Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы сыртқы аудит (бақылау) туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 22 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабының 2-тармағы 18) тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 33 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы сыртқы аудит (бақылау) туралы ереженің 10-тармағы "а" тармақшасы ",жылдық жоспарды бекіткеннен кейін сыртқы аудит (бақылау) объектілерін сыртқы аудит (бақылау) іс-шараларын өткізу мерзімдері туралы хабардар етеді" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады