2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабының 2-тармағы 18) тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 33 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы сыртқы аудит (бақылау) туралы ереженің 10-тармағы "а" тармақшасы ",жылдық жоспарды бекіткеннен кейін сыртқы аудит (бақылау) объектілерін сыртқы аудит (бақылау) іс-шараларын өткізу мерзімдері туралы хабардар етеді" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |