Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (эксперимент) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 7 өкімінің 6-тармағының "а" тармақшасының үшінші абзацын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 27 Шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) өткізу шеңберінде бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған кезде экспресс-жүктерге арналған тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктерінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 94 Шешіміне қосымша):
а) 7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Жөнелтуші (жалпы жүкқұжат бойынша)" графасы толтырылмайды.";
б) мынадай мазмұндағы 81 тармақпен толықтырылсын:
"81. "Алдыңғы құжат" графасы мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.
Графада:
құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес "09035" коды;
электрондық сауда тауарлары бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ТД);
алдыңғы ТД-да көрсетілген электрондық сауда тауарының реттік нөмірі;
негізгі және қосымша өлшем бірліктерінен ерекшеленетін және алдыңғы ТД 31-графасында көрсетілген өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарының саны, осындай өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды;
электрондық сауда тауарының саны алдыңғы ТД 41-графасында көрсетілген қосымша өлшем бірлігінде, егер алдыңғы ТД 31-графасында негізгі және қосымша өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігі көрсетілмесе, қосымша өлшем бірлігінің шартты белгісі және оның өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес коды;
негізгі өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарларының брутто массасы (Беларусь Республикасы үшін – нетто массасы), егер алдыңғы ТД 31-графада да, 41-графада да негізгі өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігі көрсетілмесе, негізгі өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды көрсетіледі.
Бұл мәліметтер ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да – "–" тире белгісі арқылы көрсетілуге тиіс.";
в) 11-тармақтың бесінші абзацы ", кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған кезде тауар ТД-да мәлімделген өлшем бірлігіне ұқсас" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде декларациялау жүзеге асырылатын тауарларға қатысты тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру ерекшеліктерінің 11-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 95 Шешіміне қосымша), мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Алдыңғы құжат" 11-графасы мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.
Графада:
құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес "09035" коды;
электрондық сауда тауарлары бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі;
тауарларға арналған алдыңғы декларацияда көрсетілген электрондық сауда тауарының реттік нөмірі;
негізгі және қосымша өлшем бірліктерінен ерекшеленетін және тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 31-графасында көрсетілген өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарының саны, осындай өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды;
егер тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 31-графасында негізгі және қосымша өлшемдерден басқа өлшем бірлігі көрсетілмесе, тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 41-графасында көрсетілген қосымша өлшем бірлігіндегі электрондық сауда тауарының саны, қосымша өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды;
егер тауарларға арналған алдыңғы декларацияның 31-графасында да, 41-графасында да негізгі өлшем бірлігінен өзгеше өлшем бірлігі көрсетілмесе, негізгі өлшем бірлігінің шартты белгісі және өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес оның коды негізгі өлшем бірлігінде электрондық сауда тауарларының брутто массасы (Беларусь Республикасы үшін – нетто массасы) көрсетіледі.
Бұл мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түріндегі өтініште, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – "–" тире белгісі арқылы көрсетілуге тиіс.
Электрондық сауда тауарлары мен тауарларға арналған алдыңғы декларациялардың тіркеу нөмірлері арасындағы байланыстар өтініш құрылымының тиісті деректемелері арасындағы бағынысты байланыстарды айқындау арқылы белгіленеді.".
_____________