Кедендік құн декларациясын толтыру жағдайлары, кедендік құн декларациясының нысандарын және кедендік құн декларациясын толтыру тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кедендік құн декларациясы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға немесе уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты мынадай жағдайларда:

      егер тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленсе, тауарларды сатушы мен сатып алушының арасында Кодекстің 37-бабында көрсетілген мәнде өзара байланыс болса және тауарлардың кедендік құны әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны жөніндегі әдіс бойынша айқындалса (1-әдіс);

      егер тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленсе және Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер қосылса;

      егер тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімі қолданылса;

      егер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге тек техникалық қателердің (жаңылысулардың, арифметикалық қателердің, оның ішінде валюта бағамын дұрыс қолданбаудан) анықталуына байланысты өзгерістер (толықтырулар енгізуді қоспағанда, көрсетілген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілсе;

      егер Кодекстің 325-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органы коммерциялық, бухгалтерлік құжаттарды, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірулерді сұратса, кеден органының талабы бойынша;

      декларанттың бастамасы бойынша толтырылады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешімнің 1-тармағының ережелеріне қарамастан, егер Кодекстің 38-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кезінде мұндай тауарлардың кедендік құны оларды кедендік рәсімге алғаш орналастыру кезінде айқындалған тауарлардың кеденді құны немесе осындай тауарларды кедендік рәсімге алғаш орналастыру кезінде берілген тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құны болып табылған жағдайда кедендік құн декларациясы толтырылмайды.

      Осы Шешімнің 1-тармағы бесінші абзацының ережелеріне қарамастан, егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік құн декларациясы толтырылған болса, тек техникалық қателердің (жаңылысулардың, арифметикалық қателердің, оның ішінде валюта бағамын дұрыс қолданбаудан) анықталуына байланысты тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда кедендік құн декларациясы толтырылады.

      3. Қоса беріліп отырған:

      кедендік құн декларациясының КҚД-1 нысаны;

      кедендік құн декларациясының КҚД-2 нысаны;

      Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібі бекітілсін.

      4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кедендік құн декларациясын толтыру жағдайлары, кедендік құн декларациясының нысаны, электрондық құжат түріндегі кедендік құн декларациясының және қағаз жеткізгіштегі кедендік құн декларациясының электрондық түрінің құрылымы және форматы, оларды толтыру тәртібі оларды Еуразиялық экономикалық комиссия айқындағанға дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады деп белгіленсін.

      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Кеден одағы Комиссиясының "Тауарлардың кедендік құнын декларациялау, бақылау және түзету тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешімі;

      Кеден одағы Комиссиясының "Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 785 шешімі;

      Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік құн декларациясының электрондық көшірмелерінің құрылымдары мен форматтары және кедендік құн мен кедендік төлемдерді түзету нысандары туралы" 2010 жылғы 18 қарашадағы № 450 және "Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 785 шешімі;

      Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағының "а" тармақшасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі №38 шешіміне қосымша);

      Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 6 қазандағы №129 шешіміне қосымша);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік бажды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемін есептеу туралы" 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімінің 2-тармағы;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімінің 4-тармағының екінші абзацы.

      6. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 160 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік құн декларациясын толтыру ТӘРТІБІ

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп электрондық құжат түріндегі және қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі келендік құн декларациясын (бұдан әрі – КҚД) толтыру қағидаларын айқындайды.

      2. КҚД, егер тауарларға арналған декларация электрондық құжат түрінде толтырылса, электрондық құжат түрінде немесе егер тауарларға арналған декларация қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтырылса, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтырылады.

      3. Электрондық құжат түріндегі КҚД Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) айқындайтын құрылымға сәйкес толтырылады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 39-бабына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешімімен бекітілген нысан бойынша КҚД-1 толтырылады.

      Кодекстің 41 – 45-баптарына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешімімен бекітілген нысан бойынша КҚД-2 толтырылады.

      КҚД-2-нің бірінші негізгі парағының нысаны Кодекстің 41 – 45-баптарында белгіленген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың барлық әдістері үшін ортақ (бірыңғай) болып табылады. КҚД-2-нің екінші негізгі парағы тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісіне қарай белгіленген мынадай төрт нысанның бірі бойынша толтырылады:

      Кодекстің 41-бабына сәйкес бірдей тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс), Кодекстің 42-бабына сәйкес біртекті тауарлармен мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс) немесе Кодекстің 45-бабына сәйкес 2-әдістің немесе 3-әдістің негізінде резервтік әдіс (6-әдіс);

      Кодекстің 43-бабына сәйкес шегеру әдісі (4-әдіс) немесе 4-әдістің негізінде 6-әдіс;

      Кодекстің 44-бабына сәйкес қосу әдісі (5-әдіс) немесе 5-әдістің негізінде 6-әдіс;

      1-әдістің негізінде 6-әдіс.

      4. КҚД толтыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      5. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін баған, бөлім, кіші бөлім деп электрондық құжат түріндегі КҚД құрылымының деректемесі (деректемелері) немесе жолақтар мен жолдарды қамтуы мүмкін қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД нысанының құрылымдық бірлігі түсініледі. Осы Тәртіпке сәйкес бір бағанда бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      Осы Тәртіптің мақсаттары үшін әкелінетін тауарлар деп кедендік құн туралы мәліметтерін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешімінде көзделген жағдайларда КҚД толтыру кезінде осы Тәртіпке сәйкес көрсетуге жататын тауарлар түсініледі.

      6. Электрондық құжат түріндегі КҚД автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мұндай мәліметтер ақпараттық жүйемен қалыптастырылады. Көрсетілген мәліметтердің құрамы КҚД құрылымында айқындалады.

      Техникалық сипаттағы мәліметтер электрондық құжат түріндегі КҚД-ның қағаз көшірмесін басып шығару кезінде көрсетілмейді.

      7. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД А4 форматындағы қағаз парақтарында басу құрылғылары пайдаланыла отырып 2 данада толтырылады. Бір данасы кеден органына, екіншісі КҚД толтырған адамға арналады.

      8. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД 2 негізгі және қосымша парақтардың қажетті санынан тұрады. КҚД-ның бірінші негізгі парағы осы КҚД толтырылатын барлық әкелінетін тауарларға қатысы бар мәліметтерді қамтиды, КҚД-ның екінші негізгі парағында әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде пайдаланылатын мәліметтер және әкелінетін тауарлардың кедендік құны мөлшерінің есебі көрсетіледі.

      Егер тауарларға арналған қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі бір декларацияда 3 астам атаулардағы тауарлар декларацияланса, онда тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді мәлімдеу үшін қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-ның қосымша парақтары пайдаланылады. Бұл жағдайда қосымша парақтар ретінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-ның екінші негізгі парағының нысаны пайдаланылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-ның барлық парақтары үшінші парағынан бастап қосымша болып табылады (1-ші және 2-ші парақтар – нысанның негізгі парақтары, 3-ші және одан кейінгі парақтары – қосымша).

      9. КҚД толтыру кезінде құндық және сандық шамалар үтірден кейін 2 белгіге дейінгі дәлдікпен математикалық қағидалар бойынша дөңгелектенеді.

      Армения Республикасында КҚД-да ұлттық валютамен көрсетілетін құндық шамалар тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді.

      10. Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-ның бағандарында мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер КҚД-ның сыртқы бетінде немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-ның ажырамас бөлігі болып табылатын, КҚД-ға қосымша тіркелетін парақтарда (А4 форматындағы қағазда) көрсетіледі (бұдан әрі – толықтыру). Бұл ретте қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-ның тиісті бағанына: "Сыртқы жағын қар." немесе "Толықтыруды қар." деген жазба жазылады. Толықтырудың барлық парақтары нөмірленуге тиіс.

      Толықтырудың әрбір парағының оң жақ жоғарғы бұрышына "КҚД-ға № _____ қосымша __бет." деген жазба жазылады.

      КҚД-ның сыртқы жағын немесе толықтыруды пайдалану кезінде тауарларға арналған декларацияның 32-бағанының бірінші кіші бөлімінде "№ __ тауар" жазбасы түрінде көрсетілген тауардың реттік нөмірі және әр тауар бойынша – КҚД бағанының нөмірі және КҚД бағанында олар үшін орын жеткіліксіз болған мәліметтер көрсетіледі.

      Көрсетілген мәліметтер КҚД толтырған адамның қолтаңбасымен және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес декларант немесе кеден өкілі мөр иеленуге тиіс болса, декларант немесе кеден өкілі мөрінің бедерімен куәландырылады.

      Әрбір толықтырудың даналарының саны қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД даналарының санына сәйкес болуға тиіс.

ІІ. КҚД-1 толтыру тәртібі

      11. 1-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды сатушы болып табылатын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Баған Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) ІІ бөлімінде белгіленген тауарларға арналған декларацияның "Жөнелтуші/Экспорттаушы" деген 2-бағанын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      12. 2-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде әкелінетін тауарларды сатып алушы болып табылатын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "А" бөлімі Нұсқаулықтың ІІ бөлімінде белгіленген тауарларға арналған декларацияның "Алушы" деген 8-бағанын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      "Б" бөлімінде тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "Б" бөлімі Нұсқаулықтың ІІ бөлімінде белгіленген тауарларға арналған декларацияның "Декларант" деген 14-бағанын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      13. 3-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде жеткізу шарттарының сыныптауышына сәйкес тауарларды жеткізу шарттарының коды және географиялық пункттің атауы көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарларға жататын жеткізу базистері әртүрлі болса не жеткізу базисі әкелінетін барлық тауарларға жатса, бірақ бұл ретте жеткізу әртүрлі географиялық пункттерге жүзеге асырылса, бағанда "Әртүрлі" деген жазба жазылады.

      14. 4-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде сатушы сатып алушыға шығарған және әкелінетін тауарлардың құндық бағасын қамтитын шотының (шоттарының) нөмірі (нөмірлері) және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні (күндері) көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де әрбір құжат туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетіледі.

      15. 5-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде әкелінетін тауарларды сатып алу-сату (жеткізу) келісімшартының (шартының, келісімінің) нөмірі және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні, сондай-ақ оған қолданыстағы қосымшалардың, толықтырулар мен өзгерістердің нөмірлері мен күндері көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де әрбір құжат туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетіледі.

      16. 6-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Баған 7-бағанның "в" бөлімінде, 8-бағанның "б" бөлімінде, 9-бағанның "а" және (немесе) "б" бөлімдерінде "Иә" жауабы болған жағдайда толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде 7 – 9-бағандарда көрсетілген мәліметтерге қатысы бар құжаттардың нөмірлері және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күндері көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де әрбір құжат туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетіледі.

      17. 7-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Дұрыс жауапқа сәйкес келетін жолақтардағы "а", "б" және "в" бөлімдерінде "Х" белгісі қойылады.

      "А" бөлімінде "Жоқ" деген жауап болған жағдайда "б" және "в" бөлімдері толтырылмайды.

      "В" бөлімінде "Жоқ" деген жауап болған жағдайда "Қосымша деректер" бағанында осы Тәртіптің 39-тармағының үшінші және бесінші абзацтарына сәйкес мәліметтер көрсетіледі.

      18. 8-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Дұрыс жауапқа сәйкес келетін жолақтардағы "а" және "б" бөлімдеріне "Х" белгісі қойылады.

      Егер әкелінетін тауарларды сату немесе олардың бағасы әкелінетін тауарлардың бағасына олардың әсері сандық жағынан айқындалуы мүмкін шарттарға немесе міндеттемелерге тәуелді болса, тиісті сома 11-бағанның "б" бөлімінде жанама төлем ретінде көрсетіледі.

      19. 9-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Дұрыс жауапқа сәйкес келетін жолақтардағы "а" және "б" бөлімдеріне "Х" белгісі қойылады.

      15 және 16-бағандардағы "а" және (немесе) "б" бөлімдерінде "Иә" деген жауап болған жағдайда тиісті шамалар көрсетіледі.

      20. 10-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде КҚД-1 қосымша парақтарының саны көрсетіледі (қосымша парақтардың саны КҚД-1 соңғы парағының 2-ге азайтылған нөміріне сәйкес келеді).

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі "б" бөлімінде жеке жолдармен, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде:

      КҚД-1-ді толтырудың кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні;

      КҚД-1-ді толтырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      уәкілетті органы КҚД-1-ді толтырған адамның жеке басын куәландыратын құжатты берген елдің әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес коды, КҚД-1-ді толтырған адамның жеке басын куәландыратын құжатының атауы, сериясы (бар болған жағдайда), нөмірі және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы берілген күні;

      КҚД-1-ді толтырған адамның байланыстық деректемелері: байланыс түрінің атауы (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.), байланыс арнасының сәйкестендіргіші (телефон, факс нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы және т.б.);

      егер кедендік декларациялауды декларант жүргізсе, декларант штатындағы КҚД-1-ді толтырған адамның атқаратын лауазымы, не егер кедендік декларациялауды кеден өкілі жүргізсе, кеден өкілінің штатындағы осы адамның атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      Егер КҚД-1-ді кеден органының лауазымды адамы толтырса, осы тармақтың алтыншы – сегізінші абзацтарында көрсетілген мәліметтер көрсетілмейді.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де мәлімделген мәліметтер "б" бөліміне КҚД-1-ді толтырған адамның қолтаңбасын және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес декларант немесе кеден өкілі мөр иеленуге тиіс болса, декларант немесе кеден өкілі мөрінің бедерін қою арқылы, ал егер КҚД-1-ді кеден органының лауазымды адамы толтырса – кеден органы лауазымды адамның қолтаңбасын және оның жеке нөмірлік мөрінің бедерін қою арқылы куәландырылады.

      21. "Тауар №" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тауарларға арналған декларацияның "Тауар" деген 32-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      22. "ЕАЭО СЭҚ ТН коды" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес әкелінетін тауардың 10 орындық коды бос орындарсыз көрсетіледі.

      23. 11-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінің бірінші кіші бөлімінде әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын шот валютасындағы баға көрсетіледі.

      "А" бөлімінің екінші кіші бөлімінде әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын, кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасына қайта есептелген баға көрсетіледі. Қайта есептеу осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Валюталар сыныптауышына сәйкес шот валютасының әріптік коды және мүше мемлекет валютасына шот валютасының бағамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де "(қайта есептеу бағамы____________)" жолағында "а" бөлімінің екінші кіші бөлімінің атауында, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Көрсетілген жолақ (КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелері) шығарылуы бірнеше өтініштер бойынша тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты, егер мұндай өтініштерді кеден органы әртүрлі күндері тіркесе және (немесе) әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде ақысы төленген немесе төлеуге жататын баға шоттарда әртүрлі валютада көрсетілсе, толтырылмайды. Осындай тауарларға қатысты шот валютасының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына шот валютасының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі "а" бөлімінің екінші кіші бөлімінде әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға туралы мәліметтерден төменгі жеке жолда әрбір тауарға қатысты, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Шот валютасының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына шот валютасының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде жанама төлемдердің шамасы, оның ішінде 8-бағанның "б" бөлімінде көрсетілген, әкелінетін тауарлардың бағасына ықпалы сандық жағынан айқындалуы мүмкін шарттардың немесе міндеттемелердің құндық бағасының тауарға арналған декларация кеден органына берілетін мүше мемлекеттің валютасына қайта есептелген шамасы көрсетіледі. Қайта есептеу осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Валюталар сыныптауышына сәйкес жанама төлемдер валютасының әріптік коды және мүше мемлекет валютасына жанама төлемдер валютасының бағамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де "(қайта есептеу бағамы____________)" жолағында "б" бөлімінің атауында, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Көрсетілген жолақ (КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелері) шығарылуы бірнеше өтініштер бойынша тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты, егер мұндай өтініштерді кеден органы әртүрлі күндері тіркесе және (немесе) әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде ақысы төленген немесе төлеуге жататын баға шоттарда әртүрлі валютада көрсетілсе, толтырылмайды. Осындай тауарларға қатысты жанама төлемдер валютасының әріптік коды және жанама төлемдер валютасының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі "б" бөлімінде әрбір тауарға қатысты жанама төлемдердің шамасы туралы мәліметтерден төменгі жеке жолда, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Жанама төлемдер валютасының әріптік коды және жанама төлемдер валютасының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      Егер "б" бөлімінде жанама төлемдердің жалпы шамасы көрсетілген жағдайда, жалпы шаманың мағынасын ашу КҚД-1 тиісті парағының "Қосымша деректер" деген бағанында жүргізіледі.

      24. 12-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 11-бағанның "а" бөлімінің екінші кіші бөлімінде және "б" бөлімінде көрсетілген шамалардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасында көрсетіледі.

      25. 13-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда сол мөлшерде жүзеге асырылған немесе сатып алушының жүзеге асыруына жататын мөлшердегі, бірақ 11-бағанның "а" бөлімінде көрсетілген әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға енгізілмеген шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "А" бөлімінде сатып алушының өз агентіне (делдалға) Одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде өзінің ұсынысы бойынша әкелінетін тауарларды сатып алумен байланысты қызметтер көрсеткені үшін төленетін сатып алу үшін сыйақыны қоспағанда, агенттерге (делдалдарға) сыйақыға және брокерлерге сыйақыға жұмсалатын сатып алушының шығыстарының шамасы көрсетіледі.

      "Б" бағанында, егер кедендік мақсаттарға арналған ыдыс әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылса, сатып алушының осындай ыдысқа жұмсалатын шығыстарының және қаптауға жұмсалатын шығыстардың, оның ішінде қаптау материалдары мен қаптау жөніндегі жұмыстар құнының жиынтық шамасы көрсетіледі.

      26. 14-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды өндірумен және сатумен байланысты сатып алушы пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген баға бойынша тікелей немесе жанама түрде ұсынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшердегі бөлінген құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "А" бөлімінде әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және өзге де тауарлардың құны көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған аспаптардың, штамптардың, нысандар мен өзге де ұқсас тауарлардың құны көрсетіледі.

      "В" бөлімінде әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың құны көрсетіледі.

      "Г" бөлімінде Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік безендірудің, дизайнның, эскиздер мен чертеждердің құны көрсетіледі.

      27. 15-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 7-тармақшасында көзделген роялтиді, әкелінетін тауарларға қатысты патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдердің (бұдан әрі осы тармақта – лицензиялық және өзге ұқсас төлемдер) шамасы не егер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезіндегі қосымша төлемдердің есебі туралы" 2018 жылғы 22 мамырдағы № 83 шешімінің 1-тармағының бесінші абзацына сәйкес лицензиялық және өзге ұқсас төлемдердің жиынтық шамасы әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылған жағдайда лицензиялық және өзге ұқсас төлемдердің осындай жиынтық шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі. Көрсетілген жағдайда әкелінетін тауарға қатысты "Қосымша мәліметтер" деген бағанда осы Тәртіптің 39-тармағының үшінші және алтыншы абзацтарына сәйкес қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      Егер лицензиялық және өзге ұқсас төлемдердің жиынтық шамасы кедендік әкелу бажының ең көп адвалорлық ставкасы немесе салық салудың ең жоғары деңгейі қолданылатын өзге тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылған жағдайда, баған әкелінетін тауарға қатысты толтырылмайды. Көрсетілген жағдайда әкелінетін тауарға қатысты "Қосымша мәліметтер" деген бағанда осы Тәртіптің 39-тармағының үшінші және жетінші абзацтарына сәйкес қосымша мәліметтер көрсетіледі.

      28. 16-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды кейіннен сату, оларға өзге де тәсілмен билік ету немесе пайдалану нәтижесінде алынған, сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын кірістің (түсімнің) бір бөлігінің шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      29. 17-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      17-бағанның атауында әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жері немесе Комиссия айқындаған өзге де жер, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылатын тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар, ал егер әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін және келетін жерден немесе Комиссия айқындаған өзге де жерден тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстарды бөлу құжаттамамен расталмаса – әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағындағы межелі жер көрсетіледі.

      30. 18-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және оларды Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      31. 19-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 17 және 18-бағандарда көрсетілген операциялармен байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      32. 20-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 13 – 19-бағандарда көрсетілген шамалардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      33. 21-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тауарлар Одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдық сияқты тауарларға қатысты жүргізілетін құрылыс салуға, тұрғызуға, құрастыруға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық жәрдем көрсетуге жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      34. 22-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жерінен немесе Комиссия айқындаған өзге де жерден Одақтың кедендік аумағымен тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      35. 23-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе осындай тауарларды Одақтың кедендік аумағында сатуға байланысты төленетін баждардың, салықтардың және алымдардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      36. 24-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 21 – 23-бағандарда көрсетілген шамалардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      37. 25-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде 12 және 20-бағандарда көрсетілген шамаларды қосу және осы сомадан 24-бағанда көрсетілген шаманы шегеру жолымен есептелген әкелінетін тауарлардың кедендік құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде әкелінетін тауардың "а" бөлімінде көрсетілген, АҚШ долларына қайта есептелген кедендік құны көрсетіледі. Қайта есептеу кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Валюталар сыныптауышына сәйкес АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекет валютасына АҚШ долларының бағамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де "(қайта есептеу бағамы____________)" жолағында "б" бөлімінің атауында, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Көрсетілген жолақ (КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелері) шығарылуы бірнеше өтініштер бойынша тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты, егер мұндай өтініштерді кеден органы әртүрлі күндері тіркесе, толтырылмайды. Осындай тауарларға қатысты АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-дегі "б" бөлімінде әрбір тауарға қатысты әкелінетін тауардың кедендік құны туралы мәліметтерден төменгі жеке жолда, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      38. "*" бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде коммерциялық және өзге де құжаттарда шетелдік валютада көрсетілген 13 – 23-бағандарда көрсетуге жататын шамаларды кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу туралы мәліметтер:

      мәліметтер жататын КҚД-1-дегі тауардың реттік нөмірі;

      мәліметтер жататын КҚД-1 бағанының нөмірі;

      валюталар сыныптауышына сәйкес шетелдік валютаның әріптік коды;

      шетелдік валютадағы сома;

      кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын мүше мемлекеттің валютасына шетелдік валютаның бағамы көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1 толтыру кезінде әртүрлі тауарларға немесе КҚД-1-дің әртүрлі бағандарына жататын мәліметтер әрбір тауар немесе әрбір баған бойынша жеке жолдармен көрсетіледі.

      39. "Қосымша мәліметтер" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-1-де – КҚД-1 құрылымының тиісті деректемелерінде:

      кедендік құны туралы мәліметтер КҚД-да мәлімделетін барлық тауарларға қосымша мәліметтер жатқызылатын жағдайды қоспағанда, оған қосымша мәліметтер немесе есептер жататын КҚД-1-дегі тауардың реттік нөмірі;

      мынадай қосымша мәліметтер:

      Кодекстің 39-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тиісті жазба түріндегі (мысалы, "Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бірдей тауарлармен жасалатын мәміленің құнына жақын") пайдаланылатын тексеру шамасы туралы – осы тәртіптің 17-тармағында көзделген жағдайда;

      "Лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдердің жиынтық шамасы әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылды" деген жазба түрінде кедендік әкелу бажының барынша көп адвалорлық ставкасы немесе салық салудың барынша көп деңгейі қолданылатын әкелінетін тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдердің жиынтық шамасын қосу туралы – осы тәртіптің 17-тармағында көзделген жағдайда;

      "Лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер (патенттер үшін төлемдер, тауар белгілері үшін төлемдер және т.б.) осындай төлемдердің жиынтық сомасын ___________№ КД ________ №____ тауар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға осындай төлемдердің жиынтық шамасының қосылуына байланысты тауардың кедендік құнына қосылмады" деген жазба түрінде лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер шамасының (осындай төлемдердің жиынтық шамасы кедендік құнына енгізілген тауардың атауы, осындай тауар туралы мәліметтер мәлімделген тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі және көрсетілген тауарларға арналған декларациядағы осы тауардың реттік нөмірі көрсетіле отырып) әкелінетін тауардың кедендік құнына енгізілмеуі туралы – осы тәртіптің 27-тармағында көзделген жағдайда;

      әкелінетін тауардың кедендік құнына қатысты өзге де қосымша мәліметтер мен есептер (қажет болған жағдайда) көрсетіледі.

      40. "Күні, қолтаңба, мөр" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында КҚД-1 толтыру күні көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-1-де мәлімделген мәліметтер КҚД-1-ді толтырған адамның қолтаңбасын және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес декларант немесе кеден өкілі мөр иеленуге тиіс болса, декларант немесе кеден өкілі мөрінің бедерін қою арқылы, ал егер КҚД-1-ді кеден органының лауазымды адамы толтырса – кеден органы лауазымды адамның қолтаңбасын және оның жеке нөмірлік мөрінің бедерін қою арқылы куәландырылады.

      41. "Кеден органының белгісі үшін" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кеден органының лауазымды адамы әкелінетін тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін, ал тауарларға арналған декларацияда мәлімделген әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – тауарларға арналған декларацияны түзетуді тіркеу нөмірін көрсетеді.

ІІІ. КҚД-2-ні толтыру тәртібі

1. Тауарлардың кедендік құнын 2 – 6-әдістері бойынша айқындау жағдайында КҚД-2-ні толтыру тәртібі

      42. 1-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Одақтың кедендік аумағына тауарлар оған сәйкес әкелінетін мәміленің тарапы болып табылатын шетелдік тұлға туралы мәліметтер, ал тауарлар бір жақты мәміле шеңберінде әкелінген жағдайда – осындай тауарларды жөнелтуші туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Баған Нұсқаулықтың ІІ бөлімінде белгіленген тауарларға арналған декларацияның "Жөнелтуші/Экспорттаушы" деген 2-бағанын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      43. 2-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде Одақтың кедендік аумағына тауарлар оған сәйкес әкелінетін мәміленің тарапы болып табылатын мүше мемлекеттің тұлғасы туралы мәліметтер, ал тауарлар бір жақты мәміле шеңберінде әкелінген жағдайда – осындай тауарларды алушы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "А" бөлімі Нұсқаулықтың ІІ бөлімінде белгіленген тауарларға арналған декларацияның "Алушы" деген 8-бағанын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      "Б" бөлімінде тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "Б" бөлімі Нұсқаулықтың ІІ бөлімінде белгіленген тауарларға арналған декларацияның "Декларант" деген 14-бағанын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      44. 3-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде жеткізу шарттарының сыныптауышына сәйкес әкелінетін тауарларды жеткізу шарттарының коды және географиялық пункттің атауы көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарларға жататын жеткізу базистері әртүрлі болса не жеткізу базисі әкелінетін барлық тауарларға жатса, бірақ бұл ретте жеткізу әртүрлі географиялық пункттерге жүзеге асырылса, бағанда "Әртүрлі" деген жазба жазылады.

      45. 4-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде тараптарының бірі шетелдік тұлға болып табылатын және тауарлар Одақтың кедендік аумағына соның негізінде әкелінетін мәміленің жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні, сондай-ақ оған қосымшалардың, толықтырулар мен өзгерістердің, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – әкелінетін тауарларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге құжаттың нөмірлері және күндері көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де әрбір құжат туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетіледі.

      46. 5-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-дегі бағанда бос орын арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД құрылымының тиісті деректемелерінде тараптарының бірі шетелдік тұлға болып табылатын және тауарлар Одақтың кедендік аумағына соның негізінде әкелінетін мәміленің жасалғанын растайтын бір құжаттың шеңберінде бұған дейін әкелінген тауарлардың кедендік құнын кедендік бақылау нәтижелері бойынша кеден органдарының шешімдерімен қабылданған құжаттардың, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – әкелінетін тауарларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын, не осындай тауарларға қатысты сот органдарының шешімдерімен расталған өзге құжаттың нөмірлері және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де әрбір құжат туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетіледі.

      Бағанда 8-бағанда көрсетуге жататын құжаттар көрсетілмейді.

      47. 6-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолданылатын әдіске сәйкес келетін жолаққа "Х" белгісі қойылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 1-әдісінің негізінде 6-әдіс бойынша айқындау кезінде "е" жолағына ғана белгі қойылады.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 2 – 5-әдістердің негізінде 6-әдіс бойынша айқындау кезінде "д" жолағына және 2 – 5-әдістерінің біріне сәйкес келетін жолаққа белгі қойылады.

      Егер КҚД-2-нің "Тауар №" бағандарында әртүрлі нөмірлермен көрсетілген әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әртүрлі әдістері пайдаланылса, "ж" жолағына белгі қойылады.

      48. 7-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тауарлардың кедендік құнын айқындаудың 6-бағанда көрсетілген әдісінің алдындағы тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері оларға байланысты қолданылмайтын себептердің қысқаша негіздемесі көрсетіледі.

      1-әдіс үшін – "1-әдіс байланысты қолданылмайды" деген жазба жазылады және оны қолдану оларға сәйкес мүмкін болмайтын Кодекстің ережелеріне және (немесе) Одақ органдарының актілеріне сілтемелермен 1-әдісті қолданудың мүмкін болмайтынының себептері көрсетіледі;

      2 – 5-әдістер үшін " байланысты ___-әдіс қолданылмайды" деген жазба жазылады және осындай әдістерді қолдану олардың болмауына байланысты мүмкін болмайтын нақты құжаттардың және (немесе) мәліметтердің жоқтығы көрсетіле отырып, тауарлардың кедендік құнын айқындаудың 6-бағанда көрсетілген әдісінің алдындағы тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әрбір әдісін қолданудың мүмкін болмайтынының себептері көрсетіледі;

      6-әдіс үшін – "__-икемді қолданылатын 6-әдіс байланысты қолданылмайды" деген жазба жазылады және осындай әдістерді қолдану олардың болмауына байланысты мүмкін болмайтын нақты құжаттардың және (немесе) мәліметтердің жоқтығы көрсетіле отырып, 6-әдіс шеңберінде оларды қолдану дәйектілігін ескерумен тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әрбір әдісін қолданудың мүмкін болмайтынының себептері көрсетіледі;

      49. 8-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда КҚД-2 солардың негізінде толтырылған құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 2-әдіс бойынша, 3-әдіс бойынша және 6-әдіс бойынша айқындау кезінде солардың негізінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде:

      мәліметтер жататын КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі;

      бірдей немесе біртекті тауар кедендік рәсімге оған сәйкес орналастырылған тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі және осындай тауарға арналған декларацияның 32-бағанындағы осындай тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 4-әдіс бойынша және 4-әдістің негізінде 6-әдіс бойынша айқындау кезінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде:

      мәліметтер жататын КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі;

      бұған дейін әкелінген бірдей, біртекті немесе әкелінетін тауардың осындай тауарлардың барынша көп жиынтық саны Одақтың кедендік аумағына ол бойынша әкелінген баға туралы мәліметтерді қамтитын құжаттардың нөмірі және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күні көрсетіледі.

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 5-әдіс бойынша, 6-әдіс бойынша және 1-әдістің негізінде 6-әдіс бойынша айқындау кезінде қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде:

      мәліметтер жататын КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі;

      әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде мәліметтері пайдаланылған құжаттардың нөмірлері және кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күндері көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де әрбір құжат туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетіледі.

      50. 9-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда КҚД-2 қосымша парақтарының саны көрсетіледі (қосымша парақтардың саны КҚД-2 соңғы парағының 2-ге азайтылған нөміріне сәйкес келеді).

      51. 10-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Баған КҚД-1 10-бағанының "б" бөлімін толтыру үшін көзделген тәртіппен толтырылады.

      52. "Тауар №" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тауарларға арналған декларацияның "Тауар" деген 32-бағанында көрсетілген тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      53. "ЕАЭО СЭҚ ТН коды" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес әкелінетін тауардың 10 орындық коды бос орындарсыз көрсетіледі.

      54. "Қосымша мәліметтер" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда қажет болған кезде КҚД-2-де көрсетілетін мәліметтерге жататын кез келген қосымша мәліметтер немесе есептер көрсетіледі.

      Бағанда қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде:

      кедендік құны туралы мәліметтер КҚД-да мәлімделетін барлық тауарларға қосымша мәліметтер немесе есептер жатқызылатын жағдайды қоспағанда, оған мәліметтер немесе есептер жататын КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі;

      КҚД-де көрсетілетін мәліметтерге жататын кез келген қосымша мәліметтер немесе есептер көрсетіледі.

      55. "Күні, қолтаңба, мөр" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында КҚД-2 толтыру күні көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де мәлімделген мәліметтер КҚД-2-ні толтырған адамның қолтаңбасын және егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес декларант немесе кеден өкілі мөр иеленуге тиіс болса, декларант немесе кеден өкілі мөрінің бедерін қою арқылы, ал егер КҚД-2-ні кеден органының лауазымды адамы толтырса – кеден органы лауазымды адамның қолтаңбасын және оның жеке нөмірлік мөрінің бедерін қою арқылы куәландырылады.

      56. "Кеден органының белгісі үшін" деген баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда кеден органының лауазымды адамы әкелінетін тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін, ал тауарларға арналған декларацияда мәлімделген әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда – тауарларға арналған декларацияны түзетуді тіркеу нөмірін көрсетеді.

2. Тауарлардың кедендік құнын 2-әдіс бойынша, 3-әдіс бойынша және солардың негізінде 6-әдіс бойынша айқындау жағдайында КҚД-2-ні толтыру тәртібі

      57. 11-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Кодекстің 41, 42 және 45-баптарына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қабылданатын бірдей немесе біртекті тауарлар мәмілесінің құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      58. 12-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Егер "а" – "д" бөлімдерінде көзделген бірдей немесе біртекті тауарларға қатысты шығыстардың кез келгені әкелінетін тауарларға қатысты ұқсас шығыстардан асып кеткен жағдайда, "а" – "д" бөлімдері Кодекстің 41-бабының 1 және 2-тармақтарына немесе 42-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалатын мәміленің құнына түзетулерді жүзеге асыру кезінде толтырылады.

      "А" бөлімінде келісімшартқа (шартқа) сәйкес бірдей немесе біртекті тауардың бір бірлігінің құны тауардың сатылған бірліктерінің санына тәуелді болуына, әкелінетін тауарлардың және бірдей немесе біртекті тауарлардың бір бірлігі үшін бағалардың әртүрлі деңгейіне сәйкес келетін мөлшерде сатылуына байланысты 11-бағанда көрсетілген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны азаюға тиіс шама кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "А" бөлімі мынадай:

      11-бағанда әкелінетін тауарлар сияқты мөлшерде сатылған мәні бойынша бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны көрсетілген;

      бірдей немесе біртекті тауардың бір бірлігі үшін бағаның осы тауардың сатылған бірліктері санына тәуелділігін растау болмаған жағдайларда толтырылмайды.

