Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдануды тестілеу, Беларусь Республикасында экспорттау кедендік рәсімімен орналастырылған ағаш материалдары мен ағаш өңдеу өнімдерінің Ресей Федерациясының аумағы арқылы қозғалысын бақылау, сондай-ақ мұндай тауарлардың Ресей Федерациясының аумағынан кетуін қамтамасыз ету мақсатында:
1. Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі мен Ресей Федерациясының Үкіметінен:
а) Беларусь Республикасында экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, Ресей Федерациясының аумағы арқылы өткізілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін ағаш материалдары мен ағаш өңдеу өнімдеріне қатысты навигациялық пломбаларды қолдану бойынша экспериментті (бұдан әрі – эксперимент) 6 ай ішінде жүргізуді қамтамасыз ету;
б) эксперимент жүргізуді ұйымдастыратын уәкілетті органдарды (ұйымдарды) айқындау және оларға жүргізудің тәртібі мен шарттарын белгілеуді тапсыру;
в) Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесін 2023 жылғы II тоқсанда эксперимент нәтижелері туралы хабардар ету сұралсын.
2. Осы өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук