Жапырақ тұқымдас қатты ағаштан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 18 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 4703 29 000 1 кодымен жіктелетін жапырақ тұқымдас қатты ағаштан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты кедендік құнының 2,5 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 4703 29 000 1 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың "16С)" бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге сілтеме алынып тасталсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне 16С- ескертпе күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Об установлении ставки ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении отдельных видов целлюлозы древесной полубеленой или беленой из лиственных пород

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 13 марта 2024 года № 18

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Установить ставку ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, в отношении отдельных видов целлюлозы древесной полубеленой или беленой из лиственных пород, классифицируемых кодом 4703 29 000 1 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 2,5 процента от таможенной стоимости.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, следующие изменения:

      а) в позиции с кодом 4703 29 000 1 ТН ВЭД ЕАЭС ссылку на примечание к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза "16С)" исключить;

      б) примечание 16С к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза признать утратившим силу.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Б. Сагинтаев