Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 ақпандағы № 20 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.11-тармақшасында белгіленген тарифтік жеңілдікті қолдану тәртібін айқындайтын Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен кейін ғана күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 4 ақпандағы
№ 20 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 6-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.11-тармақшасында белгіленген тарифтік жеңілдік (бұдан әрі – тарифтік жеңілдік) қолданылатын тауарлар, егер осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында санамаланған шарттарға қосымша олар технологиялық жабдықтардың, оның жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерінің тізбесінде не Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.11 тармақшасында белгіленген тарифтік жеңлдіктерді қолдану тәртібін (бұдан әрі – Тарифтік жеңілдіктерді қолдану тәртібі) айқындайтын Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес қалыптастырылатын шикізат пен материалдар тізбесінде тауардың бір тіркеу нөмірі болса, ол бір тауар ретінде декларацияланады.".

      2. 15-тармақта:

      а) 29) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Тарифтік жеңілдікті қолдану тәртібіне сәйкес оларға қатысты тарифтік жеңілдіктер қолданылатын тауарлар үшін 12-нөмірмен:

      технологиялық жабдықтар, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектері үшін – Тарифтік жеңілдікті қолдану тәртібіне сәйкес қалыптастырылатын тауардың тіркеу нөмірі;

      шикізат пен материалдар үшін – Тарифтік жеңілдікті қолдану тәртібіне сәйкес қалыптастырылатын тауардың тіркеу нөмірі көрсетіледі;";

      б) 42) тармақшаның жиырма сегізінші абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктердің немесе ерекшеліктердің болуын растайтын құжаттың атауы, нөмірі (ол болған кезде), күні және қолданылу мерзімі (егер қолданылу мерзімі шектелген жағдайда), сондай-ақ алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптамасына сәйкес төлем түрінің коды. Тарифтік жеңілдікті қолдану тәртібіне сәйкес тарифтік жеңілдік қолданылған жағдайда – сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өздерінің заңнамасына сәйкес басым қызмет түрлеріне (экономика секторларына) сәйкес келетін инвестициялық жобалар тізілімінің 1-бағанында көрсетілген инвестициялық жобаның тіркеу нөмірі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады