1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент жүргізу туралы" 2022 жылғы 17 қазандағы № 29 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
"а" тармақшасындағы "6 ай ішінде" деген сөздер "2023 жылдың соңына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесін 2023 жылғы II тоқсандағы эксперименттің барысы туралы хабардар етсін";
мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
"11. Ресей Федерациясының Үкіметінен осы өкімді іске асыру шеңберінде қабылданған актілердің қолданылу мерзімін ұзартуды сұрасын.".
2. Осы өкім ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук