ететін ұлттық компоненттердің функционалдық сервистеріне қол жетімділік беретін болады, сондай-ақ ол кейіннен өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері процестерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қажетті қаржылық, логистикалық және өзге де қызметтерді көрсететін сервистермен кеңейтілуі және түрлендірілуі мүмкін.
Еуразиялық желі үшінші елдердің қатысушыларымен үшінші мемлекеттердің сервистері, сервис-провайдерлері, ұлттық компоненттері деңгейінде өзара іс-қимыл жасау және ықпалдасу механизмдерін, сондай-ақ үшінші елдердің цифрлық платформаларымен өзара іс-қимыл механизмдерін көздейтін болады.
Жоба шеңберінде:
үшінші елдердің қатысушыларымен үшінші елдердің сервистері, сервис-провайдерлері, ұлттық компоненттері деңгейіндегі өзара іс-қимылды практикалық іске асыру;
әскери-техникалық ынтымақтастыққа, мемлекеттік құпияға немесе қол жетімділігі шектеулі мәліметтерге жататын мәселелер бойынша кооперация;
Еуразиялық желінің интеграциялық компонентіндегі дербес деректерді өңдеу және сақтау;
ұлттық деңгейдегі сервистерді қосу кезінде ұлттық компоненттер операторларының қызметін регламенттеу көзделмеген.
Электрондық құжаттардың заңдық маңыздылығын қамтамасыз етуді мүше мемлекеттердің заңнамасы мен Одақ құқығы шеңберінде сервис-провайдерлер іске асырады.
|
4. Жолберілімдер, шектеулер, тәуекелдер
|
Еуразиялық желінің экожүйелік байланыстарының тұрақсыздығы;
бағдарламалық-техникалық құралдардың және инфрақұрылым объектілерін сатып алудың (жалдаудың) қымбаттауына байланысты экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер;
мүше мемлекеттердің электрондық-цифрлық қолтаңбаларды өзара тануы туралы шешімдердің ұзақ уақыт болмауы тәуекелдері;
қаржылық тәуекелдер;
салық тәуекелдері;
кедендік-тарифтік реттеу тәуекелдері;
саяси тәуекелдер.
Жобаны шектеу:
мүше мемлекеттердің тарапынан қаржылық және әкімшілік қолдау қажеттігі;
басқа да Еуразиялық цифрлық бастамалармен және Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді оларды іске асыруда синхрондау қажеттігін және кешігу мүмкіндігін ескере отырып іске асырумен байланыстылық.
|
5. Жобаныіскеасырумерзімдері
|
біріншікезең: 2019 ж. ІІ тоқсан – 2019 ж. IV тоқсан;
екіншікезең: 2020 ж. I тоқсан – 2020 ж. IV тоқсан
|
6. Жобаға қатысушылардың рөлдері мен жауапкершіліктерін бөлу
|
Еуразиялық желінің қатысушылары:
Комиссия;
желі операторы;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары;
Еуразиялық желінің ұлттық компоненттерінің операторлары;
сервис-провайдерлер;
субконтрактацияжәнетехнологиялар трансферіорталықтары;
шаруашылық жүргізуші субъектілер.
Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен ұйымдарының тізбесі (субконтрактация):
Армения Республикасы –Армения РеспубликасыЭкономикалық даму жәнеинвестицияларминистрлігі;
Беларусь Республикасы –Беларусь Республикасы Экономика министрлігі (үйлестіруші). Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі өкілеттіктер Белоруссияның кәсіпкерлерді қаржылық қолдау қорына берілген;
Қазақстан Республикасы –"NADLoС" жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйым);
Қырғыз Республикасы –Қырғыз Республикасы Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитеті;
РесейФедерациясы –РесейФедерациясыӨнеркәсіпжәнесаудаминистрлігі (үйлестіруші). Еуразиялық желінің ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі өкілеттіктер Ресей Федерациясының Өнеркәсіпті дамыту қорына берілген.
Мүше мемлекеттердегіуәкілетті органдар мен ұйымдардың тізбесі (технологиялар трансфері):
Армения Республикасы – қазіргі кезде жоқ;
Беларусь Республикасы –Беларусь Республикасы Ғылым және технологиялар мемлекеттік комитеті (ұлттық деңгейде жалпы үйлестіру), Республикалық технологиялар трансфері орталығы (технологиялар трансфері мәселелері);
Қазақстан Республикасы –Қазақстан Республикасының Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі;
Қырғыз Республикасы –Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитеті;
РесейФедерациясы –РесейФедерациясыныңӨнеркәсіптідамытуқоры.
|
7. Жобабойыншаесептер
|
мониторинг жүргізужөніндегінегізгіқызметтіүйлестіру тобы желіоператорыменөзараіс-қимылдажүзеге асырады. Мониторинг барысында мынадай есептер қалыптастырылады:
Одақ органы ұсынатын тоқсан сайынғы есептілік;
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді бағалау арқылы жобаны іске асырылуы бойынша қорытынды есеп;
үйлестіру тобының сұрау салулары бойынша есептер;
Еуразиялық желінің ұлттық компоненттері операторлары мен сервис-провайдерлердің желі операторына беретін есептілігі.
|
8. Меншікқұқығы
|
Еуразиялық желінің базалық және интеграциялық компоненттерінің құқық иеленушісі Комиссия болып табылады.
Еуразиялық желінің ұлттық компоненттеріне құқықтарды регламенттеу мүше мемлекеттердің қарауында болады. Сервистерге құқықтар сервис-провайдерлерге тиесілі.
|
9. Қаржыландыру көздері және көлемі
|
Жобаны қаржыландыру мәселелері жобаның техникалық тапсырмасы бекітілгеннен кейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімімен айқындалатын болады.
Жобаны қаржыландырудың шамамен алғандағы алдын ала моделі:
жобаны қаржыландыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдері пайдаланылатын мынадай көздер есебінен көзделген:
Комиссия іске асыратын іс-шаралар бөлігінде – Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуге көзделген Одақ бюджетінің қаражаты есебінен, Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға жұмсалатын 152,44 млн. рубльге дейінгі (шамамен) шығыстар шеңберінде, оның ішінде:
2019жылы – 97,58 млн. рубльге дейін (шамамен);
2020 жылы – 54,86 млн. рубльге дейін (шамамен);
мүше мемлекеттер бюджеттерінің қаражаты – 77,67 млн. рубльге дейін (шамамен);
сервис-провайдерлердіңқаражаты – 372,00 млн. рубльге дейін (шамамен).
Қаржылық модельге жоғары деңгейдегі жоспардың іс-шараларын іске асыру жатқызылған, соның ішінде:
пайдалану сервистерін жасау және қосу бойынша әмбебап платформалық шешім болып табылатын базалық компонент құру (70,00 млн. рубльге дейін). Мүше мемлекеттің сұрау салуы кезінде базалық компонент лицензиялық келісім бойынша толыққанды жұмыс істейтін ұлттық компонент ретінде қосу үшін мүше мемлекетке өтеусіз негізде берілуі мүмкін;
Еуразиялық желі компоненттерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін Комиссияның жалпы сервистері мен инфрақұрылымдық сервистерді қамтитын интеграциялық компонент құру (52,44 млн. рубльге дейін);
ұлттық компоненттерді қосуды жүзеге асыру (30,00 млн. рубльге дейін): Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының ұлттық компоненттерін қосу үшін 7,50 млн. рубльден).
Мүше мемлекеттер бюджеттерінің ұлттық компоненттердің жұмыс істеп тұрған және құрылатын сервистерін дамытуға және Еуразиялық желіге қосуға арналған қаражаты (77,67 млн. рубль) (рубль эквивалентінде бағалауға сәйкес):
Армения Республикасы – 9,05 млн. рубль;
Беларусь Республикасы – 23,35 млн. рубль;
ҚазақстанРеспубликасы – 8,00 млн. рубль;
ҚырғызРеспубликасы – 6,37 млн. рубль;
РесейФедерациясы – 30,90 млн. рубль.
Мүше мемлекеттер бюджеттерінің қаражаты есебінен қаржыландыру орындылығы, көлемі және мерзімдері туралы шешімді мүше мемлекеттер ұлттық деңгейде өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қабылдайды.
Еуразиялық желінің ұлттық компоненттерінің коммерциялық сервистерін құруға және дамытуға және оларды Еуразиялық желімен интеграциялауға, сондай-ақ Еуразиялық желінің қатысушылары арасындағы операцияларды жасауға арналған сауда алаңдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жұмсалатын сервис-провайдерлердің қаражаты – 372,00 млн. рубль (шамамен).
|