      "Б" бөлімінде бірдей немесе біртекті тауарлардың әкелінетін тауарларға қарағанда сатудың өзге коммерциялық деңгейінде сатылғанына байланысты осындай тауарлармен жасалған мәміленің 11-бағанда көрсетілген құны азайтылуға тиіс шама кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      Егер 11-бағанда әкелінетін тауарлар сияқты сатудың нақ сол коммерциялық деңгейінде сатылған бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны көрсетілсе, "б" бөлімі толтырылмайды.

      "В" бөлімінде бірдей немесе біртекті тауарларды Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар мен әкелінетін тауарларға қатысты ұқсас шығыстардың арасындағы айырма кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "В" бөлімінің атауында әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жері немесе Комиссия айқындаған өзге де жер, ал егер әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін және келетін жерден немесе Комиссия айқындаған өзге де жерден тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстарды бөлу құжаттамамен расталмаса – әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағындағы межелі жер көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар және бірдей немесе біртекті тауарлар тасылатын (тасымалданатын) қашықтықтарда және осындай тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлерінде айырмашылықтар болмаса, "в" бөлімі толтырылмайды.

      "Г" бөлімінде бірдей немесе біртекті тауарларды Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасумен (тасымалдаумен) байланысты тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстар мен әкелінетін тауарларға қатысты ұқсас шығыстардың арасындағы айырма кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар және бірдей немесе біртекті тауарлар тасылатын (тасымалданатын) қашықтықтарда және осындай тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлерінде айырмашылықтар болмаса, "г" бөлімі толтырылмайды.

      "Д" бөлімінде Кодекстің 40-бабының 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген операцияларға байланысты бірдей немесе біртекті тауарларды сақтандыруға жұмсалатын шығыстар мен әкелінетін тауарларды сақтандыруға жұмсалатын ұқсас шығыстардың арасындағы айырма кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар және бірдей немесе біртекті тауарлар тасылатын (тасымалданатын) қашықтықтарда және осындай тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлерінде айырмашылықтар болмаса, "д" бөлімі толтырылмайды.

      59. 13-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 12-бағанның "а" - "д" бөлімдерінде көрсетілген шамалардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      60. 14-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Егер "а" – "д" бөлімдерінде көзделген бірдей немесе біртекті тауарларға қатысты шығыстардың кез келгені әкелінетін тауарларға қатысты ұқсас шығыстардан кем болған жағдайда, "а" – "д" бөлімдері Кодекстің 41-бабының 1 және 2-тармақтарына немесе 42-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалатын мәміленің құнына түзетулерді жүзеге асыру кезінде толтырылады.

      "А" бөлімінде келісімшартқа (шартқа) сәйкес бірдей немесе біртекті тауардың бір бірлігінің құны тауардың сатылған бірліктерінің санына тәуелді болуына, әкелінетін тауарлардың және бірдей немесе біртекті тауарлардың бір бірлігі үшін бағалардың әртүрлі деңгейіне сәйкес келетін мөлшерде сатылуына байланысты 11-бағанда көрсетілген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны ұлғаюға тиіс шама кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "А" бөлімі мынадай:

      11-бағанда әкелінетін тауарлар сияқты мөлшерде сатылған мәні бойынша бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны көрсетілген;

      бірдей немесе біртекті тауардың бір бірлігі үшін бағаның осы тауардың сатылған бірліктері санына тәуелділігін растау болмаған жағдайларда толтырылмайды.

      "Б" бөлімінде бірдей немесе біртекті тауарлардың әкелінетін тауарларға қарағанда сатудың өзге коммерциялық деңгейінде сатылғанына байланысты осындай тауарлармен жасалған мәміленің 11-бағанда көрсетілген құны көбейтілуге тиіс шама кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      Егер 11-бағанда әкелінетін тауарлар сияқты сатудың нақ сол коммерциялық деңгейінде сатылған бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны көрсетілсе, "б" бөлімі толтырылмайды.

      "В" бөлімінде әкелінетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар мен бірдей немесе біртекті тауарларға қатысты ұқсас шығыстардың арасындағы айырма кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "В" бөлімінің атауында әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жері немесе Комиссия айқындаған өзге де жер, ал егер әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін және келетін жерден немесе Комиссия айқындаған өзге де жерден тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстарды бөлу құжаттамамен расталмаса – әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағындағы межелі жер көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар және бірдей немесе біртекті тауарлар тасылатын (тасымалданатын) қашықтықтарда және осындай тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлерінде айырмашылықтар болмаса, "в" бөлімі толтырылмайды.

      "Г" бөлімінде әкелінетін тауарларды Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасумен (тасымалдаумен) байланысты тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстар мен бірдей немесе біртекті тауарларға қатысты ұқсас шығыстардың арасындағы айырма кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасында көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар және бірдей немесе біртекті тауарлар тасылатын (тасымалданатын) қашықтықтарда және осындай тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлерінде айырмашылықтар болмаса, "г" бөлімі толтырылмайды.

      "Д" бөлімінде Кодекстің 40-бабының 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген операцияларға байланысты әкелінетін тауарларды сақтандыруға жұмсалатын шығыстар мен бірдей немесе біртекті тауарларды сақтандыруға жұмсалатын ұқсас шығыстардың арасындағы айырма кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      Егер әкелінетін және бірдей немесе біртекті тауарлар тасылатын (тасымалданатын) қашықтықтарда және осындай тауарларды тасу (тасымалдау) жүзеге асырылатын көлік түрлерінде айырмашылықтар болмаса, "д" бөлімі толтырылмайды.

      61. 15-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 14-бағанның "а" - "д" бөлімдерінде көрсетілген шамалардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      62. 16-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 11-бағанда көрсетілген шамадан 13-бағанда көрсетілген шаманы шегеру және алынған айырманы 15-бағанда көрсетілген шамаға қосу жолымен есептелген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      63. 17-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде тиісті өлшем бірліктеріндегі (килограмм, дана және т.б.) бірдей немесе біртекті тауарлардың саны осындай өлшем бірліктері көрсетілген шамадан кейін тікелей көрсетіле отырып көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде тиісті өлшем бірліктеріндегі (килограмм, дана және т.б.) әкелінетін тауарлардың саны осындай өлшем бірліктері көрсетілген шамадан кейін тікелей көрсетіле отырып көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар мен бірдей немесе біртекті тауарлардың саны бірдей болса, баған толтырылмайды.

      64. 18-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде 16-бағанда көрсетілген шаманы 17-бағанның "б" бөлімінде көрсетілген шаманың 17-бағанның "а" бөлімінде көрсетілген шамаға қатынасына көбейту жолымен есептелген әкелінетін тауардың кедендік құны, ал егер 17-баған толтырылмаса – 16-бағанда көрсетілген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құнына тең әкелінетін тауардың кедендік құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде әкелінетін тауардың "а" бөлімінде көрсетілген, АҚШ долларына қайта есептелген кедендік құны көрсетіледі. Қайта есептеу кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Валюталар сыныптауышына сәйкес АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекет валютасына АҚШ долларының бағамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де "(қайта есептеу бағамы____________)" жолағында "б" бөлімінің атауында, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Көрсетілген жолақ (КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелері) шығарылуы бірнеше өтініштер бойынша тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты, егер мұндай өтініштерді кеден органы әртүрлі күндері тіркесе, толтырылмайды. Осындай тауарларға қатысты АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-дегі "б" бөлімінде әрбір тауарға қатысты әкелінетін тауардың кедендік құны туралы мәліметтерден төменгі жеке жолда, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      65. "*" бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде коммерциялық және өзге де құжаттарда шетелдік валютада көрсетілген 12 және 14-бағандарда көрсетуге жататын шамаларды кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу туралы мәліметтер:

      мәліметтер жататын КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі;

      мәліметтер жататын КҚД-2 бағанының нөмірі;

      валюталар сыныптауышына сәйкес шетелдік валютаның әріптік коды;

      шетелдік валютадағы сома;

      кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын мүше мемлекеттің валютасына шетелдік валютаның бағамы көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2 толтыру кезінде әкелінетін әртүрлі тауарларға немесе КҚД-2-нің әртүрлі бағандарына жататын мәліметтер әрбір тауар немесе әрбір баған бойынша жеке жолдармен көрсетіледі.

3. Тауарлардың кедендік құнын 4-әдіс бойынша және соның негізінде 6-әдіс бойынша айқындау жағдайында КҚД-2 толтыру тәртібі

      66. 11-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарлардың не әкелінетіндермен бірдей немесе әкелінетіндермен біртекті тауарлардың ең көп жиынтық саны Одақтың кедендік аумағында осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға Одақтың кедендік аумағында Одақтың кедендік аумағына әкелінгендей жай-күйде сатылатын тауар бірлігінің бағасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      Егер әкелінетін тауарлар да, не әкелінетіндермен бірдей, не әкелінетіндермен біртекті тауарлар да Одақтың кедендік аумағында Одақтың кедендік аумағына әкелінгендей жай-күйде сатылмаған жағдайда, бағанда әкелінетін тауарлардың ең көп жиынтық саны олар қайта өңделгеннен (өңделгеннен) кейін Одақтың кедендік аумағында олардан осы тауарларды сатып алатын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын тауар бірлігінің бағасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      67. 12-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әдетте агентке (делдалға) төленетін немесе төлеуге жататын сыйақы сомасы, не пайда алу және әдетте жалпы шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстарды) өтеу үшін сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды Одақтың кедендік аумағында сатуға байланысты әдетте орын алатын мөлшерде жүргізілетін бағаға үстемақылар кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      68. 13-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда Одақтың кедендік аумағында тасуды (тасымалдауды) және сақтандыруды жүзеге асыруға жұмсалатын әдеттегі шығыстар және осындай операциялармен байланысты өзге де шығыстар кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      69. 14-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда мүше мемлекеттер субъектілерінің салықтары мен алымдарын және жергілікті салықтар мен алымдарды қоса алғанда, кеден баждарының, салықтардың, алымдардың және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын мүше мемлекеттердің аумақтарында тауарларды әкелумен және (немесе) сатумен байланысты төлеуге жататын өзге де салықтардың сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      70. 15-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Баған, егер 11-бағанда тауар қайта өңделгеннен (өңделгеннен) кейін оның бірлігінің бағасы көрсетілген жағдайда толтырылады.

      Бағанда мүше мемлекетте тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құн кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      71. 16-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 12 – 15-бағандарда көрсетілген шамаларды қосу жолымен есептелген шама кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      72. 17-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 11-бағанда көрсетілген баға белгіленген әкелінетін тауарлардың саны өлшем бірліктерімен көрсетіледі, мұндай өлшем бірліктері тікелей көрсетілген шамадан кейін көрсетіледі.

      73. 18-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде 11-бағанда көрсетілген шамадан 16-бағанда көрсетілген шаманы шегеру және алынған шаманы 17-бағанда көрсетілген шамаға көбейту жолымен есептелген әкелінетін тауарлардың кедендік құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде әкелінетін тауардың "а" бөлімінде көрсетілген, АҚШ долларына қайта есептелген кедендік құны көрсетіледі. Қайта есептеу кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Валюталар сыныптауышына сәйкес АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекет валютасына АҚШ долларының бағамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де "(қайта есептеу бағамы____________)" жолағында "б" бөлімінің атауында, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Көрсетілген жолақ (КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелері) шығарылуы бірнеше өтініштер бойынша тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты, егер мұндай өтініштерді кеден органы әртүрлі күндері тіркесе, толтырылмайды. Осындай тауарларға қатысты АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-дегі "б" бөлімінде әрбір тауарға қатысты әкелінетін тауардың кедендік құны туралы мәліметтерден төменгі жеке жолда, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

4. Тауарлардың кедендік құнын 5-әдіс бойынша және соның негізінде 6-әдіс бойынша айқындау жағдайында КҚД-2 толтыру тәртібі

      74. 11-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда материалдарды дайындауға немесе сатып алуға жұмсалатын шығыстардың және өндіріске, сондай-ақ әкелінетін тауарлар өндірісімен байланысты өзге де операцияларға жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      75. 12-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде егер кедендік мақсаттарға арналған ыдыс әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылса, сатып алушының осындай ыдысқа жұмсалатын шығыстарының және қаптауға жұмсалатын шығыстардың, оның ішінде қаптау материалдары мен қаптау жөніндегі жұмыстар құнының жиынтық шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған Одақтың кедендік аумағында өндірілген (көрсетілген) және әкелінетін тауарларды өндіру үшін осы тауарлар мен қызметтерге өндіруші ақы төлейтіндей дәрежеде қажетті жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік безендірудің, дизайнның, эскиздер мен чертеждердің құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "В" бөлімінде әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және әкелінетін тауарлар солардан өндірілген (тұратын) өзге де тауарлардың құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Г" бөлімінде әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған аспаптардың, штамптардың, нысандардың және әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын өзге де ұқсас тауарлардың құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Д" бөлімінде әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Е" бөлімінде әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік безендірудің, дизайнның, эскиздер мен чертеждердің құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Ж" бөлімінде "а" – "е" бөлімдерінде көрсетілмеген әкелінетін тауарларды өндірумен байланысты өзге де шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      76. 13-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      77. 14-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      17-бағанның атауында әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жері немесе Комиссия айқындаған өзге де жер, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылатын тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар, ал егер әкелінетін тауарларды осындай тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін және келетін жерден немесе Комиссия айқындаған өзге де жерден тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстарды бөлу құжаттамамен расталмаса – әкелінетін тауарлардың Одақтың кедендік аумағындағы межелі жер көрсетіледі.

      78. 15-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және оларды Одақтың кедендік аумағына келетін жеріне дейін немесе Комиссия айқындаған өзге де жерге дейін тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      79. 16-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда 14 және 15-бағандарда көрсетілген операциялармен байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстардың шамасы кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      80. 17-баған мынадай тәртіппен толтырылады.

      "А" бөлімінде 11 және 13 – 16-бағандарда көрсетілген шамаларды қосу жолымен есептелген әкелінетін тауарлардың кедендік құны кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасымен көрсетіледі.

      "Б" бөлімінде әкелінетін тауардың "а" бөлімінде көрсетілген, АҚШ долларына қайта есептелген кедендік құны көрсетіледі. Қайта есептеу кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.

      Валюталар сыныптауышына сәйкес АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекет валютасына АҚШ долларының бағамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де "(қайта есептеу бағамы____________)" жолағында "б" бөлімінің атауында, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. Көрсетілген жолақ (КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелері) шығарылуы бірнеше өтініштер бойынша тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты, егер мұндай өтініштерді кеден органы әртүрлі күндері тіркесе, толтырылмайды. Осындай тауарларға қатысты АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-дегі "б" бөлімінде әрбір тауарға қатысты әкелінетін тауардың кедендік құны туралы мәліметтерден төменгі жеке жолда, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі. АҚШ долларының әріптік коды және мүше мемлекеттің валютасына АҚШ долларының бағамы туралы мәліметтер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      81. "*" бағаны мынадай тәртіппен толтырылады.

      Бағанда қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2-де бөлу белгісі "/" арқылы, ал электрондық құжат түріндегі КҚД-2-де – КҚД-2 құрылымының тиісті деректемелерінде коммерциялық және өзге де құжаттарда шетелдік валютада көрсетілген 11 – 16-бағандарда көрсетуге жататын шамаларды кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу туралы мәліметтер:

      мәліметтер жататын КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі;

      мәліметтер жататын КҚД-2 бағанының нөмірі;

      валюталар сыныптауышына сәйкес шетелдік валютаның әріптік коды;

      шетелдік валютадағы сома;

      кеден органына тауарларға арналған декларация берілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын), тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінде, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген әкелінетін тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу күнінде қолданылатын мүше мемлекеттің валютасына шетелдік валютаның бағамы көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі КҚД-2 толтыру кезінде әртүрлі әкелінетін тауарларға немесе КҚД-2-нің әртүрлі бағандарына жататын мәліметтер әрбір тауар немесе әрбір баған бойынша жеке жолдармен көрсетіледі.

5. Тауарлардың кедендік құнын 1-әдістің негізінде 6-әдіс бойынша айқындау жағдайында КҚД-2 толтыру тәртібі

      82. 11 – 25-бағандар келесі ерекшеліктер ескеріле отырып, КҚД-1-дің 11 – 25-бағандарын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.

      11-бағанның "а" бөлімінде:

      тауарларды сатып алу-сату шарты болмаған жағдайда – тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу соған сәйкес жүзеге асырылатын шартта көзделген (белгіленген) құн немесе Кодекске сәйкес айқындалған, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған өзге де негіз;

      Кодекстің 40-бабының 3-тармағына сәйкес 1-әдіс қолданылмаған жағдайда – әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға;

      Кодекстің 39-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда – Кодекске сәйкес айқындалған әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған негіз көрсетіледі.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 160 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

КҚД-1 кедендік құн декларациясының НЫСАНЫ

      КҚД-1 нысаны

1 Сатушы

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

2 (а) Сатып алушы

(б) Декларант

3 Жеткізу шарттары

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Декларант Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін, кедендік декларацияда сенімсіз мәліметтер мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде жасанды және (немесе) әдейі сенімсіз (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынғаны үшін жауапты болады.

4 Шоттың (шоттардың) нөмірі және күні

5 Келісімшарттың (шарттың, келісімнің) нөмірі және күні

6

7-9-бағандарда көрсетілген мәліметтерге қатысы бар құжаттардың нөмірі және күні

7

(а) Сатушы мен сатып алушының арасында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 37-бабында көрсетілген мәндегі ӨЗАРА БАЙЛАНЫС бар ма?*

Дұрысын белгілеу Х

□ИӘ

□ЖОҚ

(б) Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға әсер ете ме?

□ИӘ

□ЖОҚ

(в) Әкелінетін тауарлармен мәміленің құны Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 39-бабының 5-тармағында көрсетілген ықтимал тексеру шараларының біріне жақын ба?
 

□ИӘ

□ЖОҚ

8

а) Сатып алушының әкелінетін тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге құқықтарына қатысты ШЕКТЕУЛЕР бар ма, мына шектеулерді қоспағанда:
- әкелінетін тауарлар қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектейді;
- әкелінетін тауарлардың құнына елеулі түрде әсер етеді;
- Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерімен немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген

□ИӘ

□ЖОҚ

(б) Әкелінетін тауарларды сату немесе олардың бағасы әкелінетін тауарлардың бағасына әсер ететін ШАРТТАРДЫ немесе МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ сақтауға тәуелді ме?
Егер осындай шарттар мен міндеттемелердің әкелінетін тауарлардың бағасына әсері сандық жағынан айқындалуы мүмкін болса, мұндай шарттарды немесе міндеттемелерді құндық бағалау сомасы 11-бағанның "б" бөлімінде көрсетіледі

□ИӘ

□ЖОҚ

9

(а) Әкелінетін тауарларға жататын және әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату шарттары ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде жүргізген немесе жүргізуге тиіс ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК объектілерін пайдаланғаны үшін ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ және өзге де ұқсас ТӨЛЕМДЕР көзделген бе?

□ИӘ

□ЖОҚ

(б) Әкелінетін тауарларды КЕЙІННЕН САТУ, оларға өзге де тәсілмен БИЛІК ЕТУ немесе ПАЙДАЛАНУ нәтижесінде алынған КІРІСТІҢ БІР БӨЛІГІ оған сәйкес сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын сату шарттардың сақталуына тәуелді ме?

□ИӘ

□ЖОҚ

* Адамдар мына жағдайларда өзара байланысты болады, егер олар:
(а) бір-бірінің ұйымдарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылады;
(б) заңды түрде танылған іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысқан, пайда алу мақсатында әрекет етеді және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен шығындарды бірлесіп көтереді;
(в) жұмыс беруші және жұмыскер болып табылады;
(г) қандай да бір тұлға тікелей немесе жанама түрде иелік етеді, бақылайды немесе олардың екеуінің де айналысқа шыққан дауыс беретін акцияларының 5 немесе одан да көп пайызын ұстаушы болып табылады;
(д) олардың біреуі екіншісін тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
(е) олардың екеуі үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
(ж) олар бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
(з) туыстар немесе бір отбасы мүшелері болып табылады.
Өзара байланыс фактісі тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін мәміленің құнын тиімсіз деп санауға негіз болып табылмайды (Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 39-бабының 4-тармағы).

10 (а) Қосылған парақтардың саны
(б) КҚД толтырған адам туралы мәліметтер


      1-әдіс КҚД-1 нысаны №парақ

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

тауар

тауар

тауар

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕСЕП АЙЫРУ ҮШІН НЕГІЗ

11

(а) әкелінетін тауарлар үшін ШОТ ВАЛЮТАСЫМЕН іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(қайта есептеу бағамы________________________)
(б) жанама төлемдер (шарттар немесе міндеттемелер)
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(қайта есептеу бағамы________________________)




12

11-бағанның "а" және "б" бөлімдері бойынша жиыны ұлттық валютамен




ҚОСЫМША ЕСЕПТЕУЛЕР 12-бағанға енгізілмеген ұлттық валютадағы шығыстар

13

Сатушы:
(а) әкелінетін тауарларды сатып алғаны үшін сыйақыны қоспағанда, агентке (делдалға), брокерге сыйақыға;
(б) ыдыс пен қаптамаға, оның ішінде қаптау материалдары мен қаптау жөніндегі жұмыстардың құнына жүзеге асыратын шығыстар




14

Әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және сатуға байланысты сатушы іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде тегін немесе төмендетілген баға бойынша тікелей немесе жанама түрде пайдалану үшін ұсынатын, тиісті түрде бөлінген төмендегі тауарлар мен қызметтердің құны:
(а) әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) шикізат, материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар және өзге де тауарлар
(б) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын аспаптар, штамптар, нысандар және өзге де ұқсас тауарлар
(в) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдар
(г) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, эскиздер мен чертеждер




15

Зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер




16

Әкелінетін тауарларды кейіннен сату, оларға өзге де тәсілмен билік ету немесе пайдалану нәтижесінде алынған, сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын кірістің (түсімнің) бір бөлігі




17

Әкелінетін тауарларды дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар




18

Әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және оларды тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстар




19

17 және 18-бағандарда көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстар




20

13-19-бағандар бойынша ұлттық валютадағы жиыны




ШЕГЕРІМДЕР:
12-бағанға енгізілген ұлттық валютадағы шығыстар

21

Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін жүргізілетін құрылыс салуға, тұрғызуға, құрастыруға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық жәрдем көрсетуге жұмсалатын шығыстар




22

Әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағымен тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар




23

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе осындай кедендік аумақта сатуға байланысты төленетін баждардың, салықтардың және алымдардың сомасы




24

21-23-бағандар бойынша ұлттық валютадағы жиыны




25

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны (12+20-24)
(а) ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(б) АҚШ ДОЛЛАРЫМЕН (қайта есептеу бағамы________________________)




*Егер сома шетелдік валютамен төленсе,сома шетелдік валютамен және қайта есептеу бағамы әрбір тауар және баған бойынша көрсетіледі
КҚД-1-дегі тауардың реттік нөмірі және КҚД-1 бағанының нөмірі Валютаның әріптік коды Қайта есептеу бағамы

Қосымша деректер

Күні, қолтаңба, мөр

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 160 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

КҚД-1 кедендік құн декларациясының НЫСАНЫ

      КҚД-2 нысаны

1 Сатушы (жөнелтуші)

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

2 (а) Сатып алушы (алушы)

(б) Декларант

3 Жеткізу шарттары

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Декларант Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 84-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін, кедендік декларацияда сенімсіз мәліметтер мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде жасанды және (немесе) әдейі сенімсіз (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынғаны үшін жауапты болады.

4 Тауарларды жеткізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттың нөмірі және берілген күні

5

4-бағанда көрсетілген құжат бойынша бұрын әкелінген тауарлар бойынша қабылданған (кеден органдары/сот органдары) шешімі бар құжаттың нөмірі және күні
 

6

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны былай айқындалады:
(а) бірдей тауарлармен мәміле құны жөніндегі әдіс бойынша (2-әдіс);
(б) біртекті тауарлармен мәміле құны жөніндегі әдіс бойынша (3-әдіс);
(в) шегеру әдісі бойынша (4-әдіс);
(г) қосу әдісі бойынша (5-әдіс);
(д)* резервтік әдіс бойынша (6-әдіс);
(е) әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша (1-әдіс) әдістің негізінде резервтік әдіс бойынша (6-әдіс);
(ж) әртүрлі (егер әртүрлі тауарлар үшін әртүрлі әдістер пайдаланылса)

Дұрысын белгілеу Х








7

6-бағанда көрсетілген әдістің алдындағы әдістер қолданылмайтын себептер

8

Кедендік құн декларациясы солардың мнегізінде дайындалған құжаттардың атауы, нөмірлері және күні

*ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНІҢ 45-БАБЫНА СӘЙКЕС ӘКЕЛІНЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ ТӨМЕНДЕГІЛЕРДІҢ НЕГІЗІНДЕ 6-ӘДІС БОЙЫНША АЙҚЫНДАЛМАУҒА ТИІС:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы бағалары;
2) кеден мақсаттары үшін баламалы екі құнның ішінен неғұрлым жоғарысын қабылдау көзделетін жүйелер;
3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауар бағалары;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 44-бабына сәйкес бірдей немесе біртекті тауарлар үшін айқындалған есептік құнға енгізілген шығыстардан өзге шығыстар;
5) әкету елінен Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге жеткізілетін тауарлардың бағалары;
6) тауарлардың ең төмен кедендік құны;
7) еркін немесе жалған құн.

9 Қосылған парақтар саны

10 КҚД толтырған адам туралы мәліметтер

      2, 3, 6-әдістер КҚД-2 нысаны № парақ

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

тауар

тауар

тауар

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕСЕП АЙЫРУ ҮШІН НЕГІЗ

11

Бірдей (біртектес) тауарлармен мәміленің ұлттық валютадағы құны







МӘМІЛЕ ҚҰНЫНА ТҮЗЕТУЛЕР*

12

(а) санын түзету
(б) коммерциялық деңгейге түзету
(в) тауарларды _____________________дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар айырмасына түзету
(г) тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және тауарларды тасумен (тасымалдаумен) байланысты өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстардағы айырманы түзету
(д) 12-бағанның "в" және "г" бөлімдерінде көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстардағы айырманы түзету




13

12-баған бойынша ұлттық валютадағы жиыны




14

(а) санын түзету
(б) коммерциялық деңгейге түзету
(в) тауарларды _____________________дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар айырмасына түзету
(г) тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және тауарларды тасумен (тасымалдаумен) байланысты өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстардағы айырманы түзету
(д) 14-бағанның "в" және "г" бөлімдерінде көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстардағы айырманы түзету




15

14-баған бойынша ұлттық валютадағы жиыны




16

Мәміленің түзетулерді (11-13+15) ескергендегі ұлттық валютадағы құны





17

Саны
(а) бірдей (біртекті) тауарлар
(б) әкелінетін тауарлар




18

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны (16 х 17б / 17а) немесе (16)
(а) ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(б) АҚШ ДОЛЛАРЫМЕН (қайта есептеу бағамы________________________)




*Егер сома шетелдік валютамен төленсе,сома шетелдік валютамен және қайта есептеу бағамы әрбір тауар және баған бойынша көрсетіледі
Тауардың реттік нөмірі және КҚД-2 бағанының нөмірі Валютаның әріптік коды, сома Қайта есептеу бағамы

Қосымша деректер

Күні, қолтаңба, мөр

      4, 6-әдістер КҚД-2 нысаны № парақ

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

тауар

тауар

тауар

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕСЕП АЙЫРУ ҮШІН НЕГІЗ

11

Әкелінетін тауарлардың не әкелінетіндермен бірдей немесе әкелінетіндермен біртекті тауарлардың ең көп жиынтық саны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгендей жай-күйде сатылатын тауар бірлігінің бағасы







11-бағанға иенгізілген сомалардың ШЕГЕРІМДЕРІ (тауардың бір бірлігі есебімен)

12

Әдетте агентке (делдалға) төленетін немесе төлеуге жататын сыйақы сомасы, не пайда алу және әдетте жалпы шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстарды) өтеу үшін жүргізілетін бағаға үстемақылар




13

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тасуды (тасымалдауды) және сақтандыруды жүзеге асыруға жұмсалған әдеттегі шығыстардың және осындай операциялармен байланысты өзге де шығыстардың сомасы




14

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер субъектілерінің салықтары мен алымдарын және жергілікті салықтар мен алымдарды қоса алғанда, кеден баждарының, салықтардың, алымдардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында тауарларды әкелумен және (немесе) сатумен байланысты төлеуге жататын өзге де салықтардың сомасы




15

Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған ұлттық валютадағы құн




16

12- 15-бағандар бойынша ұлттық валютадағы жиыны




17

Әкелінетін тауарлардың саны




18

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны (11 – 16) х 17):
(а) ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(б) АҚШ ДОЛЛАРЫМЕН (қайта есептеу бағамы________________________)




Қосымша деректер

Күні, қолтаңба, мөр

      5, 6-әдістер КҚД-2 нысаны № парақ

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

тауар

тауар

тауар

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Материалдар дайындауға немесе сатып алуға жұмсалатын ШЫҒЫСТАР және өндіріске жұмсалатын шығыстар*

11

Материалдар дайындауға немесе сатып алуға жұмсалатын шығыстар және өндіріске жұмсалатын шығыстар, сондай-ақ әкелінетін тауарларды өндірумен байланысты өзге де операциялар
 







12

11-бағанға енгізілген шығыстар
(а) ыдысқа және қаптамаға жұмсалатын шығыстар, оның ішінде қаптау материалдары мен қаптау жұмыстарының құны
(б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы тауарлар мен қызметтерге өндіруші ақы төлейтіндей дәрежеде өндірілген (көрсетілген) жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік безендірудің, дизайнның, эскиздер мен чертеждердің құны
(в) әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және әкелінетін тауарлар солардан өндірілген (тұратын) өзге де тауарлардың құны
(г) әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған аспаптардың, штамптардың, нысандардың және әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған өзге де ұқсас тауарлардың құны
(д) бөлімінде әкелінген тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың құны
(е) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік безендірудің, дизайнның, эскиздер мен чертеждердің құны
(ж) әкелінетін тауарларды өндірумен байланысты өзге де шығыстар




Пайда мен жалпы шығыстар СОМАСЫ*

13

Пайда мен жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы




ӨЗГЕ ДЕ ШЫҒЫСТАР

14

Әкелінетін тауарларды _________________дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар




15

Әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және оларды тасумен (тасымалдаумен) байланысты өзге де операциялар




16

14 және 15-бағандарда көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстар




17

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны (11, 13 – 16 бағандар бойынша жиыны):
(а) ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(б) АҚШ ДОЛЛАРЫМЕН (қайта есептеу бағамы________________________)




*Егер сома шетелдік валютамен төленсе,сома шетелдік валютамен және қайта есептеу бағамы әрбір тауар және баған бойынша көрсетіледі
Тауардың реттік нөмірі және КҚД-2 бағанының нөмірі Валютаның әріптік коды, сома Қайта есептеу бағамы

Қосымша деректер

Күні, қолтаңба, мөр

      1-әдістің негізінде 6-әдіс КҚД-2 нысаны № парақ

КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ ҮШІН

тауар

тауар

тауар

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

ЕСЕП АЙЫРУ ҮШІН НЕГІЗ

11

(а) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ШОТ ВАЛЮТАСЫМЕН
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАДА
(қайта есептеу бағамы____________)
(б) жанама төлемдер (шарттар немесе міндеттемелер)
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАДА
(қайта есептеу бағамы ___________)







12

11-бағанның "а" және "б" бөлімдері бойынша ұлттық валютадағы жиыны




ҚОСЫМША ЕСЕПТЕУЛЕР 12-бағанға енгізілмеген ұлттық валютадағы шығыстар

13

Сатып алушы жүзеге асырған шығыстар:
(а) әкелінетін тауарларды сатып алу үшін сыйақыны қоспағанда, агентке (делдалға), брокерге сыйақы
(б) ыдыс пен қаптамаға, оның ішінде қаптау материалдары мен қаптау жұмыстарының құны




14

Әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және сатуға байланысты сатушы іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшерде тегін немесе төмендетілген баға бойынша тікелей немесе жанама түрде пайдалану үшін ұсынатын, тиісті түрде бөлінген төмендегі тауарлар мен қызметтердің құны:
(а) әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) шикізат, материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар және өзге де тауарлар
(б) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын аспаптар, штамптар, нысандар және өзге де ұқсас тауарлар
(в) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдар
(г) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, эскиздер мен чертеждер




15

Зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер




16

Әкелінетін тауарларды кейіннен сату, оларға өзге де тәсілмен билік ету немесе пайдалану нәтижесінде алынған, сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын кірістің (түсімнің) бір бөлігі




17

Әкелінетін тауарларды дейін тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар




18

Әкелінетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге және оларды тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге де операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығыстар




19

17 және 18-бағандарда көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға жұмсалатын шығыстар




20

13-19-бағандар бойынша ұлттық валютадағы жиыны




ШЕГЕРІМДЕР:
12-бағанға енгізілген ұлттық валютадағы шығыстар

21

Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін жүргізілетін құрылыс салуға, тұрғызуға, құрастыруға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық жәрдем көрсетуге жұмсалатын шығыстар




22

Әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағымен тасуға (тасымалдауға) жұмсалатын шығыстар




23

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе осындай кедендік аумақта сатуға байланысты төленетін баждардың, салықтардың және алымдардың сомасы




24

21-23-бағандар бойынша ұлттық валютадағы жиыны




25

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны (12+20-24)
(а) ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЕН
(б) АҚШ ДОЛЛАРЫМЕН (қайта есептеу бағамы________________________)




*Егер сома шетелдік валютамен төленсе,сома шетелдік валютамен және қайта есептеу бағамы әрбір тауар және баған бойынша көрсетіледі
КҚД-2-дегі тауардың реттік нөмірі және КҚД-2 бағанының нөмірі Валютаның әріптік коды Қайта есептеу бағамы

Қосымша деректер

Күні, қолтаңба, мөр


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады