Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген бекітілген Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 5.6.1-тармағы мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 16 және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 тапсырмаларын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралардың жоспары ("жол картасы") бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешіммен бекітілген іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ("ЖОЛ КАРТАСЫ")
Іс-шараның атауы | Іске асырылу нысаны | Орындау мерзімі |
Орындаушы |
I. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлардың электрондық саудасы саласындағы құқығын құрайтын | |||
1. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша халықаралық шарттың жобасын, оның ішінде мынадай мәселелерді пысықтай отырып әзірлеу: | халықаралық шарт | 2022 – 2023 жылдар |
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) |
2. Мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыруды ескере отырып, тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы кедендік реттеуді жетілдіру, оның ішінде сыртқы электрондық сауда шеңберінде тауарлар экспортын оңайлату (мүше мемлекеттердің ұсыныстары келіп түскен кезде), сыртқы электрондық сауданы қоса алғанда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге жатпайтын электрондық сауда тауарларының тізбесін қалыптастыру: |
КК туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, | 2022 – 2023 жылдар | Комиссия, мүше мемлекеттер |
3. Сыртқы электрондық сауда шеңберінде тарифтік емес реттеу шараларын қолдану ерекшеліктерін айқындау |
Комиссия актісі | 2022 – 2023 жылдар | Комиссия, мүше мемлекеттер |
4. Мүше мемлекеттердегі тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сауда тауарларының Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растаудың уақытша тәртібін белгілеу бөлігінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары туралы" 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу | Комиссия актісі | 2022 жылғы I тоқсан | Комиссия, мүше мемлекеттер |
5. Тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы, оның ішінде мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыруды ескере отырып, техникалық реттеуді жетілдіру: | Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Комиссия актілері (Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін) | 2022 – 2023 жылдар | Комиссия, мүше мемлекеттер |
6. Межелі ел қағидаты бойынша тауарлардың өзара электрондық саудасы шеңберінде жанама салықтар алу бөлігінде Одақ құқығын жетілдіру, оның ішінде жеке тұлғаларға (жеке пайдалануға) арналған тауарлардың өзара электрондық саудасы шеңберінде экспорт пен импортты растау тәртібін әзірлеу | Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама | 2022 жыл | Комиссия, мүше мемлекеттер |
7. Комиссия мүше мемлекеттердегі тауарлардың сыртқы және өзара электрондық саудасының көлемі туралы статистикалық ақпаратты | Комиссия актілері | 2023 – 2024 жылдар |
Комиссия, |
II. Тауарлардың өзара электрондық саудасы шеңберінде тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз ету | |||
8. Одақ шеңберінде электрондық саудасы шектелген немесе тыйым салынған тауарлардың тізбесін қалыптастыру |
Комиссия актісі | 2024 жыл | Комиссия, мүше мемлекеттер |
9. Тауарлардың электрондық саудасында қолданылатын электрондық құжаттардың тізбесін айқындау және электрондық құжаттардың форматын, мәліметтер құрамын және оларды толтыру қағидаларын белгілеу |
Комиссия актісі | 2024 жыл | Комиссия, мүше мемлекеттер |
III. Одақ шеңберінде сыртқы факторларға тәуелсіз және тауарлардың электрондық саудасының орнықты инфрақұрылымын қалыптастыру | |||
10. Интернет-дүкендер (интернет-алаңдар) үшін тауардың "цифрлық бейінін" қалыптастырудың бірыңғай еуразиялық стандартын әзірлеу |
Комиссия ұсынымы | 2023 жыл | Комиссия, мүше мемлекеттер |
IV. Тауарлардың электрондық саудасындағы жосықсыз іскерлік практикаларға бақылауды және қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету | |||
11. Интернет-дүкендер (интернет-алаңдар) қызметінің базалық стандарттарын бірлесіп әзірлеу және тұтынушылар үшін кепілдік тетіктерін айқындау мақсатында Одақ шеңберінде интернет-дүкендердің (интернет-алаңдардың) ерікті бірлестіктерін құру және олардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау |
Одақ органының ұсынымы | 2023 жыл | Комиссия, мүше мемлекеттер |
V. Үшінші елдермен, интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл | |||
12. Электрондық сауданың сауда аспектілері бойынша ДСҰ келіссөздеріне қатысуды үйлестіру |
мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобы мен ДСҰ мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары | 2022 жыл | мүше мемлекеттер, Комиссия |
13. Одақта, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктерде қабылданған тауарлардың электрондық саудасын реттеу тәсілдерін ілгерілету |
Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктерге жүгіну | тұрақты негізде | Комиссия, мүше мемлекеттер |
14. Одақта қабылданған тауарлардың электрондық саудасын Одақ және оған мүше мемлекеттер үшінші тараппен жасасатын халықаралық шарттарда реттеу тәсілдерін белгілеу | үшінші тараппен халықаралық шарт | тұрақты негізде | Комиссия, мүше мемлекеттер |