Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 4 және 7-тармақтарына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 3 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 89 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-кестенің "RU" бөлімінде "RU7020103" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"RU7020104 | Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары". |
2. II бөлімде:
а) 3-бағандағы 5-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕК 049-2024 (ред. 1)";
б) 3-бағандағы 22-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 64 шешімімен сыныптауыштың жекелеген позицияларына өзгерістер енгізілді, позиция алынып тасталды;
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 89 шешімімен сыныптауыштың жекелеген позицияларына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жаңа позициялар енгізілді".
3. 5-кестеде:
а) 1.2-позицияда 3-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "орыс тілінде сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады";
б) 1.3.3.3.3 позициясы және 1.3.3.3.3 позициясының тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1.3.3.3.3 Белгілі бір түрдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің аймағымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* | |
*.1 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының коды |
қалыпқа келтірілген таңбалар жолы. | бірізді кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады | 0..1 | |
*.2 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының атауы |
таңбалар жолы | орыс тілінде сөзтіркесі түрінде қалыптасады | 0..1 | |
*.3 Анықтамалықтың (жіктеуіштің) жазбасы туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 | |
*.3.1. Қолданыстың басталу күні | YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді | 1 | |
*.3.2. Әрекеттің басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 | |
*3.2.1. Акт түрінің коды |
Қалыпқа келтірілген таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгіленуі | 1 | |
*3.2.2. Акт нөмірі |
Таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 | |
*3.2.3. Акт күні | YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес келетін күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 | |
*.3.3. Қолданыстың аяқталу күні | YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес келетін күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді | 0..1 | |
*.3.4. Әрекеттің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады | енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 | |
*.3.4.1. Акт түрінің коды |
Қалыпқа келтірілген таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгіленуі | 1 | |
*.3.4.2. Акт нөмірі |
таңбалар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 | |
*3.4.3. Дата акта | YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес келетін күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
".