Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралардың жоспары ("жол картасы") туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген бекітілген Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 5.6.1-тармағы мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 16 және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 тапсырмаларын іске асыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралардың жоспары ("жол картасы") бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешіммен бекітілген іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ("ЖОЛ КАРТАСЫ")

Іс-шараның атауы

Іске асырылу нысаны

Орындау мерзімі

Орындаушы
 

I. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлардың электрондық саудасы саласындағы құқығын құрайтын
халықаралық шарттар мен актілердің жобаларын әзірлеу

1. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша халықаралық шарттың жобасын, оның ішінде мынадай мәселелерді пысықтай отырып әзірлеу:
халықаралық шартты қолдану мақсаттары үшін ұғымдық аппарат;
электрондық саудаға қатысушылардың;
Одақтың электрондық сауда тауарларының бірыңғай нарығының жұмыс істеу шарттары;
кемсітпеушілік қағидаттары, тауарларды өткізу еркіндігі, ілеспе қызметтер көрсету еркіндігі;
электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаттары, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаттары;
интернет-дүкендердің (интернет-алаңдардың) жосықсыз практикасын шектеу жөніндегі шаралар;
дауларды сотқа дейін реттеу механизмі;
Одақ шеңберінде электрондық сауданың физикалық және цифрлық инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары, соның ішінде деректерді қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
 

халықаралық шарт

2022 – 2023 жылдар

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)

2. Мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыруды ескере отырып, тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы кедендік реттеуді жетілдіру, оның ішінде сыртқы электрондық сауда шеңберінде тауарлар экспортын оңайлату (мүше мемлекеттердің ұсыныстары келіп түскен кезде), сыртқы электрондық сауданы қоса алғанда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберуге жатпайтын электрондық сауда тауарларының тізбесін қалыптастыру:
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа (бұдан әрі – КК туралы шарт) тауарлардың сыртқы электрондық саудасын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізу;
КК туралы шартқа енгізілген өзгерістерге сәйкес Комиссия актілерін қабылдау
 

КК туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама,
Комиссия актілері
(КК туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін)

2022 – 2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

3. Сыртқы электрондық сауда шеңберінде тарифтік емес реттеу шараларын қолдану ерекшеліктерін айқындау
 

Комиссия актісі
(КК туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін)
 

2022 – 2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

4. Мүше мемлекеттердегі тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сауда тауарларының Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растаудың уақытша тәртібін белгілеу бөлігінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары туралы" 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу
 

Комиссия актісі

2022 жылғы I тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

5. Тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы, оның ішінде мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыруды ескере отырып, техникалық реттеуді жетілдіру:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Одақ туралы шарт) өзгерістер енгізу;
Одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібіне өзгерістер енгізу;
электрондық сауда тауарларының Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растау тәртібін (хабарлама жасау тәртібі), оның ішінде электрондық сауда тауарларының қауіпсіздігі туралы өтініштерді ресімдеу нысандары мен қағидаларын айқындайтын бекіту туралы Комиссия актісін қабылдау
 

Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Комиссия актілері (Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін)

2022 – 2023 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттер

6. Межелі ел қағидаты бойынша тауарлардың өзара электрондық саудасы шеңберінде жанама салықтар алу бөлігінде Одақ құқығын жетілдіру, оның ішінде жеке тұлғаларға (жеке пайдалануға) арналған тауарлардың өзара электрондық саудасы шеңберінде экспорт пен импортты растау тәртібін әзірлеу
 

Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама

2022 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

7. Комиссия мүше мемлекеттердегі тауарлардың сыртқы және өзара электрондық саудасының көлемі туралы статистикалық ақпаратты
алу мақсатында Комиссия актілеріне өзгерістер енгізу

Комиссия актілері

2023 – 2024 жылдар

Комиссия,
мүше мемлекеттер

II. Тауарлардың өзара электрондық саудасы шеңберінде тауарларды кедергісіз өткізуді қамтамасыз ету

8. Одақ шеңберінде электрондық саудасы шектелген немесе тыйым салынған тауарлардың тізбесін қалыптастыру
 

Комиссия актісі
(электрондық сауда туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін)

2024 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

9. Тауарлардың электрондық саудасында қолданылатын электрондық құжаттардың тізбесін айқындау және электрондық құжаттардың форматын, мәліметтер құрамын және оларды толтыру қағидаларын белгілеу

Комиссия актісі
(электрондық сауда туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін)

2024 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

III. Одақ шеңберінде сыртқы факторларға тәуелсіз және тауарлардың электрондық саудасының орнықты инфрақұрылымын қалыптастыру

10. Интернет-дүкендер (интернет-алаңдар) үшін тауардың "цифрлық бейінін" қалыптастырудың бірыңғай еуразиялық стандартын әзірлеу

Комиссия ұсынымы
(электрондық сауда туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін)

2023 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

IV. Тауарлардың электрондық саудасындағы жосықсыз іскерлік практикаларға бақылауды және қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету

11. Интернет-дүкендер (интернет-алаңдар) қызметінің базалық стандарттарын бірлесіп әзірлеу және тұтынушылар үшін кепілдік тетіктерін айқындау мақсатында Одақ шеңберінде интернет-дүкендердің (интернет-алаңдардың) ерікті бірлестіктерін құру және олардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау

Одақ органының ұсынымы
(электрондық сауда туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін)

2023 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттер

V. Үшінші елдермен, интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл

12. Электрондық сауданың сауда аспектілері бойынша ДСҰ келіссөздеріне қатысуды үйлестіру

мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобы мен ДСҰ мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары
 

2022 жыл

мүше мемлекеттер, Комиссия

13. Одақта, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктерде қабылданған тауарлардың электрондық саудасын реттеу тәсілдерін ілгерілету

Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктерге жүгіну
 

тұрақты негізде

Комиссия, мүше мемлекеттер

14. Одақта қабылданған тауарлардың электрондық саудасын Одақ және оған мүше мемлекеттер үшінші тараппен жасасатын халықаралық шарттарда реттеу тәсілдерін белгілеу

үшінші тараппен халықаралық шарт

тұрақты негізде

Комиссия, мүше мемлекеттер






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады