2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 4703 29 000 1 кодымен жіктелетін жапырақ тұқымдас қатты ағаштан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты кедендік құнының 2,5 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 4703 29 000 1 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың "16С)" бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге сілтеме алынып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне 16С- ескертпе күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |