Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 қазаннан ерте емес күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 05 шілдедегі № 88 шешіміне ҚОСЫМША |
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақ бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кодекстің 246-бабының 2-тармағына сәйкес мәлімделген бажсыз сауда кедендік рәсімін қолдану аяқталған кезде – осы Тәртіптің 4123-тармағында көрсетілген тауарлар.".
2. 15-тармақтың 42-тармақшасында:
қырық бірінші абзац (кестеден кейін) алып тасталсын;
қырық үшінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Кодекстің 157-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлардың мәлімделген сақтау мерзімі (ХХ.ХХ.ХХХХ – күні, айы, жылы), ал жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарларға қатысты – Кодекстің 157-бабының 3-тармағының екінші абзацына сәйкес өзге мерзім;
қызмет өңірінде тауарлар кеден қоймасында не Кодекстің 155-бабының 4-тармағында көзделген жайдайларда кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедер органдары сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (Ресей Федерациясында кедендік декларациялау кезінде көрсетіледі);
заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуді растайтын құжаттың нөмірі (заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы куәліктің нөмірі) немесе заңды тұлғаның кеден қоймалары иелерінің тізбесіндегі тіркеу нөмірі немесе заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы мәліметтің тіркеу нөмірі;
тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға рұқсат ететін құжаттың нөмірі мен күні, ал егер Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылау аймақтарын есепке алу жүргізілетін жағдайда – Кодекстің 155-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды сақтау жүзеге асырылатын кедендік бақылау аймағының нөмірі (кедендік бақылау аймағының тіркеу нөмірі);
тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыру кезінде – заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізбесіне енгізуді растайтын құжаттың нөмірі (заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізбесіне енгізу туралы куәліктің нөмірі) немесе заңды тұлғаныың бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізбесіндегі тіркеу нөмірі немесе заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізбесіне енгізу туралы мәліметтің тіркеу нөмірі.".
3. Мынадай мазмұндағы X6 бөліммен толықтырылсын:
"X6. Кодекстің 246-бабының 2-тармағына сәйкес мәлімделген бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде ТД толтыру ерекшеліктері
4123. Кодекстің 246-бабының 2-тармағына сәйкес мәлімделген бажсыз сауда кедендік рәсімін қолдану аяқталған кезде осы бөлімнің мақсаттары үшін бажсыз сауда кедендік рәсімінің декларанты бір бажсыз сауда дүкенінде Одаққа мүше бір мемлекеттен Одаққа мүше басқа мемлекетке кететін жеке тұлғаларға және Одаққа мүше басқа мемлекеттен Одаққа мүше бір мемлекетке кететін жеке тұлғаларға өткізген бір немесе одан көп шарттар (келісімшарттар) бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын бір тауар партиясы ретінде қарастырылады.
4124. Осы Тәртіптің 4123-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант ТД 11, 22, 23 және 42-графаларды толтырмайды, ал ТД 8-графасында ТД 14-графасынан алынған мәліметтер көрсетіледі.
ТД өзге графалары осы Тәртіптің II бөліміне сәйкес толтырылады.".