Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 79 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Кедендік құн декларациясын толтыру жағдайлары, кедендік құн декларациясының нысандарын бекіту және Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібі туралы" №160 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 17 мамырдағы
№ 79 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "егер тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленсе және құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беруін көздейтін шарттық қатынастар (лицензиялық (сублицензиялық) келісімдер) болса;".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген КҚД-1 кедендік құн декларациясының нысанында 9-графа мынадай редакцияда жазылсын:

"9

(а) ШАРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
(лицензиялық шарт (келісім), сублицензиялық шарт (келісім), коммерциялық концессия (франчайзинг) шарты, коммерциялық субконцессия (субфранчайзинг) шарты не әкелінетін тауарларға қатысты ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК объектілерін пайдалануға құқық иеленушінің құқық беруін көздейтін өзге шарт (келісім) бар ма?


ИӘ

ЖОҚ

(б) ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ және өзге де
әкелінетін тауарларға жататын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама өндірген немесе жүргізуге тиіс зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін осындай ТӨЛЕМДЕР көзделген бе?


ИӘ

ЖОҚ

(в) Сату талаптардың сақталуына байланысты ма, соған сәйкес КЕЙІННЕН САТУ өзге тәсілмен БИЛІК ЕТУ немесе әкелінетін тауарларды ПАЙДАЛАНУ нәтижесінде алынған КІРІСТІҢ (ТҮСІМНІҢ) БІР БӨЛІГІ сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі ме?
Сұрақтарға "ИӘ" деп жауап берген жағдайда "б" және (немесе) "в" бөлімдеріндегі 15 және 16-графаларда тиісті шамалар көрсетіледі".


ИӘ

ЖОҚ

      3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібінде:

      а) 16-тармақтың екінші абзацында "а" және (немесе) "б" бөлімдеріндегі 9-графада" деген сөздер тиісті "а" және (немесе) "в" бөлімдеріндегі 9-графа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 19-тармақта:

      екінші абзацтағы "а" және "б" бөлімдерінің ақшетінде" деген сөздер "а" және "в" бөлімдерінің ақшетінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "а" және (немесе) "б" бөлімдеріндегі графаларда" деген сөздер "а" және (немесе) "в" бөлімдеріндегі графаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 27-тармақта:

      екінші абзацтағы екінші сөйлемдегі "Қосымша мәліметтер" деген сөздер "Қосымша деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы екінші сөйлемдегі "Қосымша мәліметтер" деген сөздер "Қосымша деректер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 39-тармақтың бірінші абзацында "мәліметтер" деген сөз "деректер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      д) 54-тармақтың бірінші абзацында "мәліметтер" деген сөз "деректер" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады