Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 27 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (эксперимент) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 7 өкімінің 6-тармағының "а" тармақшасының үшінші абзацын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 27 Шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер

      1.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) өткізу шеңберінде бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған кезде экспресс-жүктерге арналған тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктерінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 94 Шешіміне қосымша):

      а) 7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.  "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)" графасы толтырылмайды.";

      б)  мынадай мазмұндағы 81 тармақпен толықтырылсын:

      "81.  "Алдыңғы құжат" графасы мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      Графада:

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес "09035" коды;

      электрондық сауда тауарлары бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ТД);

      алдыңғы ТД-да көрсетілген электрондық сауда тауарының реттік нөмірі;

      негізгі және қосымша өлшем бірліктерінен ерекшеленетін және алдыңғы ТД 31-графасында көрсетілген өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарының саны, осындай өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды;

      электрондық сауда тауарының саны алдыңғы ТД 41-графасында көрсетілген қосымша өлшем бірлігінде, егер алдыңғы ТД 31-графасында негізгі және қосымша өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігі көрсетілмесе, қосымша өлшем бірлігінің шартты белгісі және оның өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес коды;

      негізгі өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарларының брутто массасы (Беларусь Республикасы үшін – нетто массасы), егер алдыңғы ТД 31-графада да, 41-графада да негізгі өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігі көрсетілмесе, негізгі өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да – "–" тире белгісі арқылы көрсетілуге тиіс.";

      в)  11-тармақтың бесінші абзацы ", кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған кезде тауар ТД-да мәлімделген өлшем бірлігіне ұқсас" деген сөздермен толықтырылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде декларациялау жүзеге асырылатын тауарларға қатысты тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру ерекшеліктерінің 11-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 95 Шешіміне қосымша), мынадай редакцияда жазылсын:

      "11.  "Алдыңғы құжат" 11-графасы мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      Графада:

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес "09035" коды;

      электрондық сауда тауарлары бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі;

      тауарларға арналған алдыңғы декларацияда көрсетілген электрондық сауда тауарының реттік нөмірі;

      негізгі және қосымша өлшем бірліктерінен ерекшеленетін және тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 31-графасында көрсетілген өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарының саны, осындай өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды;

      егер тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 31-графасында негізгі және қосымша өлшемдерден басқа өлшем бірлігі көрсетілмесе, тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 41-графасында көрсетілген қосымша өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарының саны, қосымша өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды;

      егер тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 31-графасында да, 41-графасында да негізгі өлшем бірлігінен өзгеше өлшем бірлігі көрсетілмесе, негізгі өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды негізгі өлшем бірлігінде электрондық сауда тауарларының брутто массасы (Беларусь Республикасы үшін – нетто массасы) көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі өтініште, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – "–" тире белгісі арқылы көрсетілуге тиіс.

      Электрондық сауда тауарлары мен тауарларға арналған алдыңғы декларациялардың тіркеу нөмірлері арасындағы байланыстар өтініш құрылымының тиісті деректемелері арасындағы бағынысты байланыстарды айқындау арқылы белгіленеді.".

      _____________

О внесении изменений в некоторые решения Коллегии Евразийской экономической комиссии

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 14 марта 2023 года № 27.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 105 и пунктом 3 статьи 120 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза и в целях реализации абзаца третьего подпункта "а" пункта 6 распоряжения Совета Евразийской экономической комиссии от 5 апреля 2021 г. № 7 "Об отдельных вопросах проведения в государствах – членах Евразийского экономического союза пилотного проекта (эксперимента) в области внешней электронной торговли товарами" Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в решения Коллегии Евразийской экономической комиссии изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу с 1 октября 2023 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 14 марта 2023 г. № 27

ИЗМЕНЕНИЯ,

вносимые в решения Коллегии Евразийской экономической комиссии

      1. В особенностях заполнения декларации на товары для экспресс-грузов при помещении под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления товаров электронной торговли, ранее помещенных под таможенную процедуру таможенного склада, в рамках проведения в государствах – членах Евразийского экономического союза пилотного проекта (эксперимента) в области внешней электронной торговли товарами (приложение к Решению Коллегии Евразийской экономической комиссии от 3 августа 2021 г. № 94):

      а) пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Графа "Отправитель (по общей накладной)" не заполняется.";

      б) дополнить пунктом 81 следующего содержания:

      "81. Графа "Предшествующий документ" заполняется с учетом следующих особенностей.

      В графе указываются:

      код "09035" в соответствии с классификатором видов документов и сведений;

      регистрационный номер декларации на товары (далее – ДТ), в соответствии с которой товары электронной торговли ранее были помещены под таможенную процедуру таможенного склада;

      порядковый номер товара электронной торговли, указанный в предшествующей ДТ;

      количество товара электронной торговли в единице измерения, отличной от основной и дополнительной единиц измерения и указанной в графе 31 предшествующей ДТ, условное обозначение такой единицы измерения и ее код в соответствии с классификатором единиц измерения;

      количество товара электронной торговли в дополнительной единице измерения, указанной в графе 41 предшествующей ДТ, если в графе 31 предшествующей ДТ не указана единица измерения, отличная от основной и дополнительной, условное обозначение дополнительной единицы измерения и ее код в соответствии с классификатором единиц измерения;

      масса брутто (для Республики Беларусь – масса нетто) товаров электронной торговли в основной единице измерения, если ни в графе 31, ни в графе 41 предшествующей ДТ не указана единица измерения, отличная от основной, условное обозначение основной единицы измерения и ее код в соответствии с классификатором единиц измерения.

      Данные сведения подлежат указанию в ДТЭГ в виде электронного документа в соответствующих реквизитах структуры ДТЭГ, а в ДТЭГ в виде документа на бумажном носителе – через знак тире "–".";

      в) абзац пятый пункта 11 дополнить словами ", идентичной единице измерения, в соответствии с которой товар был заявлен в ДТ при помещении под таможенную процедуру таможенного склада".

      2. Пункт 11 особенностей заполнения заявления о выпуске товаров до подачи декларации на товары в отношении товаров, декларирование которых осуществляется в рамках проведения в государствах – членах Евразийского экономического союза пилотного проекта (эксперимента) в области внешней электронной торговли товарами (приложение к Решению Коллегии Евразийской экономической комиссии от 3 августа 2021 г. № 95), изложить в следующей редакции:

      "11. Графа 11 "Предшествующий документ" заполняется с учетом следующих особенностей.

      В графе указываются:

      код "09035" в соответствии с классификатором видов документов и сведений;

      регистрационный номер декларации на товары, в соответствии с которой товары электронной торговли ранее были помещены под таможенную процедуру таможенного склада;

      порядковый номер товара электронной торговли, указанный в предшествующей декларации на товары;

      количество товара электронной торговли в единице измерения, отличной от основной и дополнительной единиц измерения и указанной в графе 31 предшествующей декларации на товары, условное обозначение такой единицы измерения и ее код в соответствии с классификатором единиц измерения;

      количество товара электронной торговли в дополнительной единице измерения, указанной в графе 41 предшествующей декларации на товары, если в графе 31 предшествующей декларации на товары не указана единица измерения, отличная от основной и дополнительной, условное обозначение дополнительной единицы измерения и ее код в соответствии с классификатором единиц измерения;

      масса брутто (для Республики Беларусь – масса нетто) товаров электронной торговли в основной единице измерения, если ни в графе 31, ни в графе 41 предшествующей декларации на товары не указана единица измерения, отличная от основной, условное обозначение основной единицы измерения и ее код в соответствии с классификатором единиц измерения.

      Данные сведения подлежат указанию в заявлении в виде электронного документа в соответствующих реквизитах структуры заявления, а в заявлении в виде документа на бумажном носителе – через знак тире "–".

      Связи между товарами электронной торговли и регистрационными номерами предшествующих деклараций на товары устанавливаются посредством определения подчиненных связей между соответствующими реквизитами структуры заявления.".