Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 204 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағында:
а) 42-тармақшаның жиырма тоғызыншы абзацындағы (кестеден кейін) "органдар;" деген сөз мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын: "органдар. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктердің бар екендігін растайтын құжаттың атауының алдында осындай құжатта көрсетілген тауардың реттік нөмірі және бөлу белгісі "/" көрсетіледі;";
б) 45-тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) "(бұдан әрі – төлемдер)" деген сөздердің алдынан "(оның ішінде Кодекске және Одаққа мүше мемлекеттердің (немесе) заңнамасына сәйкес төленуге жататын өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары туралы)" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Өсімпұлдар, пайыздар сомалары туралы мәліметтер ТД негізгі парағында көрсетіледі:
өсімпұлдар мен пайыздар бойынша бөлек;
сомасына өсімпұлдар, пайыздар есептелген төлемнің әрбір түрі бойынша бөлек;
өсімпұлдар, пайыздар есептелетін кезең ішінде төленбеген төлемнің жалпы сомасына есептелген мөлшерде.";
он бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бағанға кеден қоймасы кедендік рәсіміне, кері экспорт кедендік рәсіміне немесе арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу туралы мәліметтер енгізілмейді;";
жиырма үшінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Өсімпұлдар, пайыздар сомалары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде "Есептеу негізі" бағанында өсімпұлдар, пайыздар есептелетін төлем сомасы көрсетіледі.";
Жиырма төртінші абзацтың екінші сөйлеміндегі "пайыздар мен өсімпұлдарды есептеу" деген сөздер "өсімпұлдар, пайыздар сомалары туралы мәліметтерді көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын, "қайта қаржыландыру" деген сөздер "қайта қаржыландыру (негізгі ставка, есептік ставка)" деген сөздермен ауыстырылсын, "пайыздар немесе өсімпұлдар" деген сөздер "өсімпұлдар, пайыздар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін өзгерістердің 2-тармағында (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 ақпандағы № 20 шешіміне қосымша):
а) "а" тармақшасының үшінші абзацының қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
б) "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) 42-тармақшаның жиырма тоғызыншы абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктердің бар екендігін растайтын құжаттың атауы, нөмірі (ол болған кезде), қолданылу күні мен мерзімі (егер қолданылу мерзімі шектелген жағдайда), сондай-ақ алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды. Тарифтік жеңілдікті қолдану тәртібіне сәйкес тарифтік жеңілдік қолданылған жағдайда –Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қызметінің басым түрлеріне (экономика секторларына) сәйкес келетін инвестициялық жобалар тізілімінің 1-бағанында олардың заңнамасына сәйкес көрсетілген инвестициялық жобаның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша өзге де жеңілдіктер қолданылған жағдайда осы жеңілдіктердің болуын растайтын құжаттың атауының алдында осындай құжатта көрсетілген тауардың реттік нөмірі және бөлу "/" белгісі көрсетіледі.".".