Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 107 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін.

      а) 6-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тауарлар кедендік рәсімге орналастырылатын Одаққа мүше мемлекеттің зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кеден тізіліміне (бұдан әрі – зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізілімі) және (немесе) Одаққа мүше мемлекеттің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлар көрсетілген тізілімге (тізілімдерде) енгізілген зияткерлік меншік объектілерін қамтымайтын тауарлардан бөлек декларацияланады.";

      б) 15-тармақта:

      29-тармақшаның жетінші абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізіліміне және (немесе) Одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кеден тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды декларациялау кезінде зияткерлік меншік объектісінің осы тізілімге (тізілімдерге) сәйкес тіркеу нөмірі (нөмірлері) қосымша көрсетіледі (бар болған жағдайда). Электронды құжат түрінде ТД беру кезінде бірнеше тіркеу нөмірлерін көрсету ТД құрылымының тиісті деректемелерін толтыру арқылы, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде ТД беру кезінде үтір арқылы жүзеге асырылады.";

      31-тармақшаның жетінші абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:

      "зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтердің сыныптауышына сәйкес код;".

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 қазаннан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады