Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына, сондай-ақ оларға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді аккумуляторлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 10 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8507 20 800 1 субпозициясының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – тартымдық аккумуляторлары".

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭК СЭҚ ТН 8507 20 800 1 коды бар позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – тартымдық аккумуляторлары".

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін және аккумуляторлардың жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшерлерін қолданатын тауарлардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

О внесении изменения в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза, а также в перечень чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, в отношении отдельных видов аккумуляторов

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 20 февраля 2024 года № 10.

      В соответствии со статьей 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и статьей 19 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Наименование подсубпозиции 8507 20 800 1 единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза, утвержденной Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, изложить в следующей редакции:

      "– – – тяговые аккумуляторы".

      2. В перечне чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, утвержденном Решением Высшего Евразийского экономического совета от 8 мая 2015 г. № 16, наименование позиции с кодом 8507 20 800 1 ТН ВЭД ЕАЭС изложить в следующей редакции:

      "– – – тяговые аккумуляторы".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу решения Совета Евразийской экономической комиссии о внесении изменения в перечень товаров, в отношении которых Республикой Казахстан в соответствии с обязательствами, принятыми в качестве условия присоединения к Всемирной торговой организации, применяются ставки ввозных таможенных пошлин, более низкие по сравнению со ставками пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, и размеров таких ставок пошлин в отношении отдельных видов аккумуляторов.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Б. Сагинтаев