"Еуразиялық агроэкспресс" ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлігін жеделдетіп, темір жолмен және мультимодальдық тасымалдауды жүзеге асыру жөнінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірлескен жобасын (бұдан әрі – бірлескен жоба) іске асыру барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасы назарға алынсын.
1. Түрікменстан, Иран Ислам Республикасы, Араб Бірлескен Әмірлігі және Индия Республикасы бағытында "Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі бойынша жүзеге асырылатын бірлескен тасымалдар жобасына енгізу жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынысына қолдау білдірілсін.
2. Бірлескен жоба шеңберінде тасымалдарды жүзеге асыру кезінде азия бағытында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлігін тұрақты экспорттық жеткізуді дамыту мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Қытай Халық Республикасымен шектеу шараларын жою және кеден және өзге де әкімшілік кедергілерді оңтайландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізу мәселесін әзірлесін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия 20024 жылғы І тоқсанда бірлескен жобаны және осы өкімді іске асыру барысы туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске баяндасын.
4. Осы өкім ол қабылданған күннен бастап, күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республика |
Қазақстан Республика |
Қырғыз Республика |
Ресей Федерация |