Еуразиялық экономикалық одағының кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 17-тармағына, 105-бабының 2 және 5-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пысықтау қажеттілігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 146-шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы "Транзиттік декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту туралы, сондай-ақ Кеден одағының комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" № 73-шешімінің 6-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы "Транзиттік декларацияның құрылымы мен форматы және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 74-шешімінің 4-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы "Тауарларға арналған декларацияның құрылымы мен форматы және тауарларға арналған декларацияны түзету және Кеден одағы комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 75-шешімінің 5-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы "кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" № 76-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" № 77-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 20 маусымдағы "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" № 82-шешімінің 2 тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 5 шілдедегі "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" № 88-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазан" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" № 107-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазан" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" № 115-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" № 116-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" № 117-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына темір жол көлігімен әкелуге болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы" № 118-шешімінің 2-тармағындағы "2023 жылғы 1 қазаннан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуірден бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы "Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378-шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 124-тармағының екінші абзацындағы "2023 жылғы 1 қазан" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 28 тамыздағы "Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378-шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 132-тармағының екінші абзацындағы "2023 жылғы 1 қазан" деген сөздер "2024 жылғы 1 сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын.