Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 29 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 14 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент жүргізу туралы" 2022 жылғы 17 қазандағы № 29 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      өкіміне

      "а" тармақшасындағы "6 ай ішінде" деген сөздер "2023 жылдың соңына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "в) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесін 2023 жылғы II тоқсандағы эксперименттің барысы туралы хабардар етсін";

      мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:

      "11.  Ресей Федерациясының Үкіметінен осы өкімді іске асыру шеңберінде қабылданған актілердің қолданылу мерзімін ұзартуды сұрасын.".

      2.  Осы өкім ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады