Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Кедендік құн декларациясын толтыру жағдайлары, кедендік құн декларациясының нысандарын бекіту және Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібі туралы" №160 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 79 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленсе және құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беруін көздейтін шарттық қатынастар (лицензиялық (сублицензиялық) келісімдер) болса;".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген КҚД-1 кедендік құн декларациясының нысанында 9-графа мынадай редакцияда жазылсын:
"9 |
(а) ШАРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР | ИӘ ЖОҚ |
(б) ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ және өзге де | ИӘ ЖОҚ | |
(в) Сату талаптардың сақталуына байланысты ма, соған сәйкес КЕЙІННЕН САТУ өзге тәсілмен БИЛІК ЕТУ немесе әкелінетін тауарларды ПАЙДАЛАНУ нәтижесінде алынған КІРІСТІҢ (ТҮСІМНІҢ) БІР БӨЛІГІ сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі ме? | ИӘ ЖОҚ |
3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібінде:
а) 16-тармақтың екінші абзацында "а" және (немесе) "б" бөлімдеріндегі 9-графада" деген сөздер тиісті "а" және (немесе) "в" бөлімдеріндегі 9-графа" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 19-тармақта:
екінші абзацтағы "а" және "б" бөлімдерінің ақшетінде" деген сөздер "а" және "в" бөлімдерінің ақшетінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "а" және (немесе) "б" бөлімдеріндегі графаларда" деген сөздер "а" және (немесе) "в" бөлімдеріндегі графаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 27-тармақта:
екінші абзацтағы екінші сөйлемдегі "Қосымша мәліметтер" деген сөздер "Қосымша деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы екінші сөйлемдегі "Қосымша мәліметтер" деген сөздер "Қосымша деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 39-тармақтың бірінші абзацында "мәліметтер" деген сөз "деректер" деген сөзбен ауыстырылсын;
д) 54-тармақтың бірінші абзацында "мәліметтер" деген сөз "деректер" деген сөзбен ауыстырылсын.